Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01503 Физика в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас дағдыларына ие болу, физиканың теориялық және эксперименттік негіздері, компьютерлік технологиялар, физиканы шет тілінде оқыту технологиялары бойынша білімдерін қолдану, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолдану, Академиялық этика мен академиялық адалдық қағидаттарының маңыздылығын түсіну
  • Құқықтық, экономикалық, іскерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдануда қабілетті болу.
  • типтік кәсіби есептердің математикалық модельдерін жасау және модельдердің қолданылу шекарасын ескере отырып алынған нәтижелерді түсіндіру, кәсіби қызметте математиканың іргелі бөлімдерінің базалық білімін пайдалану
  • практикалық тапсырмалардың теориялық және эксперименттік нәтижелерінің шешімдерін талдау және олардың дұрыстығын бағалау, физикалық эксперимент ұйымдастыру (зертханалық, демонстрациялық, компьютерлік)
  • физикалық құбылыстарды түсіндіру, жалпы және теориялық физиканың іргелі бөлімдерінің, астрономияның негізгі теориялық білімдерін кәсіби міндеттерді шешу үшін қолдану, физика заңдарын білу және олардың қолданылуын, жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін, нақты жағдайларда ғылыми таным әдістерінің қолданылуын, экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның тұрмыстық және өндірістік қызметінің салдарын бағалау
  • Ұлттық мәдениет негізінде білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын оқу-тәрбие жұмысын жобалау
  • даму процестерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжау, жоспарлау және басқару
  • оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа тәсілдерді (тұлғаға бағытталған, құзыреттілік, диалогтік, коллаборативті), саралау әдістерін, критериалды бағалау жүйесін, цифрлық технологияларды қолдану, қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыру әдістемесін қолдану
  • білім беру ортасында білім алушылардың жобалық қызметін басқарудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, физика және оның қосымшалары саласында ғылыми зерттеу жүргізу әдістерін, оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық және педагогикалық технологияларын қолдана отырып, оқыту әдістемесін білу; аспаптар мен құрылғылардың жұмыс принциптері мен сипаттамаларын, ғылыми жаңалықтарды пайдалану саласын, нанотехнологияларды қолдану саласын, сондай-ақ әлемнің жай-күйін және оның дамуының ықтимал жолдарын сипаттайтын параметрлерді талдау
  • эксперименттік жұмысты дербес жоспарлау, зерттеуді ұйымдастыру, оны дұрыс жүргізу, математикалық статистика аппаратын қолдана отырып алынған деректерді шебер өңдеу, жиналған және өңделген деректерді, баяндама, презентация, ғылыми модель және гипотезалар, дәлелдер мен түсініктемелер түрінде ұсыну үшін ақпаратты синтездеу
Top