Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B07101 Автоматтандыру және басқару в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Инженерлік есептерді шешу үшін электроника, сұлбатехника, электртехника негіздерін және өлшеу әдістерін қолдану.
  • Автоматтандыру саласында одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті командалық жұмыс дағдыларына ие болу және автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау.
  • Автоматты реттеу жүйелерін құрудың іргелі принциптерін, басқару теориясының қазіргі даму тенденцияларын, олардың математикалық сипаттамасы мен модельдеуін білу.
  • Озық білімге негізделген автоматтандыру және басқару саласындағы терең білім мен түсінікті көрсету және автоматтандыру жүйелерін әзірлеу, енгізу және пайдалану кезінде компьютерлік және цифрлық технологияларды, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануды ұсыну.
  • Эксперимент жүргізу, деректерді талдау және интерпретациялау кезінде пайдалану үшін ғылыми зерттеулер мен техникалық құжаттаманы жасау әдістерін білу.
  • Деректердің үлкен көлемін талдау және өңдеу кезінде әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және интерпретациялау. Машиналық оқыту әдістерін робототехникада, процестерді басқаруда, болжамдауда және оңтайландыруда қолдану.
  • Зерттелетін саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін бағдарламалау, ақпараттық қауіпсіздік, компьютерлік жобалау, есептеу жүйесі, жүйелерді модельдеу және мәліметтер базасын жобалау әдістері туралы теориялық және практикалық білімді қолдану.
  • Кәсіби деңгейде автоматтандыру объектілерінің, технологиялық процестердің және өндірістердің жай-күйін бағалау үшін аргументтерді тұжырымдау үшін білім мен түсініктерді қолдану.
  • Автоматтандыру, робототехника және жүйелерді техникалық қолдау саласындағы жобаларды әзірлеу кезінде фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу және түсіну.
  • Өлшеу аспаптарын, автоматика құралдарын тестілеу және автоматика элементтері мен құрылғыларын монтаждау, баптау және пайдалануды жүзеге асыру.
  • Жаратылыстану пәндері саласындағы, экономикалық заңдарды, кәсіпкерлік негіздерін, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық мәдениеттің құрылымы мен функцияларын базалық негіздерін есте сақтау, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну.
  • Микроконтроллерді бағдарламалау дағдыларын, жұмыс принциптерін және өнеркәсіптік контроллерлерді орната білу және әртүрлі жүйелерде микропроцессорлық кешендермен жұмыс істеу тәжірибесіне ие болу.
Top