Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01401 Музыкалық білім в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Осы білім беру бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, бағыттары мен мазмұнын түсінуді, оны жүзеге асыру перспективасын, музыкалық білім беру мен аралас ғылымдардың ерекшеліктерін, қазіргі заманғы әлемде кәсіби құзыреттілік пен әлеуметтік ұтқырлыққа кепілдік беретін түсініктерді көрсетеді;
  • Оқытудың тиімді әдістерін және оқыту технологияларын, білім алушыларда тереңдетілген музыкалық білімді қалыптастыруға бағытталған оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлейді;
  • Өзінің педагогикалық, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметін жобалайды;
  • Ғылыми және музыкалық-педагогикалық білім берудің жеке траекториясын жүзеге асыру үшін шығармашылық мақсаттарды және одан әрі кәсіби өсу перспективаларын ескерудің мүмкіндіктерін жасайды;
  • Ғылыми және шығармашылық қызметте, мәдениетаралық коммуникацияда алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолданады;
  • Кәсіби қызметте зерттеу және сандық дағдыларды, инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін қолданады;
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеу коммуникациясының кәсіби дағдылары бар;
  • Жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке, еңбек нарығында бәсекелік қабілеттілігіне ие.
  • Музыкалық білім беру жүйесінің маманын кәсіби тереңдетіп даярлауға бағытталған философиялық, тілдік, психологиялық-педагогикалық, тарихи-теориялық, орындаушылық пәндердің мазмұнын біледі;
  • Интеллектуалдық және шығармашылық дамудың жоғары деңгейін, адамгершілік, этикалық және құқықтық нормаларды, ойлау мәдениетін меңгеруін көрсетеді;
  • Білім алушыларға білім беру және тәрбиелеу процесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
  • Оқу процесіне өткен және қазіргі заманғы отандық және шетелдік атақты педагогтардың озық педагогикалық тәжірибесін енгізеді;
Top