Жаңа білім беру бағдарламасы

6B06111 Компьютерлік ғылымдар және программалық инженерия в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жақсы стильде бағдарламаларды жасай отырып, қолданбалы және практикалық есептерді шешуге қолдана білу, сдай-ақ алгоритмдердің күрделілігін бағалауды, бағдарламалауды, алынған нәтижелердің дәлдігін бағалауды және талдау құралдарын, қосымшаларды құру және жөндеу үшін әзірлемелер ортасын(лерін), әр түрлі есептерді шешуде заманауи компиляторлық ортаны қолдана отырып бағдарламаларды тестілеу.
  • Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін түсіне отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін сөйлесу.
  • Мәселелерді талдауды, мақсаттар мен міндеттерді қоюды, зерттеу объектісі мен мәнін бөлуді, зерттеу әдісі мен әдістерін таңдауды қоса алғанда, зерттеу және жобалау қызметін жүргізе білу, сдай-ақ бағдарламалық инженерияны, ақпаратты қорғаудың криптографиялық және техникалық құралдарын әзірлеу, орнату, күйге келтіру және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау.
  • Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік- экомикалық және инженерлік білімдерін көрсете білу, ғылыми және тәжірибелік зерттеулердің мәліметтерін, нормативтік құжаттар мен экомикалық талдау элементтерін математикалық өңдеу.
  • Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын пайдалану және белгісіздік жағдайында жұмыс жасау дағдылану.
  • Қорғауға жататын ақпараттық ресурстарды, ақпарат қауіпсіздігіне қауіп-қатерді және ақпараттық процестердің құрылымы мен мазмұнын талдау негізінде оларды жүзеге асырудың мүмкін жолдарын және қорғау объектісінің қызмет ету ерекшеліктерін анықтау.
  • Роботтың қозғалысын бағдарламалау, жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің бірінде бағдарламалық жасақтама әзірлеу.
  • Информатика саласындағы міндеттерді қалыптастыру және іс жүзінде шешу, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдану, орта арнайы оқу орындарында оқыту, зерттеу және өндірістік қызметті табысты жүзеге асыру.
  • Маркетингтік зерттеулерді жүзеге асыра білу және ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін арттыратын жобаларды құруға қатысу; жобалық есептеулердің алдын ала техникалық-экомикалық негіздемесін жүргізу.
  • Жеке түрде және команданың мүшесі ретіндетиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дәлелдей алу, өзінің ісін түзете білу және түрлі тәсілдерді қолдану.
  • Есептеу математикасының есептерін шешу үшін қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің мүмкіндіктерін қолдану; жаратылыстану ғылымдары, Математика және информатика туралы негізгі білімді, қолданбалы математика мен информатикаға қатысты теориялардың негізгі фактілерін, тұжырымдамаларын, принциптерін пайдалану.
  • Ақпараттармен жұмыс істей білу: ғылыми және кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті түрлі көздерден алынған ақпаратты табу, бағалау және пайдалану (сың ішінде жүйелік тәсіл негізінде) және қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық инженерияны басқару саласындағы кәсіби міндеттерді сауатты шешу.
Top