Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06103 Компьютерлік инженерия в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «7M06103 Компьютерлік инжененрия» білім беру бағдарламасының мақсаты – магистранттарға жан-жақты жоғары сапалы білім беру және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компьютерлік техника саласында білікті мамандарды қалыптастыру; магистранттарды ғылым, менеджмент, оқыту және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді әзірлеу салаларында соңғы ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті маман ретінде дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M094 Ақпараттық технологиялар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • аппараттық және бағдарламалық құралдардың сенімділігін талдау және есептеу әдістерін, жүйелердің сенімділігін арттыру және қамтамасыз ету әдістерін қолдану;
  • оқыту сипатындағы процестерді ұйымдастыру дағдыларын пайдалану;
  • бейнелерді тану, оқыту және сандық ұсыну және бейнелерді өңдеу теоретикалық концепцияларын қолдануға;
  • бағдарламалық қамтамасыз ету парадигмаларын қолдану, олардың күшті және әлсіз жақтарын талдау;
  • жоғары өнімді есептеуіш жүйелердегі есептеулерді ұйымдастырудың қазіргі заманғы мәселелерін талдау;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды талдау негізінде функционалдық ерекшеліктерді әзірлеу.
  • ықтималдық теориясын, математикалық логиканы білу негізінде ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуінің сенімділігін есептеудің логикалық моделін құру;
  • дизассемблирлеу және бағдарламаны ретке келтіру, жүйенің ақпараттық журналдарындағы шабуылды анықтау, шабуылдың табиғатын, оның белгілері мен анықтау әдістерін сипаттау, жүйеге ықтимал шабуылдарды орындау тұрғысынан жүйені бағалау;
  • есептеуіш бірліктердің көп санында бір уақытта есептеуді жүргізу және синхрондау; кластерлік және көппроцессорлық жүйелерді пайдалану;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әдістерінің теориялық негіздерін, бағдарламалық кешендерді жобалау әдістерін, деректердің абстрактілі түрлерін құру, бағдарламалардың дұрыстығын дәлелдеу, тестілерді ұйымдастыру және бағдарламалық кешендерді сүйемелдеу;
  • тәуекелдерді талдау, жүйелік интеграция және тестілеу, компьютерлік модельдеу, дизайн және құрастыру дағдыларын қолдану;
  • ресурстарды көп қажет ететін есептеулерге арналған математикалық модельдерді құру, заманауи суперкомпьютерлік технологиялардың көмегімен бағдарламалық жүзеге асыруды орындау;
Top