Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01510 География-Тарих в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Қоғамтану білімі (пәнаралық курс)
    Несиелер: 5

    Студенттердің экономиканың қызмет ету заңдылықтары жайлы кешенді түсініктерін қалыптастыруға, іскерлік білім алуына бағдарланған, өз бизнесін ашу және оны сәтті жүргізудің ерекшеліктерін айқындайды. Қазақстандық құқықтық институттар мен оның негізгі салаларын сипаттайды. Қазақстан республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің заңнамалық негіздерін зерттейді. Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмірбаянын, оның әдебиеттану ғылымындағы орнын қарастырады. Оның отандық әдебиеттің көркемдік қағидаларын қалыптастырудағы үлесін зерттейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы жертану және геология негіздері
    Несиелер: 6

    Географиялық қабықтың құрылысын, құрамдас бөліктерін, шекарасын, өзіне тән сапалық ерекшеліктерін, қалыптасу кезеңдерін, құрылымы мен кеңістіктік жіктелуін, негізін заңдылықтарын, тау жыныстарын және оларды түзетін басты минералдарды оқытады, Жер қыртысындағы тау жыныстарының әр түрлі жатыс бағыттары мен геологиялық қималар бар геологиялық карталарды оқу тәсілдерін меңгертеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Алғашқы қауымдық қоғам тарихы
    Несиелер: 5

    Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жасерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын, олардың физиологиялық қызметтерінің қалыптасуын қарастырады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, үйлесімді даму және фкнуционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған баланың сыртқы ортамен өзара әрекетін, гигиеналық нормативтер мен талаптарды зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Археология
    Несиелер: 5

    Адам қоғамының дамуы мен өткен тарихыныңтарихи заттық дерктері бойынша оқытады, археоллогиялық кезеңдеуді, ежелгі қоғамның материалдық-рухани құндылықтардың тарихи маңызын түсіндіреді; арқеологиялық заттардың жасалған кезеңдерін анықтау, археологиялық ескерткіштер бойынша ежелгі тарихты кезеңдерге бөлу мәселелерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлемнің географиялық мәліметтер базасы (ағылшынша)
    Несиелер: 4

    Географиялық карталарда географиялық нысандардың негізгі номенклатуралық тізімін зерттеу арқылы материктер мен мұхиттардың табиғи кешендеріне тұтас көріністі қалыптастыруға бағытталған, сонымен қатар Географиялық ақпаратты бейнелеуге және басқаруға арналған кешенді ақпараттық модельді қарастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Топырақ географиясы және ландшафттану негіздері
    Несиелер: 4

    Топырақтың түзілу заңдылықтарын, механикалық құрамын, табиғат жағдайларының өзгеруіне байланысты әр түрлі топырақ типтерінің кеңістіктік таралуын оқытады. Ақпараттық фактор ретінде педасфераның әр түрлі деңгейдегі географиялық зерттеулердегі маңызын, қоршаған ортаның антропогендік өзгеруінің топырақ жамылғысының жағдайына әсерін қарастырады. Табиғи және табиғи-антропогендік ландшафттардың, аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуы мен дамуын, шағын аумақтық деңгейдегі ландшафттарды оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Картография және топография негіздері
    Несиелер: 5

    Картография пәні мен құрылымын, географиялық картаның элементтерін, жіктелуін, топографиялық, топографиялық шолу және ұсақ масштабты карталардың мазмұнын бейнелеу әдістерін оқытады. Электронды тахометр мен GPS/Глонассғарыштық қабылдауыштарының негізінде аумақты картаға түсірудің заманауи технологияларын, картографиялық географиялық ақпараттық жүйелерді қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылар дамуының физиологиясы
    Несиелер: 5

    Балалар мен жас өспірімдердің өсуі мен дамуының жас ерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын, олардың физиологиялық қызметтерінің қалыптасуын қарастырады. Балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға, үйлесімді даму және фкнуционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған баланың сыртқы ортамен өзара әрекетін, гигиеналық нормативтер мен талаптарды зерттейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Биогеография
    Несиелер: 4

    Жердегі тіршіліктің өмір сүру ареалының бөліну заңдылықтарын, қазіргі флора мен фаунаның шығу тегі мен пайда болу тарихын, тірі ағзалардың географиялық таралуы мен олардың себептерін қарастырады. Ареалдар туралы ілім негіздерін, құрылықтың флоралық, фауналық патшалықтарға зоналық биомдарға бөлінуін оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Геодезия негіздері
    Несиелер: 5

    Аумақты жоспарлаудағы геодезия мен картографияның маңызын қарастырады және геодезиялық приборларды пайдаланудың заманауи технологияларын мен жер бетіндегі нүктелердің орынын, географиялық және тік бұрышты координаттар жүйелерін мен нүктенің биіктігігн анықтау әдістерін оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Жаңартылған орта білім мазмұны жағдайында оқытудың жаңаша әдістері мен технологиясын қарастырады. Педагогикалық үдерісті болжау, жоспарлау және басқару, ғылыми талдау әдістерін зерттейді. Педагогиканың гуманитарлық білім және білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекетінің саласы ретіндегі теориялық түсініктерін және қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дүниежүзінің жалпы физикалық географиясы
    Несиелер: 6

    Жеке материктер мен мұхиттардың жер бедерінің, климатының, ішкі суларының, топырағының, өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінің қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын, адамның шаруашылық әрекетінен қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты қазіргі экологиялық мәселелері, оларды шешу жолдарын оқытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Оқу-тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру әдістемесін қарастырады және тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын, мәні мен мазмұнын қарастырады, жаңартылған орта білім мазмұны аясында тәрбиелеу қағидаларын зерттейді. Болашақ педагогтың өз бетімен білім алу және кәсіби тұрғыда өз-өзін жетілдіруге мүдделілігін қалыптастыруға бағытталған

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін, инклюзия дамуының тарихи аспектілерін, инклюзивті білім беру модельдерін қарастырады. Инклюзивті білім беру технологиясын, жеке білім беру маршрутын құруды, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып оқу үдерісін жоспарлауды, инклюзивті оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыруды зерттейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ежелгі дүние тарихы
    Несиелер: 5

    Адамзат дамуы тарихының ең маңызды деген кезеңдерін қамтиды: ежелгі өркениеттердің қалыптасуы, құлиеленушілік мемлекеттердің пайда болуы мен дамуы, Шығыстағы тарихи үрдістің ерекше сипаты, олардың даму жолдарының ерекшеліктері Ежелгі дүниенің дамуындағы маңызды үрдістер мен заңдылықтарды, Шығыстағы, Греция мен Римдегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің құлдырауының ғылыми негізін зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жалпы экономикалық география және геоэкономика негіздері
    Несиелер: 5

    Дүниежүзінің жеке елдері мен аймақтарының шаруашылығының салалық құрамы, әлеуметтік-экономикалық үрдістердің кеңістіктік факторлары туралы білім жүйелерін қалыптастырады және сол факторлардың дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы рөлін талдау дағдыларын қалыптастырады. Дүниежүзілік шаруашылықтың кеңістіктік құрылымын, олардың дүниежүзінің жеке елдері мен аймақтарда даму үдерістерінің ерекшеліктерін, геоэкономикалық кеңістіктің негізгі сипаттарын, ҚР геоэкономикалық орны мен әлеуетін қарастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ежелгі Шығыс мемлекеттері
    Несиелер: 5

    Ежелгі өркениеттер мен құл иеленуші мемлекеттер пайда болуы мен өркендеуіне негіз болған адамзаттың даму тарихының маңызды кезеңдерін, Ежелгі Шығыстағы алғашқы мемлекеттердің өркендеуіне әсер еткен факторлар тарихи үрдістердің басты ерекшеліктерін, шаруашылығын, мәдениетін, басқару жүйелерін оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Тарихнама
    Несиелер: 5

    Тарихи ғылымның тарихын, зерттеулердің негізгі аспектілерін, әртүрлі кезеңдердегі тарихи ғылымының дамуының қоғамдық жағдайларын оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Теориялық деректану
    Несиелер: 5

    Тарихи таным жолдарын, прогресс деңгейі мен тарихи ғылымның регресін қарастырады, тарихи танымның негізгі кезеңдерін, тарихшылар қалыптасырған объективті шындықтың деңгейі мен олардың осы уақыттағы маңызын анықтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жетісу тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі заманнан бергі Жетісудің негізіг тарихи кезеңдері туралы дүниетанымды қалыптастырады, аймақтың дамуының аса бай мұрасы мен заңдылықтарын түйсіну жолдарын талдайды. Жетісудың саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының ортақ және айрықша ерекшеліктерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тарихты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазіргі мектеп талаптарын, жан-жақты дамыған саналы тұлғаларды дайындау міндеттерін назарға ала отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әдістерін, мазмұнын және ұйымдастырылуын ашып көрсетеді. Тарих пәні мұғалімі қызметінің теориялық және практикалық негіздерін оқытады, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оған дайындықты және оқытушының тұлғалық, кәсіби қаситеттерін көрсететін орта дайындайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тұрғындар географиясы және әлеуметтік география негіздері
    Несиелер: 5

    Халықтың қалыптасу үрдісін, динамикасы мен санын, құрылымын, ұдайы өсудің типтерін, миграциясын, қоғамның аумақтық ұйымдасуынқоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытады; еңбек ресурстары географиясын, әлеуметтік құрамы мен білім деңгейлерін, қоныстану формаларын, қазіргі демографиялық мәселелер және оларды шешу жолдарын қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Саяси география және геосаяси негіздері
    Несиелер: 5

    Геосаясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекарасын, геосаяси үрдістердің негізгі түрлерін, дүниежүзілік шаруашылықтың еңістіктік құрылымын, оның дүние жүзінің жеке елдері мен аймақтарда даму үдерістерінің ерекшеліктерін, оқытады; геосаяси кеңістіктің негізгі сипаттарын, Қазақстан Республикасының геосаяси орны мен жеке өңірлерінің әлеуеттерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мұражайтану және мұрағаттану
    Несиелер: 5

    Пән қоғамдық ақпараттың көп қызметті институты ретіндегі мұражайтану мен мұрағаттанудың базалық түсініктері мен астарларын, сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраларды сақтайтын, зерттеулердің көзі болып табылатын мұражайлар мен мұрағаттардың заманауи ақпараттық технологияларын, мұрағаттар мен мұражайлардағы материалдық мұраларды қорғау, сақтау әдістерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • География мен тарихты оқытуда АКТ пайдалануәдістері
    Несиелер: 5

    Мектеп оқушыларына география мен тарих пәндерін оқуға деген ынтасын арттыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен қосымша техникалық құралдарды қолдануды зерттейді, олардың география пәнін оқуға деген ынтасын арттырады және интеллектуалдық белсенділіктің артуына ықпал етеді. Ұйымдастырылған және педагогикалық негізделген оқу мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы АКТ оқу үдерісіне қосуды қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Географиядағы есептеу және жобалау әдістері
    Несиелер: 5

    Географиялық математикалық есептерді шешу әдістерін, географиялық процестер мен құбылыстарды жобалау және болжау әдістерін, математикалық-географиялық үлгілерді жасау үшін географиялық ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және интерпретациялау әдістерін меңгертеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қосалқы тарихи пәндер
    Несиелер: 5

    Палеография, геральдика, сфрагистика, хронология, метрология, генеалогия, сыяқты қосалқы тарихи пәндерді оқыту тарихи даму үрдісінің заңдылықтарын ашуға, тарихи материалдардың негізінде қоғам өміріндегі дәйектер мен тарихи оқиғаларды салыстырмалы талдау жасау өткенді оқып-үйреніп түсінуге, дерек көзінің қандай тарихи кезеңдерге жатарынын анықтауға, жіктеуге, оқуға мүмкіндік береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ортағасырлар тарихы
    Несиелер: 5

    Экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдің жаңа формаларының пайда болуы мен дамуын ашады, ортағасырлық мемлекеттердің аумағында өзара байланыста және өзара байланыста болған тарихи оқиғаларды көрсетеді. Орта ғасырлардағы елдер тарихының негізгі процестерін, феодализмнің қалыптасуын, оның белгілері мен мәнін; ұлтты жинау процесі, ортағасырлық мемлекеттердің құлдырау себептерін зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жаратылыстануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білімгерлердің қазіргі жаратылыстану ғылыми білім берудің теориялық, әдіснамалық негіздерін меңгертуге бағытталған; қазіргі жаратылыстанудың ғылыми бейнесін, жартылыстану ғылымдарының зерттеу әдістерін оқытады; жаратылыстанудың біршама маңызды жетістіктері мен идеяларын; ғылым мен ғылыми білімнің адамзат қоғамының түйінді мәселелерін шешу мүмкіндіктерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қашықтықтан білім берудің әдістемесі мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Қашықтықтан оқыту және электрондық оқыту әдістерінің әдістемелік мәселелері қарастырылады, қазіргі заманғы білім беру тәжірибесін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, ғылымның жетістіктерін ескеріп, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін игереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазіргі мектеп талаптарын, жан-жақты дамыған саналы тұлғаларды дайындау міндеттерін назарға ала отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әдістерін, мазмұнын және ұйымдастырылуын ашып көрсетеді. География пәні мұғалімі қызметінің теориялық және практикалық негіздерін оқытады, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін, оған дайындықты және оқытушының тұлғалық, кәсіби қаситеттерін көрсететін орта дайындайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Тарихи демография
    Несиелер: 5

    Қазіргі демография мен тарихи демографияның теориялық және әдіснамалық аппаратын, тарихи демографиялық деректердің ерешеліктерін және олармен жұмыс істеу әдістерін; тарихи демографияның негізгі даму кезеңдерін,, қазіргі демографияның зерттеу бағыттарын қарастырады. Белгілі әр түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде жүрген әр түрлі әлеуметтік-экономикалық үрдістердің ерекшеліктерін, Қазақстаннң қазіргі демографиялық мәселелерін оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мектептегі оқыту мен бағалаудың жаңа тұрғылары
    Несиелер: 5

    Білім беру нәтижелерін білім беру жаңарту жағдайында өлшемдік бағалаудың теориясы мен технологиясы туралы білімді меңгертуге бағытталған; оқушылардың оқу нәтижелерін өлшемдік бағалаудың негізгі ережелерін, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін ақытады; бағалау тетіктері мен өзін өзі бағалау, түйінді құзіреттілікті қалыптастыру тетіктерін анықтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық жазу
    Несиелер: 4

    Студенттердің академиялық жазу теориясы мен практикасын игеруге, академиялық ортада тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттіліктерді дамытуға, академиялық және ғылыми мәтін жазуға, сонымен қатар студенттерде ғылыми мәдениетті дамытуға, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу саласындағы құзыреттер жүйесі, жұмыс, алғашқы мәліметтерді жинау, ғылыми зерттеу және деректерді өңдеу әдістерін қолдану, зерттеу нәтижелерін апробациялау, тіркеу және тәжірибеге енгізуге бағытталған

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Гидрометеорология негіздері
    Несиелер: 5

    Атмосфера жүретін біздің ғаламшардың ауа райы мен климатын қалыптастыратын физикалық химиялық үрдістері туралы білімді қалыптастырады; метеорологиялық, климаттық карталарды, су нысандарының (өзен алаптары, көлдердің, батпақтардың) еререкшеліктерін талдау дағдыларын меңгертуді көздейді

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Этнология
    Несиелер: 5

    Этнологияның негізгі теориялары мен тұжырымнамаларын қарастырып, оның түсініктерінің, санаттарының,зерттеу әістерінің, сонымен қатар, оларды дүние жүзі халықтарының этнографиясын, Қазақстанды қоса алғандағы дүние жүзінің және этникалық бейнесін, антропологиялық, тілдік және шаруашылық-мәдени жіктелуін оқып-үйренуде пайдаланудың мәнін ашады. Этногегез үодісі мен этникалық тарихты оқытып, дүниежүзі халықтарының дәстүрлі және қазіргі мәдениетін сипаттайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Далалық және қашықтықтан зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    Білімерлердің зерттелетін жергілікті жерде далалық зерттеулер жүргізу әдістерімен кезеңдері; жиналған мәліметтерді өңдеу және аумақтың ірі масштабты пландарын құру әдістері; аумақты қашықтықтан зерттеу әдістері, әуеғарыштық түсірілімдерді талдау негізінде тақырыптық карталарды құру әдістері туралы білім негіздерін меңгертуге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Қазіргі кезеңдегі елдердің даму проблемаларын қарастыруға бағытталған; қоғамдық-саяси және мәдени даму тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, демократиялық қайта құрулар деңгейін, ашып көрсетеді; биполярлық жүйенің құлдырау себептерін, қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастарды, постиндустриалды өндіріске өту мен ақпараттық қоғамның қалыптасуын көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстанның ХVІІІ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын, Қазақстанды отарлаудның бастапқы кезеңіндегі патшалық Ресей саясаты, Қазақстандағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси жағдай мен қоғамның әлеуметтік құрылымы қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Геоурбанистика
    Несиелер: 6

    Қала құрылысы, қала құрылысы қала жүйелерін оқып-үйренудің тарихи-географиялық, әлеуметтік, экономикалық-географиялық және басқа астарларын оқытады. Кенттенудің ғаламдық сипат алған күрделі үрдістерін, қоныстану жүйесі мен қала дамуының стратегиясының күрделі географиялық тұрғылары, қалаларды жобалау негіздері қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның физикаық географиясы
    Несиелер: 6

    Қазақстанның табиғаты, геологиялық құрылысы жер бедері, климаты мен ішкі сулары, топырағы мен органикалық дүниесі, табиғатының адамдардың шаруашылық әрекетінен өзгеруі, табиғат қорғау шаралары, ірі физикалық-географиялық аймақтары қалыптастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 5

    Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуетін, халқын, шаруашылығыың құрылымын, өндіргіш күштерді орналастыру қағидаларын, дүние жүзі елдерімен сыртқы экономикалық байланыстарын оқытады экономикалық-географиялық аудандастыру және оның дамуын болжау, өндіргіш күштердің орналастыру ерекшеліктерін салыстыры және талдау мәселелерін қарастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Геоглобалистика және табиғатты пайдалану негіздері
    Несиелер: 6

    Геоглобалистиканың құрылымы мен қызметін, ғаламдық келелі мәселелердің туу себептері мен шешу жолдарын, табиғат пен қоғам даму заңдылықтарын оқытады; табиғатты пайдаланудың негізгі түрлерін, табиғатты пайдалануды басқаруды, қоршаған ортаны жақсартумен табиғатты тиімді пайдаланудың стратегиялық бағыттарын қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Жаңа дәуір тарихы дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі ретінде капиталистік қатынастар генезисі мен орнығу кезеңін,ерте буржуазиялық революциялардың заңдылықтарын, Европа және Америка елдеріндегі мемлекеттіліктің қалыптасуы мен отарлау кезеңінің, ұлт-азаттық қозғалыстардың, Батыс мемлекеттердің әсерімен тронсформацияға ұшыраған шығыс қоғамдарын, егеменді мемлекеттердің құрылуын ашып көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Сандық картографиялық ресурстарды пайдалану әдістері
    Несиелер: 6

    Білімгерлерге электронды картографиялық ресурстарды (сандық карталарды оқып, олардың орналасқан жерін, географиялық нысандар мен аумақтардың сандық және сапалық көрсеткіштерін, олардың сипаттамалары мен талдауларын анықтау) пайдалану мүмкіндерін меңгертуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    географиялық пәндер тарауларының жалпы теориялық ережелерін түсіндіру

  • Код ON2

    құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, мәдениетаралық ортадағы қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен үрдістерді ұғынуда инновациялық тұрғыларды интерпретациялау

  • Код ON3

    білім алушылардың физиологиялық және функционалдық ерекшеліктері мен жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отыріп, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру

  • Код ON4

    өздері оқыған әртүрлі қосалқы тарихи пәндер мен деректердің ерекшеліктерін сипаттай алады; тәжірибелік жұмыста дәстүрлі және инновациялық әдістерді қолдана отырып, қажетті құжаттарды іздеуде мұрағат және мұражайдың ғылыми-анықтамалық аппаратымен жұмыс істеу барысындағы дағдыларды қолдана алады

  • Код ON5

    ГАЖ технологияларын, географиялық ақпаратты өңдеудің статистикалық, математикалық, картографиялық әдістерін қолдана отырып, жалпы географиялық, далалық зерттеулер жүргізу

  • Код ON6

    тарихилық принципті қолдану арқылы тарихи дамудағы адамның ролі мен орнын анықтай отырып, әртүрлі кезеңдерде теориялық білімдерін кәсіби қызметте пайдалану барысында халықаралық қатынастардағы үрдістерді бағалай отырып, тарихи құбылыстар мен фактілерді талдай алады

  • Код ON7

    мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының жалпы және айрықша белгілеріне салыстырмалы талдау жүргізе отырып, орта ғасырлардағы батыс және шығыс өркениеттері мен мемлекеттерінің тарихи дамуындағы себептік қатынастарды орнату

  • Код ON8

    академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып, зерттеу нәтижелерін әзірлеу және енгізу үшін ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолданып, география ғылымының қазіргі жағдайын, проблемалары мен даму болашағын бағалау

  • Код ON9

    әр түрлі деңгейдегі табиғи-экономикалық және аумақтық, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің дамуын, қоршаған орта мен халықтың өзара әрекетін бағалап, әлеуметтік-экономикалық, физикалық-географиялық және саяси процестердің ағымдағы жағдайына аналитикалық шолу жасау

  • Код ON10

    география мен тарихты оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын қолдана отырып, география мен тарихқа арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу

Top