Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04105 Менеджмент в Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Басқарушылық мәселелерді шешуде жинақталған білімін сыни түрде талдай білуге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау, ғылыми-зерттеу және кәсіби-педагогикалық жұмыстың дағдысына ие, динамикалық түрде өзгеретін әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік қызмет жағдайына бейімделу
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Халықаралық бизнес пен кәсіпкерлікті ұйымдастыру және басқару саласындағы басқару дағдыларын меңгереді, компанияның халықаралық қызмет стратегияларын әзірлеуге және оңтайландыруға, сыртқы нарыққа шығу жолын оңтайландыруға қабілетті
  • Компанияның бизнес үдерістерін, оның ішінде цифрлық трансформация жағдайында басқару дағдылары мен қабілетін көрсетеді
  • Ғылыми зерттеудің құрылымын, кезеңдері мен әдістерін, педагогикалық іс-әрекет пен басқарудың психологиялық негіздері мен заңдылықтарын біледі
  • Ұйымдастыру өзгерістерінің мақсатты стратегиялық бағдарламасын әзірлеуде ұйымдық қайта құру және бизнес-трансформациялау механизмдерін қолданады
  • Академиялық жазудың білімі мен дағдысына ие, эконометриялық үлгілерді әзірлеп, таныстырады
  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша түрдегі әлеуметтік қарым-қатынас, тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас дағдыларына ие
  • Отандық және шетелдік ұйымдардағы адами капиталды басқарудың ерекшеліктерін зерттеу негізінде адами капиталды басқарудың стратегиялық мәселелерін талдау және диагностикалау дағдылары бар, адами капиталды стратегиялық басқарудың тиімді тәсілдерін өз бетінше анықтайды.
  • Отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибенің ең соңғы жетістіктеріне негізделген, өз заманының стратегиялық менеджменті мен Қазақстан экономикасының келешектегі дамуы мәселелерінде өзінің жеке позициясын сенімді түрде дәлелдейтін өз пікірлерін, тұжырымдары мен идеяларын қалыптастыра алады
  • Стратегиялық менеджмент саласындағы ғылыми, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде өз бетінше интеграциялануға, жүйелеуге, білімді жаңартуға және оны кәсіби деңгейде қолдана алады
  • Компаниялардың корпоративтік стратегияларын және бизнес стратегияларын жоспарлау, қалыптастыру және талдауды жүзеге асырады, әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдарды ескере отырып, озық білімдерді пайдалану және пікір қалыптастыру негізінде осы үдерістерді бақылайды
  • Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті, оның ішінде сыни ойлау технологияларын пайдалана отырып ұйымдастыруды, жоспарлауды, жүзеге асыруды және талдауды біледі
  • Компания қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында корпоративтік басқару тетіктері мен құралдарын, әртүрлі институционалдық инновацияларды тиісті түрде қолдануға, құзыреттілік пен іскерлік қарым-қатынасты басқаруға қабілетті
Top