Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M11101 Туризм в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми-педагогикалық бағыттағы бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау, сондай-ақ олардың білім беру және туристік индустрия саласындағы практикалық қызметін іске асыру мақсатында ғылым мен білімді интеграциялау негізінде магистранттардың жеке және кәсіби қасиеттерін, қажетті жобалық, ғылыми-зерттеу, коммуникативтік, ұйымдастырушылық-басқарушылық, сыни-сараптамалық, педагогикалық құзыреттерін қалыптастыру және дамыту.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M147 Туризм
  • Білім беру саласы 7M11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 7M111 Қызмет көрсету саласы

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Басқаларды оқыту және барлық кәсіби қызмет барысында туризм саласындағы өз білімдерін жетілдіру.
  • Туристік ағындарға талдау жүргізу мақсатында әлемдік туризмнің тұрақты дамуын бағалау әдістерін анықтау дағдыларын көрсету.
  • Өзінің кәсіби қызметінде және жазбаша және ауызша қарым-қатынаста шет тілі білімін пайдалану және кеңейту.
  • Маркетингтік зерттеулерді жүргізуге қабілетті және дайын болу, практикалық іс-әрекет барысында туындайтын мәселенің ғылыми компонентін анықтай білу және оларды жеңудің оңтайлы нұсқасын таңдаумен байланысты шешімдер қабылдау.
  • Туристік саладағы қоғам дамуындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделе білу, өзінің ғылыми-практикалық қызметін бағалау және жобалау.
  • Нарықтың негізгі заңдарын, туристік бизнесті стратегиялық жоспарлау әдістерін және инвестициялық жобаларды талдауды білу, сонымен қатар жобаларды ұсынуда ғылыми нәтижелерді көрсету дағдылары
  • Коммуникативтік мәдениет пен көшбасшылық қасиеттерді қолдана отырып, командада жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
  • Туризм саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі саласында ақпараттық технологиялар мен ақпаратты басқару дағдыларын қолдану.
  • Кәсіпорынның эскурциялық-туристік қызметіне жан-жақты талдау жасай білу, практикалық қызметте қолдану үшін оның трансұлттық сипатын ескере отырып, Халықаралық туристік индустрияның даму тенденцияларын анықтау.
Top