Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01450 Кәсіптік оқыту в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі практикалық қызметте кәсіби-педагогикалық, психологиялық және арнайы білімдерін қолдана білу.
  • Белгісіздік жағдайда зерттеушілік, кәсіпкерлік жұмыс дағдыларын қолдану.
  • Білім алушылардың мінез-құлқын басқару, олардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру, тәрбие жұмысының әдістемесі мен қазіргі заманғы тәрбие тұжырымдамалары негізінде, білім алушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыру.
  • Технологиялық үдерістерді жобалау, модельдеу еңбекті ғылыми ұйымдастырылуын ескере отырып, шығармашылық және дизайн қабілеттерін көрсету.
  • Арнайы техника мен өңдеу технологиялары негізінде тоқыма және конструкциялық материалдар, өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз ете отырып, шығармашылық қызметті жүзеге асыруды меңгеру.
  • Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау, академиялық адалдық пен әдептілік қағидаттарын түсіну.
  • Бітірушінің жалпы кәсіптік және арнайы даярлығының сапасын қамтамасыз ететін базалық, бейіндік және арнайы пәндерді оқытудың заманауи әдістерін меңгеру, оқыту мазмұнына сәйкес бағалау құралдарын әзірлеу.
  • Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, педагогикалық қызметте өзін-өзі тану және өзін-өзі жүзеге асыру процесін басқару.
  • Дуалды, инклюзивті және кәсіптік-техникалық оқыту жүйесіндегі кәсіби қызмет үшін қажетті ұйымдастырушылық-басқарушылық және арнайы шеберлікті меңгеру.
  • Жастарды кәсіби даярлау жүйесінде заманауи инновациялық технологиялар мен педагогикалық коммуникация құралдарын (оқыту мен тәрбиелеудің нысандары, әдістері мен құралдары) меңгеру.
  • Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және арнайы-технологиялық дамуды, мәліметтерді математикалық өңдеу, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін меңгеру.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болу.
Top