Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M02124 Медиаөнер в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады.
  • заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу.
  • отандық және шетелдік медиаөнердің қалыптасу тенденцияларымен және даму перспективаларымен таныстыру, сондай-ақ осы саладағы теория мен практиканы игеру. Медианарықтың заманауи талаптарын ескере отырып, Медиақөнер мен медиамәдениетті зерттеудің әдістерін меңгеру. Бұқаралық коммуникацияны зерттеудің тәжірибесі мен жаңа парадигмаларымен танысу. Медиаөнерді, оның теориялық негіздері мен практикалық аспектілерін түсіну және осы салада зерттеу жүргізу қабілетін дамыту.
  • медиа нарықтағы сұранысты, аудиторияның демографиялық сипаттамаларын зерттеу және өлшеу, айналымды ұлғайту жолдарын меңгеру, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша аудиторияның көзқарастарын анықтау және білу, аудиторлық преференциялар, ұсынылған медиаөнім мазмұнына қатысты аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыру деңгейін әлеуметтік бағалау.
  • Медиаөнердің негізгі концепциялары, шектеулі ықпал ету идеясы және жаңа медиа концептуализациясын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаһандық медианарыққа кіру үшін әлеуетін, жаһандану жағдайында ғаламдық медиа кеңістікке шығудың жолдары мен формаларын білу, медиаөнім дайындаудың әлемдік тәжірибелерін меңгеру.
  • медиаөнер пәндерін оқытудың шетелдік тәжірибесін меңгеру, қазіргі заманғы концепциялар мен ЖОО-дағы оқыту әдістемесін білу.
  • кинематография, мультфильм, видеоподкасттар және драматургия сияқты медиаөнімдерді талдау. Медиаөнердегі жаңа технологияларды үйрену және цифрлық өңдеу дағдыларын меңгеру. Шығармашылық өндірістегі көрнекі мәдениетпен және жаңа тәжірибелермен таныстыру. Пәннің басты міндеті-магистранттардың медиаөнімдерді талдау және түсіну қабілетін дамыту, сонымен қатар медиаөнердегі заманауи технологиялар мен тәжірибелерді меңгеру.
  • әлемдік медиаменеджмент теориясы мен тәжірибесін білу, іс жүзінде басқару туралы білімін көрсетіп, медиа бизнесін дамыту әдістерін жетілдіру арқылы қолдану. Медиа саласындағы отандық және халықаралық заңдар мен конвенцияларды меңгеру.
  • мультимедиалық ақпараттық өнімдерді өндіру ерекшеліктерін білу, медиаөнім дайындауда цифрлық өңдеу және түрлі компьютерлік бағдарламада бейнелерді оңтайландыру және жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
Top