Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01408 Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Костюм тарихы (қыздар) /Техника тарихы (ұлдар)

    Пәнде әлем халықтарының костюмдерінің тарихы, даму кезеңдері, стильдері, түстері, әшекейлерінің сән бағытына қарай тасымалдану ерекшеліктері, техника тарихы, өндіріс, тау-кен ісі, әскери және энергетика саласы, егін шаруашылығы, ғарыш техникаларының тарихы, даму кезеңдері кәсіптік оқыту саласы бойынша қарастырылады. Тарихи ақпараттарды практикада қолдану, костюм мен техниканың адам өміріндегі рөлін дәйектеумен сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кілем және гобелен тоқу технологиясы (қыздар) / Халықтық зергерлік бұйымдары (ұлдар)

    Пәнді оқытуда кілемдердің түрлері мен гобелен тоқуға қажетті шикізаттары, түр жіптерінің бояуларының даярлауны, құрал-жабдықтары, композициялық шешімдері, түстік үйлесімділігі, көркемдік ерекшеліктері, зергерлік бұйымдардың түрлі материалдардан жасалу ерекшелігі, өрнектік нақыштары, асыл тастармен сәндеу технологиясы қарастырылады. Кілем, гобелен тоқуда, зергерлік бұйымдарды көркемдеп сәндеуде компьютерлік технологияны пайдалану арқылы дизайнерлік қабілеттерін арттыру, бағалау сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бұйымның композициялық негіздері (сала бойынша)

    Пәнді оқытуда сәннің бағытына сәйкес бұйымның стилі, силуэті, сәнді сызықтары, пропорциясы, ырғағы, түстер үйлесімділігі, көз бояушылық және оптикалық әсерлері, алтын зерлі, жапсырмалы, зергерлік заттар жасау формасының құрылымы, композиция заңдылықтары, категориялары, құрылымдық типологиясы, көпфигуралы композициясы композиция қарастырылады. Теориялық білімдері практикада шығармашылық жоба жұмыстарын орындаумен, командада жұмыс істеу дағдыларымен сипатталады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Материалдарды өңдеу технологиясы (сала бойынша)

    Пәнде тігін маталарынан тұрмыстық бұйымдар әзірлеуде өндірістік, арнайы тігін машиналарын қолдану, біріктіруші, шеттік, көркем-сәнді тігіс түрлері арқылы түрлі бұйымдар жасау технологиясы, ағаш және металды қолмен және механикалық өңдеу құралдары, технологиясы, өлшегіш, икемдегіш құрал – саймандар, токарь станогының құрылысы, электр аспаптары және құралдары қарастырылады. Түрлі технологиялық операцияларды практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы (сала бойынша)

    Пәнде тоқыма өндірісінде талшық түрлерінен негізгі маталарды, бейматериалдарды өндіру технологиясы, тоқылуы, құрылысы, қасиеттері, сәндеу материалдары, фурнитуралар, металдар мен конструкциялық материалдар технологиясы, қасиеттері, физикалық құбылыстары, ассортименті, металл және металл емес материалдардың негізгі топтарын қысыммен құю әдістері қарастырылады. Ақпараттарды меңгеруде компьютерлік технологияны, зерттеу құралдарын қолдану, бағалау, пәнаралық білімді интеграциялау білігімен сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тоқыма материалдары және былғарымен жұмыс жасау (сала бойынша)

    Пәнді оқытуда инновациялық тоқыма материалдары мен былғарыдан киімдік бұйым әзірлеудің технологиялық ерекшеліктері, былғарыны химиялық және механикалық әдістері, өңдеу құрал- жабдықтары, тоқыма материалдардан және экобылғарыны сәндік, сыйлықтық, тұрмысқа қажетті заттар жасау технологиясы қарастырылады. Тоқыма материалдары мен былғарынының адам өміріндегі маңыздылығы әртүрлі салалардағы адам қызметінде қолданылуы арқылы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өндіріс негіздері (сала бойынша)

    Өндіріс техникасы, технологиясы, өндіріс экономикасы, өндірісті ұйымдастыру, өндірісті басқару құрылымы, өндірістік процестер, технологиялық процесс, өнеркәсіп, өнеркәсіптің жіктелуі, капитал, кәсіпкерлік, ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық ресурстар, материалдық және материалдық емес өндірістер, экологиялық факторлар, материалдық және материалдық емес игіліктер, еңбек құралдары, еңбек бөлінісі, өндірістің экстенсивті дамуы, өндірістің интенсивті дамуы, өндіріс типтері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сәндік қолданбалы өнер элементерін көркем өңдеу негіздері (сала бойынша)

    Пәнді оқытуда киіз үйдің жабдықтары мен әбзелдері, ұлттық және басқа халықтардың тоқыма жұмыс түрлері, өрмек тоқу, құрақ құрау, жүннен жасалатын бұйымдар технологиясы, ағаштан, темірден, сымнан көркем-сәнді заттар жасау, түрлі қолжетімді материалдардан композиция құрастыру, көркем күйдіру тәсілдері, өру техникасы қарастырылады. Этномәдени білімдерін жоба жұмыстарын ұйымдастыруда қолданады, өнер туындыларының сапасын критериалды бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Үй мәдениеті және тұрмыстық техника (сала бойынша)

    Әр түрлі халықтардың мәдениеті, жеке бас гигиенасы, күтім жасау, өсімдікді баптау, тұрмыстық техника, ішкі көріністегі композиция, эстамптар, картиналар, интерьердің сәндік бұйымдары, ландшафт, үйдегі мироклиматтық жағдай, жарықтың рөлі, тұрғын үй орынжайлары қарастырылады. Жиһаз күтімі, киіз үй жасауы, интерьерге арналған сәндік бұйымдарды 2D/3D бағдарлама аясында жасалуы жалпы мәдениеттің дара ерекшеліктеріне сай сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасерекшелік психологиясы

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Үй экономикасы және кәсіпкерлік негіздері (сала бойынша)

    Экономиканы ырықтандыру, бәсекелестік, инновациялық даму стратегиясы, ауылды дамыту бағдарламасы, инфрақұрылым, шағын кәсіпкерлік, ұйымдардың өкілеттілігі, тексерулер тәртібі, несие, нарық, өндірістік, коммерциялық және қаржылық кәсіпорындар, бизнес, жарнама, табыс, тәуекелділік, қауып-қатер, кәсіпкерлік қызмет заңдылығы, құқықтық қатынастар, өнім, баға және тариф, есеп және аудит, мердігерлік, шаруа (фермер), көтерме және бөлшек сауда, капитал, экономика көрсеткіштері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Шығармашылық және жоба (сала бойынша)

    Шығармашылық – танымдық іс-әрекет, тұлға бойындағы қабілеттілік, ізденіс, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бағалай білу, адам ресурстары, бәсекеге қабілеттілік, зияткерлік, кәсіпқойлық, жобалық менеджмент, сараптама, бейімділік, талант, гранттық жоба, ғылыми жоба, білім алушылардың ғылыми жобаларын ұйымдастыру, шығармашылық идеялар, шығармашылық идеяларды визуалдау, шығармашылық мамандықтар, өнертапқыштық, конструкциялау, жеке және топтық жоба, шығармашылық жоба типтері қарастырылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қоғамдық өндіріс, экология және кәсіби бағдар (сала бойынша)

    Пәнді оқытуда қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымы, «Адам-адам», «Адам-көркем бейне», «Адам-табиғат», «Адам-техника», «Адам – символдық жүйелер» типтегі кәсіп түрлері, әр түрлі кәсіпті дамытудағы адамдардың мүмкіндігі, Қазақстанның табиғи және жер байлығы, экологиялық мәліметтер, салауатты өмір сүрудегі экологияның маңызы, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, кәсіби бағдар формасы, кеңес беру әдістері, кәсіпті таңдау мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Технология пәнін оқыту әдістемесі

    Пәнде қалалық және ауылдық мектептерде білім алушыларды қоғам сұранысына сай жанұя шаруашылығын, экономикасына, қызмет көрсету салаларына, сәндік өнер және тұтыну бұйымдарының технологиясына, ауыл шаруашылық техникасына, машинатану элементтеріне, үй және тамақтану мәдениетіне оқыту мазмұны, әдістемесі қарастырылады. Сабақты практикалық, зертханалық, шығармашылық тұрғыдан жоспарлау, ұйымдастыру формалары, әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастықпен, бағалаумен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • «Дрифтвуд» өнері (сала бойынша)

    Дрифтвуд - экологиялық таза теңіз ағаштарынан жасалатын өнерінің ерекшеліктері, Driftwood Art құрастыруға қажетті шикізаттар, құрал-жабдықтар, шығармашылық қиялдан туындайтын көркем сыйлықтық және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау (сәнді дрифт ағашының ілгіші, тікенді сым телефон т.б.) технологиясы қарастырылады. Бұйымдарды жобалауда білім алушының дизайнерлік қабілеттерін арттыруда АКТ-ны пайдаланумен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стартап жобасы және дизайндық ойлау (сала бойынша)

    Пәнді оқытуда стартапты дамытудың әдістері мен кезеңдері, топтық жоба бойынша стартапты құру және дамыту, адамға бағытталған өнімдер мен қызметтерді құру әдісі, әртүрлі қоғамдық қызметтер мен болашақ киімдердегі қызықты стартаптар, стартаптағы дизайнер жұмысының ерекшеліктері, бизнесте және стартапты құру кезінде дизайнерлік ойлау, бұйым шығынын есептеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Пән педагогикалық ғылымның метапәндік идеялары негізінде оқу-тәрбие үдерісінің білімі мен түсінігін, тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін, құралдарын тәжірибеде қолдануды зерттейді. Кәсіби міндеттерді шешу жолдары, оқу-тәрбие процесінің ғылыми әдістерін меңгеру, пәнаралық білімдерді кіріктіру, Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім берудеге арнайы педагогикалық технологиялар

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Handmade техникасы және бизнес негіздері (сала бойынша)

    Handmade техникасы түрлі қалдық материалдардан жасалған тұрмыстық және көркем-сәнді бұйымдарды (өру, тоқу, макраме, жұмсақ ойыншықтар жасау, гобелен, коллаж гжель, хохлама, фитодизайн) жасауды қарастырады және бизнес стратегиясына бағыттайды. Түрлі әдістермен көркем шыныдан, сымнан, керамикадан, пластмассадан, лайдан және басқада шикізаттардан композициялар құрастыруда КТ, Steam технологияларын жобалық дағдыларды пайдаланады, пәнаралық білімді интеграциялайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Технология пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар

    Пәнді оқытуда инновация, жобалық және зерттеу әрекеті технологиясы, саралап даралап, дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту; ойын технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту; сатылай комплексті талдау; интегративті оқыту технологиясы; актив және интерактив оқыту технологиясы; дуальдік оқыту; модульді – рейтингілік; контекстік; SMART – технология; АКТ; тұлғаға - бағдарлық; портфолио; бірыңғай оқыту технологиясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Технология пәнін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану

    Пәнді оқытуда АКТ-ның жетістіктерін қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері, электронды білім беру орталары, ЦБР түрлерін оқыту үдерісінде ұтымды қолдану жолдары, түрлі қолданбалы бағдарламасының мүмкіндіктерімен шетел тілін меңгерудегі рөлі қарастырылады. АКТ-ны дзайнерлік және визуалды оқытуда қолдану дағдыларын меңгеру арқылы ақпараттық мәдениетін көрсету, пәндік және пәнаралық білімдерін интеграциялау жолдарын жалғастыру сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың заманауи технологиялары

    Пән бағалау саласында қолданылатын соңғы әдістер мен тәсілдерді зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ білім беру, психология, әлеуметтік педагогика сияқты әртүрлі салалардағы бағалауға қатысты аспектілерді қамтиды. Бағалау қағидалары мен теорияларын, бағалау әдістері мен құралдарын, бағалау деректерін талдауды және әділдікті қамтамасыз ету, біржақтылыққа жол бермеу, тест тапсырушының құпиялығын қорғау және бағалау әдістерінде адалдықты сақтау сияқты бағалауға қатысты этикалық мәселелер мен нұсқауларды зерттеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Этникалық стильдегі бұйымдар әзірлеу (ұлдар)

    Пәнді оқытуда этностильдік заманауи үлгіде ұлттық көп қырлы тұрмыстық бұйымдардың типтік ерекшеліктерін жаңғырту мүмкіндігі, әр түрлі елдердің мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері, этносқа тән белгілері, сәнді бағыттың ежелгі тамырлары және өткеннің идеялары, заман келбетін анықтауға сыни тұрғыдан қарасырылады, көркем ағымдардың өмірдегі орны танымдық және жалпы мәдениет концепцияларымен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бұйымдарды дайындаудың технологиялық процестері

    Пән бұйымдарды дайындаудың технологиялық процестерін және олардың тиімділігін талдауды, технологиялық процеске арналған жабдықты таңдауды қарастырады, бұл бөлшектерді өңдеу және оларды өндіруге әкелетін бұйымдарды жинау бойынша әртүрлі жұмыстардың (операциялардың) реттілігін, сондай-ақ бұйым дайындаудың кезеңдерін, түрлері мен құрылымдарын анықтайды. Тапсырысбойыншатехнологиялықпроцестербойыншажобалардыңорындалуысипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Металл өңдеу технологиясы

    Пәнде метал өңдеуге қажетті құрал-жабдықтар, металды қолмен (сым темірді, қаңылтырды ию, түзету, кесу, шабу, егеулеу, бұранда кесу) технологиялары, металды механикалық жолмен өңдеу (токар, фрезер, бұрғылау станоктарында) технологиялары қарастырылады. Технологиялық операцияларды сыни тұрғыдан қарастыру, практикада қолдану, бұйымдарды критериалды бағалау, диагностикалау, ұжымда жұмыс жасау іскерліктері және ақпараттық мәдениеті сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы.

    Тамақ өнімдері, өндірістегі тамақ әзірлеу жұмыстары, аспаздық жұмыс техникалары, өндірісте түрлі халықтардың тағам түрлерін әзірлеу ерекшеліктері қарастырылады. Тамақ өнімдері өндірісінің технологиясын меңгеру тұрмыстық техниканы кеңінен пайдалану мироклиматтық жағдай, жалпы мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдайды, критериалды бағалау, диагностикалау, оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Аспаздық жұмыс техникасы

    Дұрыс тамақтану негіздері, тамақ әзірлеу жұмыстары,аспаздық жұмыс техникалары, қазақ және түрлі халықтардың тағам түрлері қарастырылады. Ас үй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, тұрмыстық техниканы кеңінен пайдалану үйдегі мироклиматтық жағдай, жалпы мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдайды, критериалды бағалау, диагностикалау, оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Металды көркем өңдеу

    Пән мазмұнында металды пішіндеу және әдемі және күрделі құрылымдар жасау үшін шығармашылық әдістерді қолдануды қамтитын металл өңдеудің бірегей түрі ретінде қарастырылады. Металды көркемдік өңдеудің түрлері құю; соғу; соғу; химиялық ою; металлопластика; гравюра; сканерлеу, арық өңдеуге қолданылатын материалдар, әртүрлі заттарды жасау үшін металдарды көркемдік өңдеудің тән ерекшеліктері сипатталады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Этникалық стильдегі бұйымдар әзірлеу (қыздар)

    Пәнді оқытуда этно стилдің тарихы, сипаты түрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлерін сипаттайтын идеялар, заманауи сән үрдістері мен ерекшеліктері, қарапайымдылығы, жайлылығы, этносқа тән өрнектерін заманауи сән бағытындағы киім үлгілерін әзірлеу қолдану және олардың этно стильдік келбетін анықтауға сыни көзбен қарау қарастырылады. Этностильдің сән ағымындағы орны танымдық және жалпы мәдениет концепцияларымен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тамақтану мәдениеті

    Пәнде әлем халықтардың мәдениеті, тамақтану әдебі, қазақ және түрлі халықтардың мәдениеті, тамақтанудың тәрбиелік мәні, дұрыс тамақтану негізі, дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері, дастарқанды жабдықтау, тағам әзірлеу технологиясы, Әлем халықтарының тағамдары қарастырылады. Жалпы мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдайды, критериалды бағалау, диагностикалау, білім алушының тұлғалық дамуын қалыптастыру сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға, мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тігін бұйымдарының технологиясы

    Әртүрлі материалдардан тігін бұйымдарын өңдеу технологиясы, балалар, ерлер және әйел киімдерінің негізгі және сәнді бөліктерін өңдеудің технологиялық ерекшеліктері, сырт киім бөліктерін жинақтау, заманауи ұлттық колоритмдегі тігін бұйымдар өңдеу технологиясы, критериалды бағалау қарастырылады. Технологиялық білімін практикада қолдану тәсілдері, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ағаш өңдеу технологиясы

    Пәнде ағашты қол аспаптармен өңдеу тәсілдері (сүргілеу, кесу, аралау, біріктіру, бұрғылау, қашау), оларды пайдалану ережелері, ағаштың қасиеттері, құрамы, құрылысы қарастырылады. Ағашты механикалық өңдеуге арналған жабдықтардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері, дайындалған бұйымды критериалды бағалау, диогностикалау қарастырылады. Түрлі технологиялық операцияларды практикада қолдану, командада жұмыс істеу дағдысы, бұйымдарды жобалауда КТ-ны пайдалану арқылы сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ағашты көркем өңдеу

    Пәнді оқытуда ағашты көркем өңдеудің көркемдеп өрнектеу, мозаика, жону, күйдіру, бедерлеу түрлері; ағашқа сурет салу, инкрустация, ағашты сәндік өңдеудің күйдіру, ағарту, балауыз, бояу, дақ түрлері, токарлық және фрезерлеу станоктоктарында жұмыс жасау әдістемесі қарастырылады. Түрлі технологиялық операцияларды практикада қолдану, командада жұмыс істеу дағдысы, бұйымдарды жобалауда КТ-ны пайдалану арқылы сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Технология пәні мұғалімінің педагогикалық шеберлігі

    Оқыту және тәрбие теориясы, ғылыми және әдіснамалық ұстанымдар, диалектикалық теория, жүйелілік, саналалық ұстанымдары, әдістемелік сауаттылық, мұғалімнің өмірге көзқарасы, идеялық нанымы, педагогикалық әдеп, такт, педагогикалық техника, педагогикалық мәдениет, адамдарды танып-білу дағдысы, педагогикалық ынтымақтастық, кәсіби білгірлік, әрекеттің гуманистік бағыттылығы, ситуацияларды меңгеру, білім алушылардың психологиялық жағдайын меңгеру қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Киімді конструкциялау және модельдеу

    Тігін бұйымдарын конструкциялаудың түйреу, есептеу-графикалық, Muller & Sohn, Лин Жак, Отандық сән, халықаралық жүйе, модельдеу әдістері, пәнаралық байланыс идеяларына негізделген кәсіби білімді түсіну және интеграциялауды көрсете білу, критериалды бағалау қарастырылады. Тігін бұйымдарын конструкциялауда және модельдеуде КТ-ны пайдалану, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану жолдарымен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    «Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • еңбек және кәсіпкерлік технологиясының мазмұнындағы негізгі ақпараттық идеяларды көрсетеді;
  • берілген ақпаратқа сүйене отырып оларға сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолданады;
  • танымдық іс-әрекет, тұлға бойындағы қабілеттілік, ізденіс, кәсіпқойлық, жобалық менеджмент, шығармашылық идеялар және жалпы мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдайды;
  • еңбек технологиясы және кәсіпкерлік негіздерін оқытуда өндіріс техникасы, технологиясы, экономикасы, ұйымдастыру және басқару құрылымының жіктелуін дәйектейді;
  • еңбек технологиясы және кәсіпкерлік негіздерін оқытуда, бұйымдарды конструкциялауда, модельдеуде, көркем технологиялық өңдеуде, бұйымдарды этникалық стильге жобалауда, тамақ өнімдері өндірісінің технологиясында оқушының дизайнерлік қабілеттерін арттыру мақсатында КТ-ны пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырады;
  • практикалық, зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың инновациялық технологияларды, әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастықты, оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес және командада жұмыс жасау дағдысын қолданады;
  • критериалды бағалау, диагностикалау, сабақ жоспарын жасау технологияларын пайдаланады;
  • тұлғааралық қарым-қатынаста саналылық ұстанымдары, әдістемелік сауаттылық, мұғалімнің өмірге көзқарасы, идеялық нанымы, педагогикалық әдеп, такт, педагогикалық техника, педагогикалық мәдениет, адамдарды танып-білу дағдысын көрсетеді;
  • білім алушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай біледі;
  • еңбек технологиясы және кәсіпкерлік білім беру тәжірибесінде, стартап жобасы және дизайндық ойлауда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды.
Top