Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01303 Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • білімін қазіргі заманғы лингвистика саласындағы теориялық негіздер мен ережелер тәжірибесінде қолданады, мақсатты тілдерде қарым-қатынас жасайды: қазақша Т1, орысша Т2, ағылшынша Т3, лингвистикалық мәдениет;
  • салауатты өмір салты технологиясын қолдану, оқушыларды оқытуды психологиялық сүйемелдеу негіздерін білу, мәдени қажеттіліктерді іске асыру үшін орындаушылық, вокалдық-хорлық, көркемдік қызмет негіздерін, эстетикалық, рухани қасиеттерді меңгеру; Академиялық адалдық мәдениетін түсіну және сақтау;
  • психикалық, психофизиологиялық дамудың жалпы, спецификалық және жеке сипаттамаларын және инклюзивті білім беру құндылығын есепке алу құралдарын қолдана біледі;
  • оқылатын саладағы озық білімге негізделген білім мен түсінікті көрсетеді; бастауыш мектеп пәндерінің мәнін, олардың теориялық, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін бағалайды; оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды қолданады; оқылатын саланың дәлелдерін тұжырымдау және мәселелерін шешеді;
  • оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын талдай алады, барлық субьектілердің әрекетін бағалай алады, заманауи әдістерді, оқыту технологияларын жобалайды, таңдайды және қолданады, бастауыш сынып пәндері бойынша оқу сабақтарын жоспарлайды және жүргізеді, кері байланыс алудың әдістері мен құралдарын игереді, рефлексия әдістері мен тәсілдерін қолданады; жобаны басқарудың теориялық негіздері мен базалық тұжырымдамалары туралы білімді меңгереді; оқитын саласындағы оқу-тәжірибелік, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімін қолданады;
  • кәсіпкерлік идеяны іске асыру нысандарын қолдану: бизнес-жоспар және техникалық-экономикалық негіздеме; дұрыс іскерлік шешімдер қабылдау үшін қажетті тез өзгеретін экономикалық ақпараттың рөлін түсінеді, білім берудегі менеджментті және электрондық құжаттаманы пайдаланады;
  • оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі теорияларын қолданады, оқушылардың субъективтілігін, коммуникативтілігін, адамгершілік пен толеранттылықты, ынтымақтастық және сыни ойлау қабілетін дамыту үшін оқыту мен тәрбиелеуде әдіснамалық тәсілдемелерді қолданады;
  • білім беру үдерісінде жас ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі іс-әрекеттерді, заманауи цифрлық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды ұйымдастыру амалдарын қолданады.
  • Қазақстан тарихы, Философия, Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану білімдерін пайдалану және олардың бірлігінде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесіне қатыстылығын көрсету; әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асырады;
  • психологиялық және педагогикалық зерттеу әдістерін модуляциялау, талдау, синтездеу, өнімді, гипотезаны, құбылысты немесе оқиғаны жүйелі түсіндіруді жасау үшін әртүрлі көздерден алынған ақпаратты шығармашылықпен түрлендіреді; зерттеу қызметі мен академиялық жазудың қолданбалы әдістерін көрсетеді.
  • теориялық білімді практикада қолданады, практикалық қызмет саласында педагогикалық шеберлік пен зерттеу дағдыларын дамытады; бастауыш білім беру АТ - өнімдерін жасауға қабілетті; әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгергеді;
Top