Жаңа білім беру бағдарламасы

6B06211 Көпарналы талшықты-оптикалық байланыс желілері және жүйелері в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі және оларға берілетін кепілдіктер туралы ақпарат жасау
  • Ақпаратты сақтау, өңдеу және тарату, мәліметтерді өңдеу құралдары мен әдістерін, цифрлық байланыс процестерін жүзеге асыру жолдарын талдау мақсатында компьютерлік технологиялар мен желілердің бағдарламалық құралдарын пайдалана отырып, негізгі қызмет бойынша диагностикалық және деректерді басқару құралдарын әзірлеу.
  • Радиорелелік спутниктік аппаратурада сигналдарды өңдеу және әртүрлі мақсаттағы ақпаратты қабылдау-тарату үшін заманауи жабдықтарды пайдалану кезінде кәсіби міндеттердің техникалық шешімдерін табу
  • Математика және физиканың базалық бөлімдерінің негізгі ұғымдарын білу. Әлемнің заманауи ғылыми көрінісі туралы түсінікке ие болу. Логикалық сипаттағы есептерді құрастыра білу; буль алгебрасының заңдарын қолдану; графиктар түрлерін анықта; қарапайым автоматтарды құрастыра білу
  • Сандық сигналдарды тарату және өңдеу жүйелерінде қолданылатын радиотолқындардың таралуының теориялық есептеулерін жүргізу және байланыс жүйелерінің құрылғыларын есептеу және жобалау үшін компьютерлік техника құралдарын қолдану
  • Электрондық өлшеу техникасын пайдалана отырып, байланыс жүйелерінде сандық сигналдарды өңдеу бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізу, сонымен қатар сымды және мобильді байланыстың телекоммуникациялық жүйелерінің трафигін модельдеу
  • Электр байланысы сигналдарының, талшықты желінің және көп арналы тарату жүйесінің сипаттамаларын, сымсыз байланыс арналарының негізгі параметрлерін және тарату жүйелеріндегі ақпаратты қорғау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу
  • Цифрлық телекоммуникациялық тарату жүйелерінің негізгі тораптарын жобалау және ұялы байланыс жүйелерінің оптоэлектрондық көп толқынды құрылғыларына эксперименттік зерттеулер жүргізу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Электронды өлшеу әдістерін қолдана отырып, CAD жүйелеріне негізделген зертханалық эксперименттер жүргізу және өлшеу нәтижелерін талдау, сондай-ақ компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, радиотехникалық құрылғыларды, жүйелер мен процестерді модельдеу
  • Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда дамыту.
Top