Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01505 Физика-информатика в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жалпы және теориялық физикадан күрделі, эксперименттік, олимпиадалық есептерді математикалық аппарат көмегімен шешеді
  • Физиканың қазіргі ғылыми көрінісін, іргелі заңдар мен принциптерін цифрлық ресурстар арқылы көрнекілеп, ғылыми көзқарас қалыптастырады;
  • Компьютердің аппараттық және жүйелік бағдарламалық қамтамасын біледі және түсінеді.
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Информатиканы оқытудың мазмұнды және әдістемелік аспектілерін пайдаланады және оқушылардың жетістіктерін цифрлық және бұлттық технологиялар көмегімен бағалауды жүзеге асырады
  • Кәсіби қызмет процесінде физика-математикалық аппаратты, информатика теориясын, компьютерлік модельдеу әдістерін, зерттеудің теоориялық, есептік және эксперименттік әдістерін қолданады
  • Физикадан зертханалық аспаптарды пайдалану мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, физикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін меңгереді
  • Қолданбалы, сондай-ақ робототехниканы программалаумен байланысты есептерді шешу үшін алгоритмдер құрады және компьютерлік программалар мен мобильді қосымшаларды әзірлейді
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Физикалық құбылыстарды физиканың іргелі теориясы мен заңдары негізінде түсінеді.
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Ақпараттық жүйелер және компьютерлік желілерде ақпаратты сақтау, іздеу, өңдеу және қорғау бойынша білімдерін көрсетеді
Top