Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01302 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Бұл пән басқару психологиясының теориялық және әдістемелік негіздерін, қазіргі жағдайдағы басқарушылық ойдың дамуының негізгі тенденцияларын, негізгі басқару функцияларын жүзеге асыру ерекшеліктерін, басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясын, сонымен қатар басқару процесінің психологиялық аспектілері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және осының негізінде болашақ кәсіби іс-әрекеттің тиімділігін арттыру, басқару процесі туралы күрделі әлеуметтік-психологиялық білімді қалыптастыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Бастауыш білім берудегі Lesson Study технологиясы

    Бастауыш білім берудегі Lesson Study технологиясының теориялық және әдістемелік негіздерін талдап, артықшылықтарын саралайды. Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты, ұжымдық мәдениетті қалыптастыру; мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аудару; бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсіну; кәсіби педагогикалық білімін дамыту; сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастыру; білімнің ғылыми мағынасына түсіну және зерттеушіге айналу мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Рефлективті оқыту теориясы мен әдістемесі

    Рефлективті оқыту әдістемесін бастауыш мектепте қолдану мәселесін зерделейді. Базалық кәсіби даярлаудың екі деңгейін: мектепте практикалық даярлықтан өту мен үздіксіз кәсіби даму жолдарын талдайды. Сабақ беру практикасы, оқушылармен қарым-қатынас, жүріс-тұрыс, оқу бағдарламаларын құру, оқыту мен сабақ стратегиясы, баға қою мен бағалау процесі жөніндегі мәселелерді саралайды. Мұғалімнің кәсіби деңгейін тереңірек бағалау принциптері мен тұжырымдамаларын зерделейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дербес пәндерді оқытудың әдістемесі

    Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми негіздерін саралайды. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша оқытылатын дербес әдістемелік пәндердің базалық білім мазмұнын зерделейді. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша дербес әдістемелік пәндерді жоспарлау жүйесін талқылайды. Дербес әдістемелік пәндерден студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру әдістемесін, педагогикалық практика барысында студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Цифрлық педагогика

    Цифрлық дәуір педагогикасына, ХХІ ғасырдағы білім беру үдерісін сандық жүйеге көшіру мәселесін талдайды. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен талдайтын оқулықтарға шолу жасайды. АКТ-мен, виртуалды шынайылықпен, желілік кеңістікпен, жасанды интеллект жасаудың дамуымен толығып, өзгеріп отырған педагогика ғылымының жаңа сатысына біртіндеп көтерілуге қажетті мүмкіндіктерді саралайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Менеджмент

    Бұл пән магистранттардың кәсіби стандарт талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттіліктерін, стратегиялық және инновациялық менеджмент дағдыларын, білім беру сапасын бағалауды, сондай-ақ еңбекақы төлеуді ұйымдастыру, білім беру мекемелерін қаржыландыру, оқу-материалдық базаны қалыптастыру және дамыту ерекшеліктерін және білім беру мекемелерінің жұмыс істеуіне қойылатын басқа да көптеген экономикалық талаптарды қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәнді оқыту кәсіби лексиканы игеруге, кәсіби деңгейде диалог жүргізе білуге бағытталған шет тілін қарқынды оқытуды қамтиды. Сөйлеу іс-әрекетінің төрт түрінде шет тілін меңгеру дағдыларын кеңейту және тереңдету көзделеді: арнайы әдебиеттерді оқу, шет тілінде сөйлеуді тыңдап-түсіну, педагогикалық және кәсіби бағыттағы жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Бастауыш білім берудегі зерттеулер

    Білім берудің түрлі аспектілері мен ұлттық оқу бағдарламаларының жасақталуына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерді талдай отырып, білім беруді қаржыландыру, оның құрылымының кеңеюі мен өзгеруі жөніндегі мәселелерді саралайды. Білім берудегі соңғы жетістіктерге тоқталып, адамның мінез-құлқы, мотивация, жетістік және өзін-өзі бағалау жөніндегі білімін арттыруға көмектесетін оқыту стильдері, стратегиялары, тәсілдемелері мен преференцияларына қатысты жүргізілген зерттеулердің мәнін талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бастауыш мектептегі ӨМШТ (ТРИЗ) технологиясы

    Бастауыш мектепте өнертапқыштық тапсырмаларды шешу технологиясын қолдану әдістемесінің теориялық аспектілерін саралайды. ӨТШТ технологиясының философиялық және әдіснамалық негіздерін қарастырады. Шығармашыл тұлғаны дамыту теориясының негізгі ұстанымдарына, оқушылар әлеуетін ӨТШТ технологиясының негізінде дамытудың ерекшеліктеріне, бастауыш сыныпта өнертапқыштық тапсырмаларды шешу технологиясын қолдану әдістемесіне талдау жасайды. Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу технологиясының әдіс-тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Бастауышта зерттеу жобасын жүргізу

    Зерттеу жобасын жүргізу процесінің кезеңдерін саралайды. Зерттеу жобасына дайындалу; зерттеуге қатысты сұрақтар әзірлеу; зерттеудің этикалық нормаларды сақтауы; әдістерді таңдау және тәжірибеден өткізу; деректер жинау және талдау; зерттеу жүргізуде қажет болатын қадамдар туралы мәселелерді айқындайды. Зерттеу саласында қамтуға болатын бақылау тізімі, зерттеу процесін жан-жақты ашатын, жұмыстың әр қадамын жоспарлауға мүмкіндік беретін құралдарды талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Этика теориясы мен қазіргі мәселелері

    Этика теориясы мен қазіргі мәселелерін зерделейді. Эвтаназия, мораль, әділ экономика және жаһандану этикасын талдайды. Саланың теориясы мен практикасы ұштастырылып, тарихи және заманауи еңбектер мен дәстүрлі және қазіргі дереккөздерге негізделіп жасалған философиялық тұжырымдар, этикалық теориялармен қазіргі моральдық пікірталастардың негізгі аспектілерін зерделейді. Түрлі пікір мен философиялық мәселелерді талқылайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Менеджмент, басқару психологиясы салаларының теориялық мәселелерін, негізгі ғылыми концепцияларын сыни тұрғыдан талдайды, қоғам мен ғылым дамуының жалпы мәселелерімен, өмірдегі жағдаяттармен байланыстырып тұжырымдайды;
  • Оқу үдерісінде тілдік және қатысымдық дағдыларды, сандық ресурстарды, инновациялық технологияларды қолданады;
  • Бастауыш білім беру саласында ӨМШТ, Lesson Study технологияларын жүзеге асырады;
  • Білім беру жүйесінің міндеттеріне сәйкес дербес пәндерді оқытудың әдістемесін меңгереді;
  • Бастауыш білім берудегі зерттеулерді және зертеу жобасын жүргізу әдістемесін тәжірибеде қолданады
  • Этика теориясы мен адалдық мәдениетін ұстана отырып, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Рефлективті оқыту теориясы мен әдістемесінен игерген білімдеріне сүйене отырып, білім беру сапасын, бағалау жүйелерін сараптайды;
  • Игерген теориялық білімдерін ғылыми тағылымдама мен практикалық іс-әрекетте жалпылайды.
Top