Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01505 Физика-Информатика в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Физикалық оқу эксперименттері(зертханалық, демонстрациялық, компьютерлік) кезінде алынған физикалық мәндерге өңдеулер жүргізе алады;
  • Кәсіби қызметінде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлейді;
  • Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, формалары мен технологияларын, инклюзивті білім берудің құндылықтары мен негіздерін, қашықтықтан оқытудың технологиясын оқу үрдісінде қолданады;
  • Адам құқықтары саласындағы (халықаралық-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының білім беру және баланың денсаулығы саласындағы заңнамасы), адамдарға, қоғамға және қоршаған ортаға қатынасты реттейтін этикалық және құқықтық нормаларға білімдерін қолданады, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін, академиялық адалдық қағидаттарын ұстанады.
  • Физикалық есептерді шешуде математикалық білімдері мен шешудің әртүрлі әдістерін, ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін, қолданбалы есептерді шешуде сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қолданады.
  • Оқушылардың пәндік біліктері мен дағдыларын дамыту әдістерін, физика мен информатикаға қызығушылықты қалыптастыру тәсілдерін қалыптастырады;
  • Кәсіби қызметінде және әртүрлі әлеуметтік-мәдени салалар мен қазіргі қарым-қатынас үрдісінде тілдерді пайдаланудағы практикалық дағдыларын қолданады
  • Қазіргі ақпараттық технологияны қолдана отырып, ақпаратты талдайды
  • Заманауи құралдарды қолдана отырып бағдарламалар жасайды;
  • Оқу үрдісінің барлық субъектілерінің (өздері, оқушылар, ата-аналар) қызметіне талдау жасайды, әріптестерімен бірлесіп, физика мен информатика пәндерін оқу және зертханалық сабақтарда жетілдіруде қызмет жасайды;
  • Оқытудың мазмұнын жаңарту жағдайында білім мен құзіреттілікке негізделген тәсілдер мен әдістерді қолданады;
Top