Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01514 Информатика және математика в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

  • Компьютер сәулеті және операциялық жүйелер

    Компьютерлік техниканың даму тарихы, компьютер архитектурасы, ішкі құрылғылардың физикалық, логикалық сипаттамалары, компьютер құрылысында операциялық жүйелердің даму бағыттары мен жіктелуін біледі; компьютерді құрастыру және жаңғырту, бағдарламалық жасақтаманы баптау, машиналық кодтау, жоғары деңгейлі тілдерде операциялық жүйеге қарапайым қосымшалар құру жұмыстарын жасайды;

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық талдау

    Білім алушы айнымалы шамаларды зерттеудің әдістерін толық сипаттайды; дифференциалдық және интегралдық есептеулер мағыналарын ажыратады; теоремаларды дәлелдеу барысында талдаулар жасайды; классикалық және қазіргі заманғы модельдерін талдаудың негізгі құралы ретінде алған теориялық білімін өз бетінше есептер шығаруда қолданады;

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

    Курс салауатты, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мен дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық және гигиеналық ерекшеліктерін, сонымен қатар физиологиялық функциялардың педагогикалық әсерге жауап беру ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, курсты оқу барысында студенттер мүшелердің, мүшелер жүйесінің, жалпы организмнің сыртқы ортамен байланысты қызметінің ерекшеліктерін салыстырады. Осыған байланысты студенттер оқу процесін ұтымды етуге, аурудың алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған оқушының үйлесімді дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыру әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Педагогика

    Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі психология

    Курс білім беру психологиясы саласында теориялық білімді қалыптастыруға және практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған. Пән білім алушылардың ойын және оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін ашады. Бұл курс аясында білім беру ұйымдарында оқыту кезінде баланың әртүрлі жас кезеңдеріндегі даму заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктеріне маңызды мән беріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Python тілінде бағдарламалау

    Білім алушылар Python бағдарламалау тілінің синтаксисі мен алгоритмін құруды, құрылымдық бағдарламалау парадигмасын, деректер құрылымын талдап, алгоритмдерді әзірлеу дағдыларын қалыптастырады, түсінеді; қорғау тәсілдері мен құралдарын сипаттайды; қолданбалы есептерді талдайды; жобалау және бағдарламалау әдістерін, бағдарламаны құрудың барлық кезеңдерінде сандық технологияны қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Аналитикалық геометрия

    Курс векторлық алгебра мен геометриялық фигураларды зерттеуге бағытталған. Аналитикалық геометрияның логикалық негіздерін, түсініктері мен әдістерін оқу арқылы математикалық ойлауын дамытады. Геометриялық есептерді шешу дағдылары, әртүрлі кеңістіктерге көзқарастары қалыптасады. Графикалық бейнелеу және аналитикалық пайымдау арқылы студенттер геометриялық ұғымдар мен олардың қосымшалары туралы тереңірек түсінік алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алгебра және сандар теориясы

    Курс жоғары алгебра мен сандар теориясының іргелі ұғымдары мен әдістері туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ абстрактілі және аналитикалық ойлау қабілеті және математикалық мәдениет дағдысы қалыптасады. Математикалық модельдеудің қазіргі заманғы тұжырымдамаларының базасы ретінде алгебраның теориялық негіздерін меңгереді. Алгебра мен сандар теориясын қолдана отырып, нәтижелерді өңдеуді және талдауды үйренеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі компьютерлік графика

    Пәнді оқу барысында графиканың негізгі функцияларымен, анықтамасы, қолдану аясымен танысады. Компьютерлік графиканы, векторлық графиканы, растрлық графиканы қолданып үйренеді. Векторлық кескіндерді жасау, векторлық кескіндерді құрып өңдейді. Пәнді оқуты нәтижесінде Blender, Sweet Home 3D, Scultris, SketchUp Make, nanoCad free және т.б. бағдарламалармен жұмыс жасайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экологиялық мәдениет

    Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Программалау технологиясы

    Бұл курста C++ бағдарламалау тілін қолдана отырып, ОББ принциптері мен тәжірибесін игереді. Класстар, объектілер, мұрагерлік, полиморфизм, инкапсуляция және абстракция ұғымдарын тәжірибе жүзінде қолданады. C++ класстар мен объектілерді құруды, класс мүшелерінің әдістері мен айнымалыларын анықтауды және класс мүшелеріне кіруді басқару үшін қол жеткізу модификаторларын (public, private, protected) қолдануын талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық

    Курс қазіргі нарықтық экономика жағдайында табысты кәсіпкерлік қызметке қажетті құзыреттерді дамытуға ықпал етеді. Студенттер оңтайлы экономикалық шешімдер қабылдауды үйренеді, кәсіпкерлік пен қаржының негізгі ұғымдары мен білімдерін меңгереді, қаржылық операцияларды жүргізуге қажетті дағдыларды дамытады. Студенттер қаржы институттарының (банктер, қор нарығы және т.б.) қызметін талдайды, қаржылық-экономикалық құбылыстарды (несие беру, инвестициялау және т.б.) жіктейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Информатикадан олимпиадалық есептерді бағдарламалау

    Деректер құрылымдарымен жұмыс істеу алгоритмдері, графиктердегі алгоритмдер, іріктеу және динамикалық бағдарламалауды ұйымдастыру алгоритмдері, бүтін арифметика алгоритмдері, ойын теориясының алгоритмдері, компьютерлік геометрия алгоритмдерін біледі; бағдарламалау бойынша олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын көрсетеді; алған білімдерін кәсіби саласында оқу-практикалық қызметіндегі мәселелерді зерттеу және шешу үшін қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сандық әдістер

    Білім алушы математикалық моделдерге сәйкес шешілетін есептердің сандық шешімін алу жолдарының негізгі әдістерін анықтайды; қазіргі заманғы бағдарламалық кешендер мен жүйелерді модельдеуде сандық әдістерді қалыптастырады; сандық шешімін табуда ақпараттық технологияны пайдаланады; нақты процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін сандық түрде жүзеге асыру болатын қарапайым есептерді шешудің негізгі әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адал азамат құндылықтары

    Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық құқықтық мәдениетке тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру жағдайында информатика мен математиканы оқыту әдістемесі

    Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда маңызды бағыттар мен тұжырымдарды, компьютермен жұмыс істеудің және бағдарламалауды оқытудың, математикадан есептер шығарудың негізгі принциптерін түсінеді; информатика және математика бойынша оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, оқытуды ұйымдастырудың, бағалаудың әдістерін мен формаларын біледі; арнайы техникалық құралдар мен заманауи сандық білім беру технологияларын қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Физика

    Білім алушы физиканың іргелі заңдарын, классикалық теорияларын, физикалық идеяларды дұрыс сипаттайды; есептерді талдап шығаруда заңдылықтарды қолданады; физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізеді; алынған нәтижелерді өңдеп саралайды; физика пәнінің әртүрлі салаларына қатысты теориялық және эксперименталдық оқу мәселелерді шешуге дағдыланады; оқу әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Бұл курс отбасы, білім беру мекемелері және қоғамдық ұйымдардың әртүрлі контексттерде тәрбие мен тұлғаның дамуының негізгі аспектілерін қамтиды. Студенттер тәрбиенің теориялық негіздерін, тәрбие жұмысының принциптері мен әдістерін, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық тәсілдерін меңгереді. Өскелең ұрпақтың бойында азаматтық сананы қалыптастыруға, ұлттық сана мен патриотизмді нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Курс сонымен қатар педагогикалық әдістемелерді, тәрбиелік ықпал ету әдістерін, тәрбиенің этикалық және құқықтық аспектілерін, балалар мен жастардың әртүрлі санаттарын оқу-тәрбие үдерісі мен қоғамға бейімдеу және интеграциялауды қамтиды. Курс студенттерге заманауи мектептегі сынып жетекшісінің қызметін қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Математиканы оқыту әдістемесі

    Білім алушы математика бойынша оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістерін мен формаларын қарастырады; математиканы оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктерін ажыратады; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес математикадан сабақты жоспарлай алады; математикадан оқу үдерісін ұйымдастырады; техникалық құралдар мен заманауи сандық білім беру технологияларын, математикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физика есептерін шығару практикумы

    Білім алушы шығармашылық, суреттік, графиктік, кестелік есептерді анықтайды; физика есептерін шығарудың ортақ амалдарын табу арқылы уақытты ұтымды пайдаланады; есеп шартының талапқа сай жазылуын, формулалар мен сызбалардың дұрыс қолданады; тізбек арқылы есептеулердің жүргізу алгоритімдерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Информатиканы оқыту әдістемесі

    Информатиканы оқыту әдістемесі курсында оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ақпараттық коммуникация құралдарын, STEAM және қашықтықтан оқыту технологияларын тиімді және мазмұнды пайдалануды біледі; мектеп құжаттамасын жүргізу, мұғалімнің жұмысын, сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау, бағалау формаларын жүзеге асыру ерекшеліктерін, робототехниканы оқыту процесін ұйымдастыруға қажетті білім, білік және дағдыны қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дифференциалдық теңдеулер

    Бұл курста қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдары мен анықтамаларын, бірінші және жоғары ретті теңдеулердің жекелеген түрлерін интеграциялау әдістерін қарастырады; қарапайым дифференциалдық теңдеулерді және қарапайым теңдеулерді жеке туындылармен сапалы интегралдау әдістерімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; жаратылыстанудың әр түрлі облыстарында кездесетін нақты дифференциалдық теңдеулер мен жүйелерді шешудің тиімді әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дифференциалдық геометрия және топология

    Бұл курста классикалық дифференциалдық геометрияның әдістерін және көрнекті бейнелерді, қазіргі дифференциалдық геометрияның негізгі ұғымдарын қарастырады; Евклид кеңістігіндегі қисықтар мен беттер теориясын, топологияның негізгі түсініктерін, көпбейнелердегі тензорлық талдауды мен риман геометриясының элементтерін сырты дифференциалдық формалар теориясының негіздерін сипаттайды;

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық шеберлік

    Бұл курс студенттерде қалыптастырады: мұғалімнің кәсіби қызметінің тұтас құрылымы, оның жеке басы туралы; кәсіби-педагогикалық шеберліктің мәні, мазмұны және ерекшелігі туралы; Педагогикалық шеберлік негіздерінің құрылымдық құрамдас бөліктері: педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника және педагогикалық ықпал ету құралдары, театр педагогикасы мен шешендік өнер элементтері туралы білімді. Педагогикалық қызметті педагогикалық және азаматтық сананы дамыту, студенттердің шығармашылық және жеке өсуінің шарты ретінде түсіну және қабылдау. Сондай-ақ, бұл курс мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде өзінің кәсіби өсуі мен жеке дамуының траекториясын жобалаудың педагогикалық техникасы мен дағдыларын практикалық игеруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Математикалық есептерді шешу практикумы

    Бұл курста білім алушылар ғылыми математика мен мектеп математика курсының ара қатынасын түсінеді, математикалық есептерді шешуде теңдеулер мен теңсіздіктерді, классикалық теңсіздіктерді, параметрлі есептерді, мәтіндік есептерді, қозғалысқа берілген есептерді, алгебралық есептерді шешудің әртүрлі әдістерін, тәсілдерін кәсіби қызметте қарастырады, стандартты және стандартты емес есептерге талдаулар жасайды, есептерді шешудің геометриялық әдісін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп математика курсындағы қолданбалы есептер

    Бұл курста мектеп математикасының негізгі бөлімдерін, қолданбалы бағытын сипаттайды, кәсіби тұрғыда стандартты емес есептердің математикалық модулін құру дағдысы қалыптасады; тапсырмалар орындау барысында әдістердің ерекшеліктерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті практикалық мәселерді меңгереді; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Web бағдарламалау және мобильдік қосымшаларды әзірлеу

    Web бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу курсында студенттер web сайт құруға арналған бағдарламалау тілдерінің құрылымымен және мобильді құрылғылардың негізгі түрлерімен танысады. Web сайт құруға арналған HTML, CSS, JavaScript, PHP-мен бағдарламалау тілдерімен бір-бірімен байланысын тәжірибеде қолданады. Мобильді қосымшалардың пайдаланушылық интерфейсін жобалайды, мобильді қосымшаларды тестілеуді жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект жүйесі

    Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар жасанды интеллект саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары мен жасанды интеллектке арналған бағдарламалау тілінің синтаксисі мен жұмыс жасау принципін сипаттайды; білімді көрсету модельдерін және сараптамалық жүйені құру кезеңдерін талдайды; кез-келген бағдарламалау тілін қолдана отырып, сараптамалық жүйені құруды қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • IT Startup жобалау

    Курс соңында кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру әдістерін түсінеді; IT Startup теориясы мен тәжірибесін зерттеуді игереді; инновациялық технологияларды енгізу жобаларын әзірлеп, олардың тиімділігін бағалайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Информатика және математика пәндерінен білім беру ресурстарын жобалау

    Білім алушылар цифрлық білім беру ресурстарының түрлері мен жіктелуін, мультимедиямен жұмыс істеуге арналған бағдарламаларды, білім беру порталының құрылымы және жұмыс принциптерін біледі; білім беру міндеттерін шешу үшін АКТ құралдарын таңдайды; білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйелерді іріктеп, цифрлық білім беру орталары үшін шешімдерді жобалайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

    Білім алушы кездейсоқ және ақпараттық процестердегі заңдылықтардың анықтайды; адам өміріндегі барлық саласындағы кездейсоқ процестердің математикалық және компьютерлік моделін құрады; ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістерін әр түрлі қолданбалы есептерді шешуде кеңінен қолданады; табиғаттағы кез-келген кездейсоқ процестерді зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы және академиялық жазылым

    Бұл курста ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері, зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау - ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдері, ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңдері қарастырылады. Курс аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін өңдейді, жинақтайды және ғылыми ұсыныстар береді, академиялық мәтіндердің білім мазмұнын, ерекшеліктерін, оқылым әрекетін, кіріспені жазады, гипотеза құрады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік желілер және бұлттық технологиялар

    Жүйелер мен желілерді ұйымдастыру, бұлтты технологияларды қолдану салалары, бұлтты есептеу инфрақұрылымымен негізгі принциптерін, терминологиясын, OSI моделін, Интернетке қосылу әдістерін, электрондық пошта; UseNet, TelNet, FTP технологиялары және электрондық байланыс құралдарын біледі; жобалау жұмысында ақпараттық және бағдарламалық құралдарды, бұлтты инфрақұрылым контекстінде қауіпсіздік, масштабтау, орналастыру, бұлттарда қолданылатын қосымшаларды әзірлеуді іс жүзінде қолданады; электрондық цифрлық қолтаңбаның, мега-қауіпсіздіктің өмірдегі рөлін, ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау мәселелерін талдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Arduino платформасында бағдарламалау

    Пәнді оқыту барысында робототехникадағы заманауи платформалар, датчиктер мен қозғалтқыштарды бағдарламалау тәсілдерін сипаттайды; бағдарламалау үшін Arduino IDE ортасын қолданады;. оқыту нәтижесінде алгоритмдерді әзірлеу және роботты басқару бағдарламаларын жасау негіздерімен, есептеу техникасы құралдарымен модельдерді арқылы жұмыс жасайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дискретті математика

    Дискретті математика ақырлы сипаттағы құрылымдардың қасиеттерін зерттеуге бағытталған. Математикалық пайымдаулардың дәлелділігін сипаттайды. Курста предикаттар алгебрасын, кодтау теориясының және графтар теориясының элементтерін қарастырады. Математикалық пәндер арасындағы байланыс, комбинаторлық есептерді шығару дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Бастауыш мектепте білім робототехникасын оқыту әдістемесі

    Білім алушы әртүрлі мақсаттағы міндеттерді іске асыру үшін роботтарды жобалайды; робототехника жүйелеріндегі датчиктер мен қозғалтқыштармен танысады; қарапайым роботтарды басқарады; жоспарланған тұжырымдамаларды сипаттайды; LEGO MINDSTORMS Education EV3 және LEGO Digital Designer бағдарламаларында жұмыс істей алады; алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмаларда жүзеге асыра алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • жалпы физика заңдылықтарын, зертханалық жұмысының нәтижесін, айнымалы шамалардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерін, алгебра мен геометрияның теориялық негіздерін есеп шығаруда және физикалық есептеулер жүргізуде қолданады;
  • компьютер архитектурасының физикалық, логикалық негіздерін, операциялық жүйелерде жұмыс істеу принциптерін, қосымшаларды жобалау, мобильді қосымшалар мен Web-ресурстарды құрудағы бағдарламалау мүмкіндіктерін, қолданбалы математика курсының стандартты және стандартты емес есептерін, логикалық ойлауын дағдысын, пәнаралық байланысын есептер шешуде көрсетеді;
  • кәсіби стандарт талаптарына сәйкес меңгерген құзыреттіліктерін, информатика және математика сабақтарының оқу жоспарларын әзірлейді және критериалды бағалаудың әртүрлі нысандарын, қашықтықтан оқыту жүйесін, шағын жинақты мектептерде, инклюзивті білім беруде заманауи ақпараттық ресурстар, инновациялық технологияларды кәсіби саласында белсенді пайдаланады;
  • жасөспірімдердің физиологиялық, гигиеналық, құзыреттілік ерекшеліктерін ескере отырып, психология мен педагогиканың теориялық негіздері арқылы білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту, шығармашылық және жеке өсуі мен іс-әрекетін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
  • алгоритмдеу түрлерін, жоғары деңгейлі бағдарламалау әдістері мен жасанды интеллект жүйесінің бағыттарын, олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын, цифрлық білім беру ресурстарын жобалауды, Arduino жүйесі және желілерді ұйымдастыруды қолданады;
  • тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынаста бейімделуі үшін жағдай жасайды;
  • кәсіби салада компьютерлік графика түрлерін қолдану, роботтарды басқару жүйелерін, IT Startup жобаларын әзірлеу, ғылыми педагогикалық зерттеулерді жүргізу, білім алушылардың ғылыми жобаларын басқару дағдыларын көрсетеді.
  • адал азамат құндылықтары мен құқығы, қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыру, экологиялық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы білімдерін көрсетеді.
Top