Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07117 Машина жасау в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты машина жасау саласына теориялық білімді, тәжірибе жүзінде дағдыланған және машина жасау өндірісін жобалау мен ұйымдастыруда заманауи технологияларды, материалдарды, инновациялық әдістерді қолдана білетін біліктілігі жоғары маман-бакалаврларды дайындау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 244
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B064 Механика және металл өңдеу
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика
Инженерлік графика
Машина жасаудағы конструкторлық құжаттарды рәсімдеу
Құрылымдық материалдар технологиясы
Химия
Физика
-
2 Оқу жылы
Сұйықтар мен газдар механикасы, пневмо- және гидрожетектер
Құю өндірісі
Электротехника негіздері
Теориялык механика
Өндірісті технологиялық дайындау
Машина жасау өндірісінің технологиялық процесcтері
Өзараауысымдылық негіздері
Материалдар кедергісі
Компьютерлік графика
Машиналар және механизмдер теориясы
-
3 Оқу жылы
КОМПАС жүйесіндегі компьютерлік графика
Дайындамаларды жобалау және өндіру
Ұсталық-қалыптау өндірісі
Машина жасау бұйымдарын геометриялық үлгілеу
Еңбекті қорғау
Металды қысыммен өңдеу
Өнеркәсіп мекемелерінің қоршаған ортасын қорғау.
Құрамдау негіздері және машина бөлшектері
Материалдарды кесу теориясы
Пісіру өндірісі
Машина жасау аспаптары
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері және Коррупцияға қарсы мәдениет
Машина жасау бұйымдарының өндіру технологиясы
Мамандықтың кәсіби-қолданбалы бағдарламалары
Машина жасаудағы автоматтандырылған жобалау жүйелері
Робототехника негіздері
Машина жасау технологиясы
Машина жасау өндірісінің қосалқы жабдықтары
Көтеру тасымалдау машиналары
-
4 Оқу жылы
Skills Менеджмент
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Технологиялық кәсіпкерлік және стартаптар
Робототехникалық кешендер
Механикалық құрастыру цехтарын жобалау
Машина жасау өндірісін жобалау
Металл кесетін станоктар
Машина жасаудағы өндірістік роботтар
Металл кесетін станоктардың саймандары
Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
Дайындамалар бөлімінің өндірістік участкелерін жобалау
Саймандарды құрамдау негіздері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Техникалық құжаттарды жасауға қажетті өндірісті конструкторлық дайындау жүйелерін, стандарттар мен техникалық шарттарды, нормативтік және әдістемелік құжаттарды, басқа да басшылыққа алатын материалдарды дұрыс қолдануға дағдылану; техникалық құжаттарды рәсімдеу ережелерін, құрамдау негіздерін, сызба-конструкторлық жұмыстарды орындау әдістері мен құралдарын білу.
- Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
- Машина жасау өндірісін прогрессивті стандартты технологиялық жабдықтармен, станоктармен, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру құралдарымен, қамтамасыз ету; стандартты емес жабдықтарды, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын, өндіруге техникалық тапсырмалар жасау, СББ станоктары үшін басқару бағдарламаларын жасауға және іске қосуға қатысу; технологиялық тәртіп пен технологиялық жабдықтардың дұрыс қолданылуын қадағалау, иашина жасау өндірісінің негізгі және қосымша жабдықтарының үздіксіз және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
- Математиканың, физиканың, химияның базалық бөлімдерін түсіну және оларды кәсіби қызметте қолдану, негізгі ғылыми заңдар, ұғымдар, оларды практикалық қолдану, әлемнің қазіргі ғылыми көрінісі және физиканың даму болашағы туралы түсінікке ие болу. Математикалық әдістермен практикалық және теориялық мазмұнда инженерлік-техникалық есептерді шешу дағдыларын меңгеру.
- Машина жасау өндірісінің технологиялық процесстерін, механикалық, гидравликалық және басқа да жүйелерді теориялық есептеу негіздері мен жобалауды түсіну мақсатында жалпытехникалық пәндердің іргелі бөлімдері бойынша білімді қолдануға дағдылану.
- Өнеркәсіпте роботтар мен робототехникалық жүйелерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік роботтардың жіктелуін, мақсатын, жұмыс принциптерін, құрылымын ескеру, олардың қасиеттері мен параметрлерін басқару. Робототехникалық жүйелерге (РТС) қызмет көрсету жөніндегі жобаларды және роботтандырылған өндірістерді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; бағдарламалық қамтамасыз етуді және оның көмегімен басқарылатын жабдықты пайдалану. Техникалық сипаттамалары бойынша қолайлы нақты технологиялық процестерді автоматтандыру құралы ретінде робототехникалық жүйелерді таңдаңыз. Әр түрлі мақсаттағы робототехникалық жүйелерді, сондай-ақ олардың жеке ішкі жүйелерін баптау, реттеу, баптау, профилактикалық бақылау және функционалдық диагностика жүргізу.
- Механикалық-құрастыру және дайындама өндірісінің бөлімшелері мен цехтарын жобалау, жабдықтардың орналасу жоспарын құру, жұмыс орындарын техникалық жабдықтау мен ұйымдастыру, өндірістік қуат пен жабдықтарды жұмыспен жіктеуді есептеу; техникалық негізделген өндіріс нормаларын, сызықтық және жүйелік графиктерді жасауға қатысу, шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, аспаптар т.б. шығынының нормативтерін есептеу.
- Шығарылатын бұйымдарға прогрессивті технологиялық процесстер мен тиімді өндіріс режимдерін жасап, өндіріске енгізу; бөлшектердің дайындамаларын алу әдісін таңдау, бөлшекті жасау мен бұйымды құрастыруда орындалатын жұмыстардың ретін және операциялық маршрутты анықтау; технологиялық нормативтерді, инструкцияларды, құрастыру схемаларын, маршруттық карталарды, өнімнің техникалық деңгейі мен сапа карталарын, тағы да басқа технологиялық құжаттарды әзірлеу; технологиялық процесстер мен өндіріс режимдерін түзетуге байланысты техникалық құжаттарға өзгерістер енгізу.
- Машина жасау өндірісін бөлшектерді жасау мен бұйымдарды құрастырудың технологиялық процесінде қарастырылған қажетті стандартты аспаптар мен технологиялық құралдармен қамтамасыз ету; арнайы құралдарды, аспаптар мен саймандарды жобалауға техникалық тапсырмалар мен ұсыныстар, өндірістің конструкторлық және технологиялық құжаттарын, технологиялық құралдарды сынақтан өткізу мен қолданудың техникалық шарттарын жасау.
- Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
- Машина жасау саласында өндірістің технологиялық схемаларының компоновкасын құра білу, өндірісті механикаландыруға және автоматтандыруға техникалық тапсырмалар мен ұсыныстар әзірлеу; прогрессивті жабдықтар мен жаңа техниканың өндірісте қолданылуын қамтамасыз ете білу.
- Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.