Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01506 Физика-информатика в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • білім алушылардың әлеуметтік, жас, психофизикалық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқытуды, тәрбиелеуді және дамытуды жүзеге асырады
  • философия мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың негіздерін меңгерумен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған ортаны бағалайды, патриотизм мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін тарихи дамудың негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдайды;
  • физиканың іргелі заңдарын, зерттеу қызметі мен академиялық жазудың қолданбалы әдістерін жан-жақты түсінуді көрсету, физикалық ақпаратты өңдеудің, талдаудың және синтездеудің заманауи әдістерін қолдануға қабілетті, математикалық, есептеу және эксперименттік дағдылармен толықтырылған дерексіз ойлау мен ғылыми талдауға қабілетті, сондай-ақ күрделілігі жоғары есептерді шешуге қабілетті;
  • физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыдан модельдейді және эксперименттік зерттейді, физикалық зерттеулерді ұйымдастырады және жоспарлаудың теориялық негіздерін түсінуге және қолдануға қабілетті
  • ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын меңгереді, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдысы бар, танымдық және кәсіби қызметте әртүрлі көздерден алынған ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын пайдаланады
  • болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби қызметті жүзеге асыруға ынталандырады, кәсіби этика мен сөйлеу мәдениетінің негіздерін меңгереді, кәсіби мәселелерді шешу үшін негізгі теориялық білімді қолдана біледі
  • қарым-қатынасты ауызша және жазбаша түрде, қазақ, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби өзара әрекеттесу мәселелерін шешу үшін пайдаланады;
  • базалық кәсіби дағдыларды практикада қолданады, оқушылардың пәндік біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін, сондай-ақ физикаға қызығушылықты қалыптастыру тәсілдерін және физика саласындағы білімді күнделікті өмірде пайдаланады
  • академиялық адалдық мәдениетін түсініп, сақтай отырып және қолдай отырып, зияткерлік, мәдени, адамгершілік, физикалық және кәсіби өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің перспективалы желілерін құрады және іске асырады
  • нақты кәсіби мақсаттар үшін жаңа білім мен дағдыларды игеру жоспарын әзірлейді, енгізізеді және жетілдіреді, командада жұмыс істей алады, ғылыми қарым-қатынастың күшті жақтарын пайдаланады, білім мен тәжірибенің ағымдағы жай-күйін сыни бағалайды, әрі қарай өз бетінше оқу дағдыларын меңгереді
  • білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістерін меңгеруге, ғылыми және педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік көзқарас танытуға және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен әзірлемелерді меңгере отырып, дерексіз ойлауға қабілетті;
  • деректер мен алгоритмдердің негізгі құрылымдарын біледі, әртүрлі бағдарламалау тілдерінде негізгі бағдарламалау дағдыларын меңгере алады, сондай-ақ мәліметтер базасы мен web дизайны туралы түсінікке ие бола алады.

Ұқсас БББ

Top