Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01704 Шет тілі: екі шет тілі в Шымкент университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • оқып жатқан тілдіің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, стилистикалық нормаларын меңгереді; тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа түседі; қоғамдық пікірге, дәстүрге, әдет-ғұрыпқа негізделген әлеуметтік және мәдени құндылықтардың мәнін түсінеді және оларды өз қызметінде пайдалана алады;
  • ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау жәнеесептеу сауаттылығына цифрлық технологияларды жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие бола алады;
  • академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып , кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс, ағылшын және екінші шет тілдерінде еркін , кәсиби және мәдениетаралық қарым-қатынасқа дағдыларын қалыптастыра алады;
  • белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын қолдана алады; ғылыми зерттеудің әдістерін және академиялық хатты біліп оларды оқытылатын салада қолдана алады; тілдің ғылыми зерттеу әдістерін және тәсілдерін іріктеп алу кезеңін ұйымдастыра алады, педагогикалық эксперементті ұйымдасыру әдістерін жүйелей алады;
  • білім алушылардың мінез-құлқын басқару олардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, тәрбие жұмысының әдістемелерін, тәрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамаларын пайдалану және білім алушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдем береді;
  • шетел тілін меңгерудің халықаралық стандарттарына, мемлекеттік стандарттарда белгіленген дескрипторларға сәйкес студенттердің өзіндік тұлғалық өсуі мен дамуын бағалайды және модельдейді, өз бетінше білім алу және өздігінен білім алу үшін әртүрлі ақпарат көздерін пайдаланады;
  • қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдаланады; өзінің және басқалардың идеяларын, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамытады;
  • білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиісті әдістемелерімен құралдарын айқындай отырып, білім алушылардың ерекшеліктерімен қажеттіліктерін ескере отыр, жоспарлар жасайды және сабақтар өткізеді;
  • грамматикалық білімдер жүйесі негізінде тіл мен сөйлеу құралдарын қолдануды жүзеге асырады; коммуникациялық жағдайға сәйкес ақпаратты талдайды; шет тілінде қарапайым коммуникациялық дағдылардың болуы; өзінің пәндік саласын түсініп және алған білімдерін кәсіби қызметте ауызша және жазбаша түрде қолдана алады; мәтіндермен жұмыс жасап, қазіргі ағылшын тілінің функционалды стильдерін таңдай алады;
  • шет тілі мұғалімінің функционалдық міндеттері шеңберінде педагогикалық, психологиялық құбылыстарды анықтап, олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындыларымен ұсыныстарды жасайды, басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктерімен психологиялық шарттарын талдап жоспарлайды;
Top