Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01403 Музыкалық білім в Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • "Музыка" пәні бойынша жылдық күнтізбелік және сабақ жоспарларын, елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірін ескере отырып, білім алушылармен сыныптан тыс музыкалық-көркем жұмыстарды ұйымдастыру бойынша алдағы және келешектегі жоспарлар құрады;
  • солисттерге (вокалистер мен аспапта ойнаушыларға) музыкалық шығармаларды сүйемелдей алады; парақтан қарапайым музыкалық шығармаларды оқиды және тасымалдай алады; солисттің орындаушылық мүмкіндіктерін ашуға қажетті жағдай жасайды;
  • музыкалық-орындаушылық өнер саласында терең, мол білімді игереді, музыкалық аспаптарды (домбыра, баян, фортепиано) меңгереді, хор және жеке орындауға музыкалық сүйемелдеуді таңдайды, мектеп репертуарын толық дәрежеде біледі, музыкалық қызметке жеке дайындаудың негіздерін біледі;
  • музыкалық дарынды балаларды анықтайды және оларға педагогикалық қолдау көрсетеді; музыкалық-педагогикалық қызметін жоспарлаудың заманауи технологияларын меңгереді;
  • вокалдық, хор және аспаптық жанрлардың репертуарларының шығармаларымен практикалық жұмыстарды жоспарлайды және жүзеге асырады;
  • хор ұжымы үшін репертуарды таңдай алады; компьютерде теру және ноталық материалды редакциялау; жалпы білім беру ұйымдарында сабақтан тыс музыкалық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  • әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша базалық білімді ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалайды;
  • қазақ музыкалық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы туралы білімдерін көрсетеді, әр түрлі жанрдағы шығармалардың әуезді және гармониялық сипатын, Қазақстан және шетел композиторларының негізгі стильдік бағыттарын айқындайды;
  • тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасайды; қазіргі әлемге бейімделеді, сыни тұрғыдан ойлай алады;
  • музыкалық дыбыстардың қарапайым қасиеттерін, аспаптардың жоғары және төмен тембрлі дыбыстарын салыстырады; проблемалық-іздеу және зерттеу әдістерін қолданады, оқытудың жаңа әдістерін саралайды;
  • Кәсіби саладағы көшбасшылық пен жетекшілік арасында өзара байланыс орнатады, цифрландырудың әлемдік үрдістерін бағалайды, үш тілде тұлғааралық қарым-қатынастың тиімді тәсілдерін пайдаланады, қаржылық сауаттылық білімін пайдалана отырып, кәсіби ісінде кәсіпкерлік қызметті жоспарлайды;
  • Қазақстанның тарихи және экономикалық дамуының ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсетеді; нақты ғылымды зерттеудің ғылыми әдістері мен тәсілдерін пайдаланады; жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді; қазақстандық қоғамның қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларымен жұмыс істейді.
Top