Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01402 Музыкалық білім в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Музыкалық әуеннің құрылу заңдылықтарын түсініп, музыкалық шығармалардың құрылымын талдап, музыкалық әуеннің құрылымын, ерекшеліктерін ажыратады. Әуендерге сүйемелдеу жасайды. Музыкалық сөйлем элементтерінің интонациясының тазалығын, ырғақтың дәлділігі мен нақтылығын көрете алады.
  • Аспапта ойнау, дыбыс шығару мәдениетін қалыптастыру дағдыларын көрсете алады, музыкалық шығармаларды ұжыммен орындау қабілетін көрсетеді.
  • Оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен критериалды бағалаудың заманауи технологияларын қолдану.
  • Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Кәсіби бағытталған музыкалық-педагогикалық іс-әрекетте музыкатанудың теориялық негіздері бойынша біліммен қаруланады.
  • Әлемдік музыка мәдениетінің озық туындыларымен таныстыру, музыка сабақтарында музыка өнері туралы білімдерін қолдана алады. Музыкалық өнердің даму тарихы бойынша базалық білімдерін көрсете алады.
  • Оқу-тәрбие үдерісін сапалы қамтамасыз ету үшін өз дағдыларын пайдалана алады, таңдап алынған салада теориялық және эксперименттік зерттеулер жасай алады, өзінің кәсіби қызметінде музыкалық білім беруді дамытудың заманауи тенденцияларын біледі.
  • Музыкалық орындаушылық өнер және гармония туралы заманауи музыкалық-теориялық білімді, музыканттың жеке даярлығының негіздерін меңгереді.
  • Хор шығармаларын орындау кезінде сазгерлердің ойын жеткізу, хорды жүргізу техникасын меңгереді. Мектепте ән айту мәдениетін қалыптастырумен, вокалдық жұмыстарды жүргізуді біледі.
Top