Жаңа білім беру бағдарламасы

6B06111 Информатика және компьютерлік ғылымдар в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Бағдарламалық жасақтама жасау, Web -сайттар мен компьютерлік модельдеу және үш өлшемді модельдеу принциптерін әзірлеу, бағдарламалық архитектура мен Web -сайттар құру, бағдарламалық құжаттамаға қойылатын талаптарды талдау әдістері мен құралдарын қолдану.
  • Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.
  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Математиканың негізгі бөлімдерін түсіну және корпоративтік шешімдерді әзірлеу әдістемесін, корпоративтік шешімдердің тиімділігін бағалау және бақылау әдістерін, қолданбалы оңтайландыру әдістерін кәсіби қызметте қолдану.
  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
  • Алгоритмдерді құру және талдау әдістерін қолдана отырып, бағдарламалау тілдерінде бағдарламалау, олардың күрделілігін, мәліметтер құрылымын, оларды бағдарламалау тілдерінің бірінде жүзеге асыру ерекшеліктерін бағалау, бағдарламалау тілдерінің құралдарын таңдау және қолдану.
  • IT пәндерін оқыту әдістемелерін, педагогикалық қызметтегі практикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әртүрлі ақпараттық ресурстармен, дайын бағдарламалық-әдістемелік кешендермен жұмыс істеу бойынша педагогикалық шеберлік дағдыларын қолдану.
  • BigData технологияларын, операциялық жүйелерді жобалау принциптерін қолдану, мобильді қосымшалар мен Web-ресурстарды құру, компьютерлік желіні жобалау негіздерін пайдалану, нәтижелерді талдау және жүйелер мен желілердің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар беру.
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ҚР стандарттарын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістемесі мен құралдарын, деректер базасының теориясын, ДҚБЖ, ақпараттық массивтерді құру және сығу әдістерін пайдалану, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ДҚБЖ мониторингін және ДҚ резервтік көшірмесін жүзеге асыру.
Top