Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04108 Бағалау в Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Активтер мен жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізу әдістерін білу және меңгеру, бағалау қызметіне қолданылатын тиімділік критерийлерін басқару және реттеу әдістерін, ұйымдастыру құрылымын білу, бағалау қызметінде көрсетілетін қызметтерді игеруге қабілетті болу
  • Математикалық талдау мен статистиканың негізгі түсініктерін біледі, қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешеді, өзара байланысты зерттеудің корреляциялық - регрессиялық әдісін қолданады. Кәсіпорынның негізгі қорларының жіктелуін, жинақтауын білу және оларды пайдалану тиімділігін талдай білу, есептеу-жобалау жұмыстарын орындай білу және техникалық құжаттама мен әдістеме-лік материалдарды, негізгі қорларды құру және жаңғырту бойынша ұсыныстар мен іс-шараларды жасай білу
  • Кәсіпкерлік идеялар банкін қалыптастыра білу, бизнес-жоспар құру кәсіпкерлік құрылым құру және оның қызметін ұйымдастыру.
  • Әртүрлі тарихи кезеңдерде және қазіргі кезеңде Қазақстан дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күштерін білетіндігін және түсінетіндігін көрсетеді, Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму мақсаттарын біледі, өткенді және қазіргі заманды сыни тұрғыдан пайымдай алады; қоршаған шындықты философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық ғылымдар тұрғысынан бағалайды және әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан оқиғаларға өз бағасын дәлелдеп береді; игерілген білімді өзгеріп жатқан әлеуметтік-мәдени жағдайларда тиімді әлеуметтендіру және бейімдеу үшін қолданады; Төтенше жағдайлар кезінде физикалық және экологиялық мәдениеттің, қауіпсіздікті және қорғауды қамтамасыз етудің әдістері мен құралдарын қолданады
  • Тілдік сауаттылықты көрсетеді, қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандағы коммуникацияларды жүзеге асырады, академиялық жазудағы коммуникативтік іскерлік пен дағдыларды меңгереді; жалпыадамзаттық мораль, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары, Қазақстандық патриотизм және әлеуметтік жауапкершілік негізінде азаматтық ұстанымды, толеранттылық пен диалогқа уәждемені көрсетеді, құқықтық сана-сезімді, экономикалық сананы көрсетеді. Академиялық адалдық мәдениеті
  • АКТ әртүрлі түрлерін пайдалану: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша желілік және мобильді сервистер
  • Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасы-ның негіздерін білу , кәсіби пәндерді оқыту үшін қажетті базалық білімі болуы, ақпаратты жалпылау, талдау, қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдау қабі-леті болуы: бағалау қызметі саласындағы мәселелерді шешу және аргументтерді тұжырымдай алады
  • Техникалық-экономикалық талдау жүргізу әдістерін меңгеру, бағалау саласында қабылданатын және іске асырылатын шешімдерді негіздеуге қабілетті, алынған нәтижелерді практикада қолдану
  • Бағалау стандарттарын меңгеруге қабілетті болу, жылжымайтын мүлік нарығы мен ипотекалық кредит берудің даму үрдістерін білу
  • Табиғи ресурстарды, энергия мен материалдарды үнемді және қауіпсіз пайдалану дағдыларын қолдану
  • Тәуекелдерді жіктеуге қатысты білімді көрсету, жобаларды іске асыру және ұйымның бизнес-процестерінің жұмыс істеуі барысында тәуекелдерді анықтау, талдау және басқару .
Top