Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01405 Дене шынықтыру және спорт в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Зерделенген спорт түрлерінің арнайы және техникалық дайындық нормаларын, оқу-тәрбиелік, кәсіптік, әдістемелік дайындық және ұйымдастырушылық қызметке қойылатын талаптарды орындайды.
  • Одан әрі тұлғалық және кәсіби өсу, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу және педагогикалық қызметте кәсіби міндеттерді шешу үшін білім берудегі және басқа салалардағы классикалық және инновациялық идеялар туралы білімдерді біріктіреді.
  • Педагогика және психология саласындағы озық білімдерін, педагогикалық технологияларды, сындарлы оқыту әдістері, критериалды бағалау технологиялары, білім берудегі инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалануға шығармашылық көзқарасты қолданады.
  • Оқу-тәрбиелік процесі және әлеуметтік ортаның стандартты және стандартты емес жағдайларында тілдік сауаттылықты, педагогикалық дизайн жасау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
  • Дене шынықтыру және спорт сабақтары, іс-шаралары мен жарыстарын өткізу кезінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қауіпсіз орта құру бойынша теориялық білімді, зерттелген спорт түрлерін оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша практикалық біліктер мен дағдыларды қолданады.
  • Білім берудегі және арнайы саладағы ұйымдастырушылық қабілеттер мен менеджмент дағдыларын көрсетеді.
  • Спорттағы, білім беру саласындағы және жалпы қоғамдағы этикалық және кәсіби нормаларды және академиялық адалдық мәдениетін сақтайды.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істеуде білім, білік және дағдыларды қолданады.
  • Таңдалған спорт түрінен ұйымдастырушының, жаттықтырушының, төрешінің практикалық дағдыларын көрсетеді.
  • Жаңа ғылыми-зерттеу деректеріне сүйене отырып, оқытуда цифрлық және интерактивті технологияларды, ақпаратты зерттеу, іздеу, жинау және талдау әдістерін пайдаланады.
  • Бұлшықет қызметінің физиологиясы, дене жаттығуларының биомеханикасы, организмдегі биохимиялық өзгерістер, оқу сабақтарын, арнайы дене жаттығуларының сауықтыру, бейімделу және емдік дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу кезінде оқушының функционалдық қабілеттерін дамытуға әсері туралы терең білімдерін көрсетеді.
Top