Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01514 Информатика және робототехника в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызмет процесінде физика-математикалық аппаратты, информатика теориясын, компьютерлік модельдеу әдістерін, зерттеудің есептік және эксперименттік әдістерін қолданады.
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Қойылған міндетке сәйкес ақпараттық жүйені жобалайды және компьютерлік жүйелер мен желілерде деректерді қорғауды қамтамасыз етеді.
  • Кәсіби қызметте желілер мен веб-қосымшаларды әзірлеудің желілік ресурстарын және аспаптық программалық құралдарын пайдаланады.
  • Арнайы программалық қамтамалар көмегімен объектілер, процестер мен құбылыстардың модельдерін өңдеу және визуализациялау әдістерін қолданады.
  • Қолданбалы есептерді шешудің программалық прототиптерін және компьютерлік қосымшалар жасау үшін жоғары деңгейлі программалау тілдерін қолданады.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Виртуалды орындаушылар мен жасанды интеллектіні басқару үшін алгоритмдер құрады, сондай-ақ әр түрлі әзірлеу орталарында роботтардың модельдерін құрастыру және программалау технологияларын меңгерген.
  • Бағалау түрлерін ажыратады, сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін информатика мен робототехниканы оқытудың мазмұнды және әдістемелік аспектілерін қолданады.
Top