Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01510 География-тарих в Alikhan Bokeikhan University

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Экономикалық-әлеуметтік, саяси географияның қазіргі теориялық, әдістемелік және қолданбалы аспектілерін анықтау және салыстыру, экономикалық-әлеуметтік және саяси географияның қазіргі заманғы проблемаларын, аумақтық әлеуметтік-экономикалық, саяси жүйелердің дамуының географиялық заңдылықтарын талдау; қазіргі демографиялық, этникалық және геосаяси проблемаларды анықтау; қазіргі заманның жергілікті, өңірлік және жаһандық проблемаларының географиялық ерекшелігін көрсету, аумақтық дамудың болжамдары мен модельдерін жасау, қоғамның аумақтық ұйымдастырылуын зерттеу әдістемесін меңгеру.
  • Тарихи-географиялық процестердің даму ерекшеліктерін түсіндіру және талдау, жалпы заңдылықтарды түсіну; географиялық және тарихи дамуды зерделеу кезінде ғылыми танымның қазіргі заманғы әдістерін пайдалану ерекшелігін айқындау; елдердің тарихи және географиялық бағыттылығын, даму серпінін сипаттайтын негізгі фактілерді анықтау; Қазақстан мен әлем елдерінің географиялық және тарихи даму модельдерін салыстыру.
  • Тарихты зерттеуде теориялық-әдіснамалық тәсілдерді анықтау және қолдану, ғылыми танымның, ғылыми-тарихи ақпаратты өз бетінше іздеудің қазіргі заманғы әдістерін анықтау және іріктеу; тарихи зерттеулер әдістемесін меңгеру, тарихи материалдың тарихнамалық және деректанулық аспектілерін талдау және түсіндіру, тарихи дереккөздерді сыни талдау және ғылыми түсіндіру әдістері мен тәсілдерін, академиялық жазудың ерекшелігін меңгеру және оларды оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін қолдана алу;
  • Тарихи процесті зерделеуде өркениеттік және формациялық тәсілдемелер білімі мен түсінігін қолдану, өркениеттердің әртүрлі типтерінің күрделі тәуелділіктер жүйесі мен сабақтастығын анықтау, мемлекеттіліктің тарихи нысандарының қалыптасу және даму механизмдерін, мемлекеттік-құқықтық институттардың, отырықшы және көшпелі өркениеттердің эволюциясын, олардың мәдени идентификациясын түсіну;
  • География және тарих пәндерінің оқыту және тәрбиелік әлеуетін іске асыру процесін жобалау, сабақ модульдерін әзірлеу, инновациялық технологияларды пайдалану, критериалды-бағдарланған оқыту әдістемесін меңгеру, пайдаланылатын білім беру технологияларының тиімділігін бағалау, педагогикалық риторика, педагогикалық ынтымақтастық дағдыларын меңгеру; академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениеті тұрғысынан кәсіби міндеттерді шешудің заманауи әдіснамасы мен әдістемесін көрсету, одан әрі кәсіби оқыту дағдыларын дамыту.
  • Физикалық географияның теориялық, қолданбалы аспектілерін білу және түсіну, физикалық географияның қазіргі заманғы проблемаларын талдау, табиғи-аумақтық кешендерді зерттеу әдістемесін меңгеру; табиғи ортаны пайдалану жолдары туралы ғылыми түсініктерге ие болу; аумақтардың климаттық, гидрологиялық, табиғи сипаттамаларын құрастыру, картографиялық материалмен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, экологиялық мониторинг әдістерін меңгеру, физикалық-географиялық білім негіздерін практика жүзінде пайдалану.
  • География және тарих пәні бойынша дидактикалық материалдар дайындау, оқу бағдарламаларын әзірлеу, оқыту әдістемесін меңгеру және білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып сабақ жоспарларын жасау, оқытудың қазіргі заманғы, оның ішінде ақпараттық технологиялардың кең спектрін қолдану, география және тарих саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесін қолдану, кәсіби қызмет саласындағы ақпараттық технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді тұжырымдау.
  • Әлемдік тарихи процестің жалпы көрінісін оның өңірлік және жергілікті ерекшеліктерімен бағалау және салыстыру, тарихи-мәдени фактілер мен оқиғаларды зерделеуге интегративті пәнаралық тәсілді қолдану пайдасына дәлелдер тұжырымдау; мәдени сан алуандықты және оның әлемдік тарих прогресіндегі маңызын қорыту; тарихтағы әлеуметтік жобаларды ілгерілетудегі тұлғалардың рөлін көрсету;
  • Кәсіби бағытталған, оның ішінде ғылыми-техникалық сипаттағы ауызша және жазбаша мәтіндердің функционалдық ерекшеліктерін білу мен түсінуді қолдану; ауызша және жазбаша мәлімдемелерде кәсіби сөйлеуге тән негізгі грамматикалық бірліктерді тану және қолдану; кәсіби қарым-қатынас шеңберінде шет тілдік коммуникацияны жүзеге асыру.
  • Заманауи психологиялық-педагогикалық ғылымның негізгі ережелері мен категориялары, жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы туралы білімдерін көрсету, практикалық педагогикалық іс-әрекетте білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбие қызметінің және инклюзивті білім берудің әдістемесі мен технологиясын қолдану, сондай-ақ мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару дағдыларын қолдану.
  • Тарихи процестің тұтастығын сипаттайтын ұғымдық аппаратты, тарихи фактілерді, құбылыстарды, тұжырымдамалар мен теорияларды білу және түсіну; тарихтың теориялық-әдіснамалық негіздерін түсіну, тарихи ғылымның қазіргі жай-күйін көрсету, тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу үшін себеп-салдарлық, уақытша және кеңістіктік талдау принциптерін пайдалану; отандық және дүниежүзі тарихының даму логикасын, олардың тарихи, экономикалық шарттылығындағы жаһандық процестерді түсіндіру;
  • Академиялық адалдық, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз ету қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми зерттеулерге негізделген кәсіпкерлік дағдыларды, көшбасшылықты, инновацияларды қабылдауды тәрбиелеу үшін заманауи құқықтық мемлекет идеясын білуді көрсету
  • Географияның әдіснамалық негіздері мен теориялық мәселелерін, оларды шешу тәсілдерін түсіну және білімдерін меңгеру, география ғылымының қазіргі заманғы проблемаларын жіктеу, география және оның оқыту әдістемесі саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану;
Top