Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01303 Бастауыш білім беру (IP) в ABU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жалпы, педагогикалық және пәндік құзыреттіліктері бар, конструктивті үйлестіру және білім берудегі заманауи тенденциялар негізінде кәсіби қызметті табысты жүзеге асыра алатын бастауыш білім беру педагогтарын дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Alikhan Bokeikhan University
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математикалық білім берудің тұжырымдамалық негіздері
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен қарым-қатынас тұжырымдамалары
Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Табиғат және қоғам
Тұрақты даму және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Экономикалық-құқықтық білім негіздері
-
2 Оқу жылы
Бастауыш мектептегі дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
Білім берудегі жаһандық келешектер
Этнопедагогика
Бастауыш мектептегі тәрбиелеу жұмысының теориясы және технологиясы
Бос уақыт педагогикасы
Бастауыш мектеп педагогикасы
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасы психологиясы
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері және еңбек
Бастауыш мектептегі арт білім беру
Оқыту әдістері мен технологиялары
Есептерді шешу бойынша практикумы бар математикаға оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда жобаларды құру
Сауаттылық пен көркем жазуға оқыту әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушысының зерттеу қызметін дамыту
-
3 Оқу жылы
Бағалау және дамыту
Бастауыш мектептегі жаратылыстану және дүниетануға оқыту әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік білім беру әдістемесі
Педагогикалық зерттеулер
Инклюзивті білім беру ортасы
Оқытуды жоспарлау және оқытуды дербестендіру
Шет тілі мен мәдениеті әлеміндегі бастауыш мектеп оқушысы
Қазіргі қазақ (орыс) тілінің негіздері
Педагогикалық риторика
Әдебиеттік оқуға оқытудың әдістемесі
Шағын жинақталған бастауыш мектептегі білім беру үдерісінің ерекшеліктері
Бастауыш мектепте шет тілін оқыту әдістемесі
Сөйлеу қабілетін қалыптастыру бойынша практикум
Бастауыш мектепте мазмұнға және тілге кіріктірілген оқыту (CLIL)
Балалар әдебиеті және мәтінді талдау
-
4 Оқу жылы
Қауіпсіз мектеп ортасы және баланың амандығы
Бастауыш мектеп оқушыларына STEAM білім беру
Бастауыш білім берудегі цифрлық оқыту және медиасауаттылық
Театрлық педагогика
Мектеп буллингін алдын алу
Зерттеулер, даму және инновация
Бастауыш білім берудегі заманауи технологиялар
Бастауыш мектептегі робототехника
Музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық дамуы және сыни тұрғыдан
Бастауыш сыныптардағы қашықтықтан оқыту
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Тұрақты даму мен тыныс-тіршілік қауіпсіздігінің, құқықтық және экономикалық сауаттылықтың негізгі тұжырымдамаларын саналы түрде қабылдауға және түсіндіруге, кәсіби және әлеуметтік қызметте нормативтік-құқықтық, экономикалық және экологиялық құралдарды қолдануға, қабылданатын шешімдердің салдарын талдауға және сыни бағалауға, сондай-ақ тәуекелдерді төмендетуге, тұрақтылықты арттыруға және этикалық және құқықтық стандарттарды сақтауға бағытталған мінез-құлықтың кешенді стратегияларын әзірлеуге қабілетті.
- Тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті деңгейінде қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде конструктивті қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттесуге қабілетті болады.
- Жұмыс ортасын ұйымдастыра алады, саналы түрде халықаралық және ұлттық құжаттарға, ұлттық білім беру жүйесінің қағидаларына, заңдарына және ережелеріне сәйкес өз ұйымының қызметімен және көпсалалы ынтымақтастықпен өзара байланыста жұмыс жасауға қабілетті болады.
- Кәсіби дамуға және өмір бойы білім алуға қабілетті, заманауи оқыту әдістері мен технологияларын когнитивтік дамудың ерекшеліктеріне сәйкес қолдана алады, ақпаратты сыни қабылдау дағдыларын меңгеріп, мәдени дәстүрлерді ескере отырып, білім беруде цифрлық ресурстарды тиімді пайдалана алады.
- Бастауыш мектеп жасындағы балалардың тәрбиесі, дамуы және өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыру барысында педагогика мен психология бойынша білімдерін қолдана алады, инклюзивті білім беру қағидаттары мен технологияларын, сондай-ақ білім алушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырады.
- Болашақ педагогтердің бастауыш мектепте тиімді білім беру процесін ұйымдастыру дағдыларын көрсету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арт-техника арқылы дамыту, цифрлық технологияларды қолдану, бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениеті мен сыни ойлауын қалыптастыру.
- Бастауыш мектеп пәндерінің теориясында дүниетанымға, хабардарлыққа, 1-4 сыныптарға арналған мектеп курсын құру логикасына байланысты кәсіби білімдерін қолданады.
- Қазіргі заманғы оқыту және бағалау әдістерін, технологияларын меңгергенін көрсетіп, бастауыш мектепте оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, оқу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, сондай-ақ әрбір оқушы үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын құру, оның ішінде шағын жинақты мектеп жағдайында да қамтамасыз ету.
- Әр оқушының дамуы мен әл-ауқатына қолдау көрсете отырып, функционалдық сауаттылықты, зерттеу дағдыларын және шығармашылықты дамыту үшін белсенді және интеграцияланған оқытуды үлгілеуге және ұйымдастыруға қабілетті болады.
- Ұлттық және аймақтық ерекшеліктер негізінде оқу-тәрбие үдерісін басқара алады, оқу үдерісінің мониторингісін жүргізуге, өзінің оқыту әрекетін жақсарту үшін оның нәтижелерін талдауға және қолдануға қабілетті болады.
- Педагогикалық әдеп нормалары мен академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, жергілікті, аймақтық, республикалық немесе халықаралық деңгейде бастауыш білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетінше және ұжымда жүргізуге қабілетті болады.
- Ата-аналармен және педагогикалық қауымдастықпен ынтымақтастықта бірлесіп жасалатын жұмыс аясында жағымды ортаны құру үшін эмоционалдық интеллект пен көшбасшылық дағдыларды дамытуға қабілетті болады.