Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01408 Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жастарды Бастапқы әскери даярлау міндеттерін шешу үшін әскери қызметшілердің мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің негізгі ережелері туралы білімдерін қолдану.
  • Әскери-инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс саласындағы ғылыми білім жүйесін талдау.
  • Тарихи жетістіктер мен халықаралық педагогикалық тәжірибені ескере отырып, білім алушылар үшін бастапқы әскери және спорттық даярлық бойынша жеке және топтық сабақтарды ұйымдастыру
  • Білім беру саласындағы нормативтік құжаттарға, білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқыту нәтижелері мен бағалау әдістерін жобалау.
  • Білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін, даму үдерістерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжай, жоспарлай және басқара білу.
  • Жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ өткізу үшін оқушылардың физикалық қабілеттері мен функционалдық жағдайын бағалау.
  • Тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс, шет тілдерін меңгеру.
  • Сабақтар мен іс-шараларды өткізу барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен оқытудың заманауи әдістерін қолдану.
  • Оқу процесінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану, балалар жарақатының алдын-алу шараларын сақтау.
  • Дене шынықтыру құралдары мен әдістерін қолданып, білім беру, жаттығу және жарысу процестерінің мазмұнын әзірлеу.
  • Жеке тұлғаны әскери-патриоттық тәрбиелеу және оның дене бітімін дамыту қағидаттарына негізделген білім алушылардың әскери-әлеуметтік жұмысын жүргізудің әртүрлі нысандары мен әдістерін меңгеру
  • Құқықтық, экономикалық, іскерлік, өндірістік, экологиялық, мәдиниеттік ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдануда қабілетті болу.
  • Жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, тіршілік қауіпсіздігі саласындағы талаптарға жауап беретін әскери-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру
  • Оқушылардың автомобиль, броньды танк техникасының жалпы құрылымы, техникалық қызмет көрсету, тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы білімдерін қалыптастыру үшін бастапқы әскери-техникалық даярлықты оқытудың стратегиялары мен технологияларын қолдану
Top