Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01509 Биология в QYZPU

Пәндер

  • Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы

    Курсты меңгеру барысында студенттер өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылыс ерекшеліктерін сипаттайды, өсу және даму заңдылықтарын зерттейді. Клетка құрылысына, ұлпаларға, тұқымға, көбеюге байланысты зертханалық сабақтарда өтілетін тақырыптарға талдаулар жасай алады. Салыстырмалы морфологиялық тәсілді және алған білімді ғылыми өндірістік және практикалық жұмыстар жүргізу барысында қолданады.

    Несиелер - 5
  • Омыртқасыздар зоологиясы

    Курста студенттер омыртқасыз жануарларды жүйелейді. Олардың эволюциясы мен филогенетикалық байланыстарын, тіршілік әрекетін, қоршаған ортаға таралуын зерттейді. Омыртқасыз жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процестерін, дамуын, көбею ерекшеліктерін сипаттайды және салыстырады. Табиғи және бекітілген сұйықтықтардағы жануарлармен, зертханалық жабдықтармен жұмыс істейді.

    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Энтомология

    Энтомология пәнінде студенттер насекомдардың шығу тегін, систематикасын, құрылысының морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктерін, биологиясын, өсу және дамуының экологиялық ерекшеліктерін, практикалық маңызын зерттейді. Пайдалы және зиянды насекомдар түрлері мен оларды шаруашылықта қолдану жолдарын біледі.

    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады. Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық статистика негіздері

    Пәннің мақсаты - студенттерді жүйелі ойлаудың формалары мен заңдылықтарымен таныстыру, студенттерді жүйелі ойлауға үйрету, оларда негізделген дәлелдеу дағдыларын дамытуға көмектесу болып табылады. Студенттер деректерді жинау, өңдеу және идеялар ұсыну процесін түсінеді, қарастырылатын объектінің немесе құбылыстың жағдайын бағалауда деректерді сандық және сапалық талдауды қолдану дағдылары қалыптасады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эмоционалды интеллект

    Пән Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағдарлары мен басым бағыттары контекстіндегі педагогтың тьютор рөлін игеруіне бағытталған. Студенттер қазіргі мектептің білім беру процесіндегі эмоционалды интеллекті мен икемді құзыреттіліктердің орнын анықтайды. Икемді дағдыларды, соның ішінде оны цифрлық ортада дамытуды ескере отырып, білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын қолдана алады. Әртүрлі жастағы оқушылардың эмоционалды интеллектісін бағалау мен дамытудың технологияларын меңгереді.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курс құқықтық сауатты, заңға бағынатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттерін біледі және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытады. Студенттер өз қызметінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларын қолдана алады. Курс заңдылық түсініктерін, этикалық қағидалары мен қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаларын дамытады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің эволюциясы

    Пәнді оқу барысында студенттер флора мен фаунаның эволюциясын, жердегі тіршіліктің алғашқы кезеңдерін, тіршілік иелерінің дамуын, түрлердің қалыптасуының жүйелі ерекшеліктерін зерттейді. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы айырмашылықтарды салыстырмалы талдау негізінде қарапайымдылардан жоғары сатыдағы организмдерге дейінгі даму кезеңдерінің күрделілігін анықтай алады.

    Несиелер - 6
  • Педагогикалық психология

    Пәннің мақсаты әр түрлі жас кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу психологиясы саласындағы білімді қалыптастыру болып табылады. Оқушыларды мектепте жетістікке жетуге ынталандырудың психологиялық жолдары туралы нақты түсінік қалыптасады және танымдық процестердің сапасын бағалайды. Студенттер мұғалім-оқушы-ата-ана жүйесінде сындарлы қарым-қатынас үлгілерін ассимиляциялау арқылы коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытады. Курстың соңында олар білім берудегі психологиялық-педагогикалық тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгереді.

    Несиелер - 6
  • Өсімдіктер систематикасы

    Студенттер өсімдіктердің әртүрлі тұқымдастардың құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің толық морфологиялық сипаттамаларын біледі. Өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін талдау негізінде олардың таксономиялық жүйесін анықтай алады. Өсімдіктерді халықаралық номенклатураға сәйкес тұқымдас, туыс, түрлері бойынша ажырата алады. Оқушылармен табиғаттағы әртүрлі биотоптар бойынша биологиялық экскурсиялар жүргізеді. Өсімдіктерді гербаризациялау және зерттеу дағдыларын меңгереді.

    Несиелер - 6
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі

    Пән студенттерде ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімн қалыптастырады, кәсіби қызмет саласында ақпарат пен деректерді жинаудың, сақтаудың және өңдеудің заманауи әдістерін меңгертеді, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің оқу, сөйлеу, сөйлеу. жазу, тыңдау сияқты төрт түрі бойынша академиялық байланыс дағдыларын дамытады.

    Несиелер - 5
  • Жас ерекшелік морофлогиясы

    Бұл пәнді оқу барысында студенттер жеке даму (онтогенез) процесінде ағзадағы құрылымдық өзгерістердің ерекшеліктерін және организмнің қалыптасу заңдылықтары туралы ғылымды оқып меңгереді. Жас ерекшелік морфологиясы курсының мазмұны балалар мен жасөспірімдердің даму үйлесімін бағалауға, ағза конституциясының түрін анықтауға мүмкіндік беретін және қоршаған орта факторларының, оның ішінде адамға зиянды әсер ететін ерекше жүктемелердің және әсер етуінің антропоскопиялық және антропометриялық әдістерін зерттеу болып табылады.

    Несиелер - 6
  • Жас ерекшелік физиологиясы

    Жас ерекшелік физиологиясы курсында студенттер әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін, құрылымдық ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Несиелер - 6
  • Териология

    Териология пәнін оқу барысында студенттер сүтқоректілердің жүйеленуі, сипаттамалары, шығу тарихы, құрылысының ерекшелігі, жердегі тіршілікке бейімделу жолдары, эволюциясы, алуантүрлігі және маңыздылығы туралы білімді игереді. Сүтқоректілер бейімделу және эволюция әлеміндегі жануарлар түрлерінің ең дамыған класы болғандықтан, олардың даму ерекшеліктерін қоршаған ортаға түсінудің кілті болып саналады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Омыртқалылар зоологиясы

    Зоология - бұл экологиялық және эволюциялық тәсілдер негізінде жануарларды зерттеудің молекулалық-генетикалық, физиологиялық, морфологиялық және мінез-құлық бағыттарын зерттейтін іргелі ғылым. Осы тұрғыдан алғанда, омыртқалылар зоологиясы курсы омыртқалылардың құрылысы мен тіршілік әрекетін түсіндірудің негізі, себебі бұл курста адамның да жүйелік орны қарастырылады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Пән студенттердің әрбір мүшесі өзінің құндылығы мен маңыздылығын сезінетін инклюзивті қоғам қағидалары туралы түсінігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты физиологияны, анатомияны жақсы біледі, жасерекшелік физиологиясы туралы терең білімге сүйене отырып, танымдық дағдылардың қағидаларын түсінеді, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасай алады, инклюзивті білім беру ортасын құрудың стратегияларын біледі және оны жүзеге асыра алады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Цитология, гистология және эмбриология

    Пәнді оқу барысында студенттер жасушалардың құрылымы мен химиялық құрамын, қызметін, жасушалардың көбеюі мен құрылымындағы жалпы заңдылықтарды меңгереді. Ұлпалардың классификациясы, қызметі және жыныс жасушаларының қалыптасуы, дамуы мен ұрықтану процесі, эмбрионалды дамудың негізгі кезеңдері жайлы білімдері қалыптасады. Жасушаның, ұлпаның микроскопиялық құрылысын зерттеу әдістерін меңгереді.

    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Педагогика және дидактика

    Пәннің мақсаты ғылым ретінде педагогика туралы жалпы түсінік пен зерттеуге бағытталған оқыту концепцияларын қалыптастыру. Студенттер педагогика ғылымының дамуының тарихи алғы шарттарын меңгереді, дидактиканың негізгі заңдылықтары мен қағиаларын түсінеді. Студенттер цифрлық құралдарды пайдалана отырып, өзекті ғылыми ақпараттарды іздеуді және талдауды жүзеге асырады, педагогика мен дидактиканың іргелі негіздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын білдіруге қабілетті.

    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Адам анатомиясы

    Адам анатомиясы курсын игеру кезінде студенттер адам ағзасының формасы мен құрылымын, пайда болуы мен дамуын зерттеді. Анатомия жас, жыныстық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дене бөліктері мен мүшелерінің пішінін, құрылымын, орналасуын және топографиялық қатынастарын жүйелі түрде сипаттауды қамтамасыз етеді.

    Несиелер - 5
  • Биохимия

    Курста белоктар құрамына кіретін амин қышқылдарының классификациясын, физико-химиялық қасиеттерін, кеңістіктегі құрылымын сипаттайды. Ферменттердің химиялық құрамы мен әсер ету механизмін және катализдейтін реакцияларын біледі. Зат алмасудың жалпы заңдылығына және ондағы витаминдер мен гормондардың ролін қарастырады. Тірі организмдегі көмірсулар мен липидтердің қорытылуы мен сіңуін және белок биосинтездегі транскрипция және трасляция процестерінің механизмдерін меңгереді.

    Несиелер - 5
  • Ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктер физиологиясының орнықтылығы

    Пәнді оқу барысында студенттер қолайсыз жағдайлардың өсімдіктерге әсерін зерттейді. Нәтижесінде студенттер өсімдіктерде пайда болатын әртүрлі стресстік жағдайларды бақылайды. Қолайсыз жағдайлардың баяу дамуынан туындаған стресстерге өсімдіктердің бейімделу процестерін қарастырады. Өзгертілген жағдайлар қайтымды физиологиялық процестер екенін түсінеді.

    Несиелер - 6
  • Кәсіби этика және сәйкестік

    Пәннің мақсаты студенттерді кәсіби педагогикалық ортада қабылданған көзқарастармен, құндылықтармен, білімдермен, сенімдермен және дағдылармен таныстыру. Студенттер педагогикалық немесе басқа да қызмет аясында көшбасшылық және белсенділік дағдыларын, Қазақстанның ұлттық және мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілігін дамытады, кәсіби этикамен танысады, оны құндылық ретінде қабылдай отырып, қатаң сақтауды үйренеді. Студенттер мансап жолын жоспарлай отырып, өзін-өзі талдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамытады.

    Несиелер - 6
  • Биологияны оқыту әдістемесі

    Курсты оқу барысында студенттер Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес іске асыру контекстінде оқытудың заманауи мақсаттары мен міндеттерін жалпы білім беретін мектептегі негізгі биология пәнінің құрылымы мен жаңартылған пәндік мазмұнын зерттейді; критериалды бағалау жүйесін түсінеді; педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданады; IT-технологиясымен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

    Несиелер - 10
  • Жеке даму биологиясы

    Курсты игеру барысында студенттер ағзалардың онтогенетикалық даму заңдылықтарын меңгереді. Студенттер организмдерде өтетін макро - және микроморфологиялық, физиологиялық-биохимиялық, молекулалық және генетикалық процестер туралы, сондай-ақ жануарлар мен өсімдік организмдерінің онтогенезінің барлық кезеңдерінде даму процесін басқаратын факторлар мен механизмдер туралы түсініктерді біледі.

    Несиелер - 5
  • Критериалды бағалау технологиясы

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады

    Несиелер - 5
  • Энзимология негіздері

    Энзимология негіздері курсында студенттер ферменттер туралы білімді игереді. Барлық биологиялық процестердің негізінде жатқан және өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және медицинаның әртүрлі салаларында қолданылатын биохимиялық реакцияларды катализдейтін немесе тежейтін ақуыз молекулаларының жұмыс принциптерін зерттейді.

    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер физиологиясы

    Курсты оқу барысында студенттер өсімдік организмдерінің тіршілік әрекетінің жалпы заңдылықтарын, өсімдік организмдерінің минералдық заттар мен суды сіңіру процестерін, өсу және даму, гүлдену және жеміс беру, тамыр (минералдық) және ауа (фотосинтез) арқылы қоректену, тыныс алу, биосинтез және әр түрлі заттардың жинақталу процестерін меңгереді. Пәннің мақсаты - студенттерге өсімдіктің негізгі физиологиялық процестері, оларды реттеу механизмдері және өсімдіктердің қоршаған ортаның жағдайларымен өзара әрекеттесу заңдылықтары туралы заманауи түсінік беру.

    Несиелер - 6
  • Жас ерекшеліктер эндокринологиясы

    Жас ерекшеліктер эндокринологиясын игерудің мақсаты эндокринологиялық аурулар туралы жүйелік білімді қалыптастырады және эндокринологиялық аурулары бар науқастарды диагностикалайды және басқару дағдыларын қалыптастыра отырып, салыстырады. Студенттер клиникамен танысады, эндокринологиялық ауруларды анықтайды, жедел эндокринологиялық жағдайларда көмек көрсетудің тәртібі мен шарттарын зерттейді.

    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Адам және жануарлар физиологиясы

    Курстың мақсаты ағзадағы физиологиялық процестердің жалпы заңдылықтары мен механизмдері туралы теориялық білімді қалыптастыру. Курсты меңгеру барысында студенттер ағзаның тіршілік әрекетінің физиологиялық процестерін реттеу, сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне бейімделуін, ағзаның физиологиялық процестерін және олардың өзара байланысын сипаттайды; адам мен жануарлар ағзасында жүретін процестерді зерттеудің заманауи әдістерін қолданады, ағзаның функционалдық резервтерін бағалайды және ағзаның өмірлік функциялардың көріністерін сипаттайды

    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Генетика және молекулалық биология негіздері

    Студенттер генетика және молекулалық биологияның даму тарихы мен зерттеу әдістерін және басқа ғылымдармен байланысын оқып үйренеді. Сонымен қатар тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері яғни ядроның, хромосоманың, ДНҚ-ның құрылымдық ерекшеліктерімен танысады. Г.И. Мендель заңдарына тоқталып, яғни моно және дигибридті (аллельді емес гендердің әрекеттесуі) будандастыруға есептер шығара отырып тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің ұрпақтар бойында сақталуын анықтай алады. Онтогенез барысында, адам генетикасына тоқталып шежіре құру әдісін үйренеді.

    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Эволюциялық ілім

    Курс заманауи эволюциялық теорияның қалыптасу тарихын және оның негізгі ережелерін, микро- және макроэволюция процестерінің ерекшеліктерін, түр түзілу концепциясын, популяцияның генетикалық құрылымын, модификация мен мутациялық өзгергіштіктің себептерін, абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлардың тірі организмдердің тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікке әсерін меңгеруге бағытталған.

    Несиелер - 5
  • Экологиялық білім беру

    Курста адам, қоғам және табиғат арасындағы қарым-қатынас әсерінен туындаған экологиялық мәселелердің қалыптасу заңдылықтары мен шешу жолдары қарастырылады. Студенттер экологиялық мәселелерді талдау, саралау арқылы сыни тұрғыдан бағалайды. Экологиялық білім берудің тиімді әдістерін зерттейді. Мектеп оқулықтарындағы тақырыптарға сәйкес экологиялық білім беруге қажетті дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

    Несиелер - 4
  • Антропология

    Бұл курста студенттер адамның және адамның нәсілінің эволюциясы, адамның физикалық құрылымы, этникалық және басқа да халықтардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін меңгереді. Студенттер адам мәдениеті мен өркениетін қалыптастыру, әр түрлі тарихи кезеңдерде және әртүрлі аумақтарда адамзат қоғамының құрылымын зерттейді.

    Несиелер - 5
  • Қоршаған орта туралы ілім

    Курста білім алушылар қоршаған ортаға зиян келтіретін экологиялық қауіпті факторлардын, мутагендер мен канцерогендердің әсерлерін, ауыр металдармен, пестицидтермен ластануын, зерттейді. Канцерогенез механизмдерін түсінеді. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және табиғат байлықтарын тиімді пайдалану жолдарын біледі.

    Несиелер - 4
  • Педагогикалық зерттеулер негіздері

    Пән педагогикалық зерттеу саласында зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған. Студенттер зерттеудің негізгі сапалық және сандық әдістерін біледі, ғылыми әдебиеттерді талдай алады, Action research, lesson study әдістемелерін, бақылау мен рефлексияны меңгерген. Студенттер деректерді өңдей алады және көпшілікке ұсыну үшін зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде құрастыра алады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 10

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Қазіргі заманғы биология ғылымы саласындағы білімдерді меңгереді, жоғары кәсіби оқытушылардың тәжірибесін зерттейді, жинақтайды, қолданады және таратады.
  • Өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің қоршаған ортаға таралуы, жүйеленуі, эволюциясы және филогенетикалық байланысының принциптерін оқыту үдерісінде қолданады;
  • Молекулалық биология, биотехнология, және микробиологиялық зерттеу әдістерін меңгереді, ғылыми жобаларда қолданады.
  • Адам ағзасының негізгі құрылымын, тарихи дамуын, жас ерекшеліктерін және оның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін талдайды.
  • Оқу процесінде алған білімдерін, оның ішінде тірі ағзалардың дамуының құрылымдық, функционалдық ерекшеліктерін ажыратады;
  • Зерттеудің мақсаттары мен принциптерін анықтайды, биологиялық тәжірибелердің нәтижелері бойынша ғылыми негізделген шешімдерді қабылдай біледі, нәтиже қорытындыларын нақты тұжырымдайды;
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Педагогикалық іс-әрекетке мотивациясы жоғары, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі тануға ұмтылады.
  • Зертханалық жағдайда алынған тәжірибелік мәліметтерді салыстырмалы талдайды, өз бетінше шешім қабылдайды, қажетті ақпаратты сыни тұрғыда бағалайды.
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
Top