Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02102 Аспаптық орындаушылық в Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары білім беру деңгейіндегі музыкалық оқу орындарында ғалымның музыкалық-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі музыкалық білімге қатысты оқытудың, педагогикалық теориялар мен ғылыми зерттеулердің алуан түрлі әдістемелерінің кең ауқымын көрсетеді.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 183
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D023 Аспаптық орындаушылық
  • Дайындық бағыты 8D021 Өнер

Оқыту нәтижелері

  • Жүргізілген зерттеуден алынған білімді қолдану және одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктер таба білу.
  • Түсінуді кеңейту және жаңа білім мен оқу өнімдерін жасау үшін өзінің көркемдік тәжірибесіне немесе музыкалық кеңістігіне сүйене отырып, зерттеу пәнінің проблемалық мәселелерін контекстпен анықтай және келісе білу.
  • Жан-жақты ортада нәтижелерге қол жеткізу тәжірибесі мен әдістеріне әсер ету үшін тәжірибелік, коммуникативтік және желілік дағдылардың кең ауқымын пайдалана отырып, әріптестерді қолдай, басқара және ынтымақтаса білу.
  • Өз көркемдік тұжырымдамаларының призмасы арқылы музыканы жоғары кәсіби деңгейде түсіндіре және талдай білу.
  • Шығармашылық іс-әрекет/тәжірибе шеңберінде іске асыруда, қайта жасауда, өңдеуде және /немесе өндеуде түпнұсқалық түсінік пен инновациялық шешімдерді құжаттай тіркеу және көрсете білу.
  • Жүргізілген зерттеулердің этикалық және құқықтық салдарларын, ұлттық және халықаралық мән мәтінді және зерттеулерге қатысты барлық тұлғалардың меншік құқығын сезіне отырып, зерттеу практикасында кәсіби стандарттарды назарға алуға дайын болу.
  • Әртүрлі аудиторияға әсерін назарға ала білу және мамандар мен әуесқойлар аудиториясында дұрыс түсініктің пайда болуына ықпал ету.
  • Тиісті әдебиеттен және / немесе басқа ресурстардан алынған білімдерді қарастыра, түсіндіре, талдай, бағалай, басқара, сақтай және басқараларға бере алу.
  • Кез келген ықтимал тәуекелдерді және/немесе жағымсыз әсерлерді бағалай отырып, қаржыландырудың ықтимал көздерін қоса алғанда, тиісті әдіснамалық процестер мен ресурстарды таңдай және пайдалана отырып, зерттеу мен жобаларды белгілей, жоспарлай, орындай және ұсынай алу.
  • Өзінің оқып үйрену/зерттеу нәтижелерін және басқалардың нәтижелерін жүйелі және сыни талдай және бағалай алу.
  • Әлеуметтік, мәдени, көркем, этикалық және экономикалық аспектілерде зерттеу/зерттеу нәтижелерінің құндылығын анықтай білу.
  • Өз оқу саласындағы негізгі мәселелерді анықтай білу, оларды сыни тұрғыдан қарап, инновациялық шешімдерді таба білу.
  • Мақсатты аудиториялардың қажеттілігін назарға ала отырып, зерттеу нәтижелеріне қатысты ақпаратты хабардар ету мен таратудың тиімді және тиісті әдістері мен техникасын анықтай білу, таңдай және қолдана білу.
Top