Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Білім алушылардың тіл білімдік және кәсіби қарым-қатынастық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, қазақ тілі заңдылықтары мен теориялық негіздерін (лексикалық, фонетикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) біледі, сала бойынша кешенді лингвистикалық талдау жасау дағдысын меңгереді және лингвистикалық терминология жүйесі мен әрбір тіл білімдік саланы мектепте жаңаша оқытудың әдістемелік жүйесі мен жаңа технологияларды тиімді қолдану жолдарын анықтайды.
  • Білім алушылардың кәсіби әдістемелік және жаңаша оқыту жұмысына негізделген құзыреттіліктерін қалыптастырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін қазақ тілді және орыс тілді аудиторияда оқытуға бейімдеп, нақты білім беру нәтижелеріне жету үшін әдістемелік міндеттерді заман талабына сай шешуге дағдыланады.
  • Білім алушылардың лингвомәдени, ғылыми-пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырып, мәдени қарым-қатынас жасауда кәсіби, іскерлік және ақпараттық құжаттарды, ғылыми мақала-мәтіндерді сауатты жазуға қажетті тілдік дағдыларды (стиль, лексика, мәтін құрылымы, т.б.) меңгереді, мәтінге тілдік талдау жасау әдістерін біледі және ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге бейімделеді.
  • Білім алушылардың әдеби танымдық құзыреттілігін қалыптастырып, қазақ әдебиеті тарихының даму және қалыптасу кезеңдері, қазақ әдебиеті теориясының бағыттары мен концепциясы, көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіндіреді, көркемдік-эстетикалық даму жолдары туралы терең білім мен әлем әдебиеті дамуының заңдылықтарын меңгереді және жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес мектепте әдебиетті оқыту әдістемесінің негіздерін біледі.
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік негіздерін анықтап, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың оңтайлы формалары мен әдістерін таңдайды және қолдануда жұмысты тиімді ұйымдастырады, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша кәсіби қызмет аясында қайшылықты идеяларды сыни тұрғыда қабылдап, мәселелерді өздігінен және тиімді шеше білуді үйренеді, пәндік-тілдік оқытудың технологияларын есепке ала отырып, көптілді коммуникациялық ортада оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін үйлестіреді.
  • Лингвистикалық теориялар, заңдар мен лингвистикалық ғылым заңдылықтары саласындағы қазіргі заманғы ғылыми-теориялық көзқарастарды, оның ұғымдық-категориялық аппаратын біледі және қазіргі қазақ жазуын латын графикасына көшірудің мақсаты мен алғышарттары туралы көзқарастар мен проблемеларды сыни тұрғыдан талдайды.
  • Аударма теориясы мен тәжірибесінінің негізгі ұстанымдарын, тіл мен мәдениетаралық қатынас теориясын, мәдениетаралық қарым-қатынас пен аударма процесіндегі өзара іс-қимылдың түрлі коммуникативтік жағдайлардағы әр түрлі тілдік мәдениеттер өкілдерімен тұлғааралық байланыстарды жүзеге асырады, (аударманың әр түрлі іске асырудағы) кәсіби және лингвистикалық құзыреттілігін қолданады.
Top