Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04105 Менеджмент в Мирас

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Кең іргелі білімі бар, бастамашыл, еңбек нарығының және қазіргі заманғы технологиялардың өзгермелі талаптарына бейімделген, HR-менеджментті тиімді меңгерген, оқиғалар мен процестерді талдауға, бағалауға қабілетті, сандық талдау мен модельдеудің, теориялық және эксперименттік зерттеудің негізгі әдістерін меңгерген, стратегиялық басқару, жоспарлау, дағдарысқа қарсы және басқарушылық талдау саласында оқыту әдістемесін таңдай алатын мамандарды даярлау болып табылады
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби салада және көптілді ортада тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша нысандағы іскерлік және ғылыми коммуникацияларды қалыптастыруға қабілетті
  • Компанияның экономикалық және өндірістік қызметін басқарудың және салық салудың заманауи әдістерін меңгеруге, рентабельділікті барынша арттыру үшін активтер мен ресурстарды тиімді басқаруды жүзеге асыруға қабілетті
  • Дағдарысқа қарсы менеджмент шеңберінде ұтымды пайдалануға, оңтайландыруға, сондай-ақ барлық тәуекелдерді ескере отырып, кәсіпорынның экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру дағдыларын меңгере алады
  • Халықаралық кәсіби ортаға интеграциялануға және кәсіби шет тілін мәдениетаралық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға қабілетті
  • Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімдерін көрсетеді; ғылым философиясының ұғымдық аппаратын, логикалық талдау әдістері мен тәсілдерін меңгерген
  • Кәсіби-педагогикалық мәдениет негіздерін, басқару психологиясын және ғылыми-педагогикалық қызметті табысты жүзеге асыру және өзін-өзі жетілдіру үшін экономикалық пәндерді оқыту әдістемесін меңгерген
  • Жоғары мектеп дидактикасының негіздерін базалық білімдерді, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін, сондай-ақ жоғары мектепте сабақ өткізу дағдыларын меңгерген
  • Адами ресурстарды басқару саясатын қалыптастыруға, микро - және макроэкономикалық ортадағы инновациялар мен өзгерістерді басқаруды жүзеге асыруға қабілетті
  • Білім беру сапасын басқару құзыреттілігі негізінде кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында тиімді шешімдерді қабылдауда, бағалауда және талдауда басқару психологиясының жүйелі білімін қолданады
  • Экономиканың басым салаларындағы талдау мен болжамдау ерекшелігін ескере отырып, өнімді әзірлеу және ілгерілету мақсатында стратегиялық менеджментті қалыптастыруға және тиімді бизнес стратегияны құруға қабілетті
  • Зерттеу және жобалау жұмыстарын, оның ішінде пәнаралық жұмыстарды тұтас жүйелі ғылыми, философиялық, логикалық талдау және әдіснамалық әлеует негізінде жүзеге асыруға қабілетті, өзінің кәсіби, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметін жобалауға және жүзеге асыруға, өзінің одан әрі кәсіби дамуын жоспарлауға қабілетті
Top