6B01506 Физика-информатика в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Физиканы және информатиканы оқытудың әдістемесі саласындағы құзыреттіліктерге ие, зерттеу мәселелері үшін теориялық және практикалық білімдерді меңгерген, кәсіби қызмет үшін қажетті іргелі білім мен дағдыны қалыптастырған, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білетін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B010 Физика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Веб программалау
Web-қосымшаларды құру технологияларымен және құралдарын сипаттайды. Тегтердің қызметін, Web-беттерді жазуды, JavaScript тілінің негізін және мүмкіндіктерін баяндайды. Түрлі деңгейдегі Web программалауды талқылайды. Веб-парақтарын жасау үшін програмалаудың тиімді әдістер мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Web-программалау арқылы Java, ASP, PHP тілдерін қолдану көмегімен интернетте программалауды ұйымдастыруға бағыттайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Механика
Механиканың негізгі ұғымдары, механикалық қозғалыстың өлшемдері туралы түсінік қалыптастырады. Денелердің механикалық өзара әсерлесуін қарастырады. Материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысын, бұрыштық жылдамдықты, бұрыштық үдеу векторлары туралы түсіндіреді. Сұйықтар мен газдардың механикасының элементтерін тәжірибеде қолдануға бейімдейді. Нүктенің орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуін векторлық және координаттық түрде өрнектелуін сипаттайды. Жарық жылдамдығының тұрақтылығын дәлелдейтін эксперименттік фактілерді тәжірибе жүзінде қолдануға бағыттайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары математика
Анықталмаған және анықталған интегралдардың қасиеттерін және есептеу әдістерін зерттейді. Интегралдық есептеу теориясын жан-жақты ашып, түсіндіреді. Интегралдарды жуықтап есептеуде тіктөртбұрыштар, трапеция, парабола тәсілдерін қолданады. Рационал, иррационал және тригонометриялық функцияларды интералдау жолдарын анықтайды. Интегралдар және интералдау әдістері бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар,теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері және практикалық қолданулары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Классикалық механика
Классикалық механика пәнін және оның қолданылуы аясын, кеңістік пен уақыт жөніндегі классикалық түсініктерін сипаттайды. Материалдық нүкте қозғалысын декарттық, цилиндрлік және сфералық координатада қарастырады. Массаны, күшті, инерциялық санақ жүйесін, Ньютон заңдарын қарастырады. Механикалық жүйе түрлерін, энергия түрлерін, Галилейдің салыстырмалық принциптеріне негізделген механиканың бөлімін анықтайды. Тербелмелі қозғалысты оқытудағы Гюйгенс тәжірибесін, Лаплас және Кеплер заңының ашылуын талдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Интернетте программалау
Интернетте программалау түсінігін, интернеттің ұйымдастырылуы мен қосылуын, интернеттің қызмет көрсетуін анықтайды. Компьютерді интернетке қосу құралдарын талдайды. Интернетте программалаудың негізін оқыту, компьютерде желілік мазмұнды есептерді шешу мәселелерін сипаттайды. Гипермәтіндік белгілеулердің принциптерін, HTML-да программаның жазылу тәсілдерін меңгертеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Молекулалық физика
Молекулалық физика пәнін, материалық дененің моделін, заттың агрегаттық күйлері және олардың белгілерін, заттардың физикалық қасиетін сипаттау әдістерін, заттардың молекулалық–кинетикалық теориясын тәжрибе жүзінде негіздеуді анықтайды. Газдардың молекула–кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын, газ заңдарын, статистикалық әдіс және ықтималдықтар теориясының элементтерін сипаттайды. Максвелл және Больцман тарауларын, термодинамиканың бірінші және екінші бастамаларын қарастырады. Тасымалдау процестерін, нақты газдарды, сұйықтар мен қатты денелерді, фазалық түрленулерді талдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қолданбалы физика курсы
Механиканың негізгі түсініктерін талдайды. Импульстің сақталу заңын, оның техникада қолданылуын, динамика заңдарын, Ньютон заңдарының маңызын сипаттайды. Үйкеліс, ауырлық және серпімділік күштерінің, термодинамика заңдарының техникада қолданылуын, электромагниттік толқындарды қолдануды, сәулелердің биологиялық және экологиялық әсерін, Қазақстандағы электр энергиясы және уран өндірісін қарастырады. Қатты денелер механикасын, электродинамиканы, электромагниттік индукцияның қоғам үшін маңызын, электр энергиясын тұтынушыға жеткізу жолдарын анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері, әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайтуды қарастырады. Дене тәрбиесі мен әдістерін пайдалану арқылы балалар мен жасөспірімдер ағзасының қоршаған ортада бейімделу мүмкіншілігін арттырып, денсаулығын қорғау, жақсартуға үлес қосады. Толыққанды әлеуметтік кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін қабілетті болуға үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Алгоритмдер және программалау
Алгоритм ұғымын, қасиеттерін және негізгі алгоритмдік конструкцияларды, тілдің мәтіндік, графикалық режимде жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады. Бағдарламалау тілінің алфавитін, жазу үлгілерін сипаттайды. Бағдарламалау ортасының құралдарын қолданады және бағдарламаны жазуға бағыттайды. Паскаль тілінде күрделі тестілеу алгоритмдерін талдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі бағыттарын анықтайды. Жастардың рухани мәдениетінің даму бағыттарын түсіндіреді. Тұлғаның әдет-ғұрыптары мен мінез-құлықтарын, құқықтық дәстүрлерін, ұлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін сипаттайды. Тұлғаның жаңа болмысын қалыптастыруды ұғындырады, тұтас ұлтты арттыруды ұйымдастырады. Білім мен ғылымды тереңдетуді, танытуды, зерттеу бағыттары аясында ұлттық сананың түрлі полюстеріне жан-жақты зерделеуді түсіндіріп береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагогика
Педагогикалық іс-әрекетке, болашақ кәсіптің теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге кәсіби педагогикалық бағыттылықты қалыптастырады. Педагогиканың жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсіндіреді. Методологиялық негізін анықтауда педагогиканың ғылымдармен байланысын дәлелдейді. Мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың рөлі туралы ұғымды сипаттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми-зерттеу әдістерін қалыптастыру
Ғылыми зерттеу әдістері пәнін меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электротехника және электроника негіздері
Электронды техниканы, жартылай өткізгішті аспаптардың жұмысы мен құрастыру принциптерін, электронды схемаларын, құрылысын және қолдану аймағын анықтайды. Жартылай өткізгішті аспаптарды топтастырады. Жартылай өткізгішті диод құрылысын, вольт-амперлік сипаттамасын, жартылай өткізгішті диодтардың негізгі параметрлерін түсіндіреді. Импульсті сигналдарды түрлендіруді: тізбектерін, схемаларын, уақыт диаграммаларын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Python бағдарламалау тілі
Python бағдарламалау тілі туралы түсініктерін және анықтамаларын, бағдарлама құрастырудың әдістерін анықтайды. Python бағдарламалау тілінің алфавитін, синтаксисін, семантикасын талқылайды. Python бағдарламалау тілін үйреніп, тәжірибеде қолдануын талдайды. Базалық программалау тілдерінің құрал-саймандарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Қандайда бір есептерді практикалық жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларын жасауға бағыт береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіпкерлік дағдылар.
Педагогикалық ғылым мен практикада кәсіпкерлік құзыреттілікті қалыптастыру проблемасының жай-күйін зерттеу, осы негізде студенттердің кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру тенденцияларын анықтау, студенттердің кәсіби қызметінің мазмұны мен сипатын талдау. студенттердің кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру, дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, кәсіпкерлік құзыреттіліті тиімді қалыптастыруды іске асыратын әдістемелікпен қамтамасыз етуін қалыптастыру
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Экология-тірі организмдердің бір-бірімен және олардың тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесуі туралы ғылым. Бұл әртүрлі деңгейдегі биожүйелердің (популяциялар, қауымдастықтар, экожүйелер) ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуін зерттейтін биологиялық ғылым. Экологияның үш бөлімі бар: аутэкология, демэкология, синэкология. Тіршілік қауіпсіздігі-адам қызметінің барлық салаларында адамды қауіпті және зиянды факторлардан қорғау теориясы мен практикасын қамтитын, тіршілік ету ортасында қауіпсіздік пен денсаулықты сақтайтын ғылыми білім саласы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тарихи проблемаларын, тұрақтылықтың шығу тегі, себептерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілерін түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика негіздері
Студенттерді қазіргі экономика негіздеріне үйрету, оның ішінде экономикалық қатынастар мен оларға тән заңдарды, ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы экономикалық дамудың жағдайы мен тенденцияларын зерттеу. Студенттер арасында қазіргі қоғам өмірінің экономикалық заңдылықтары, нарықтық экономиканың дамуындағы түрлі тенденцияларды тудыратын себептер, сондай-ақ оны реттеудің маңызды тетіктері туралы түсінік қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлін, білім алушылардың оқу жетістіктерінің негізгі тəсілдерін, критериалды бағалаудың мəнін, бағалау жүйесін ұйымдастырады. Оны жүзеге асыру тəсілдерін, формалары мен құралдарын сипаттайды. Тұлғаға бағытталған оқытудың бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, мақсаты мен ұстанымдарын түсіндіреді. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың сенімді, валидтік жəне технологиялық жүйесін қалыптастыру мəселесін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Білім берудегі менеджмент
Білім берудің маңызды стратегиялық міндетін, халықаралық біліктілік сапасын, лингвистикалық білімін жетілдіру мақсатында мемлекеттік және шетел тілдерін меңгереді. Менеджменттің жетекші заңдылықтарын, принциптерін сипаттайды. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттарын сипаттайды. Басқарудағы тиімді технологияларды кәсіби тұрғыда қолдануға бағыттайды. Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері мен мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктерін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Электр және магнетизм
Электродинамика, электромагниттік тербелістер мен толқындардың негізгі заңдылықтарын түсіндіреді. Электр заряды, электр өрісі, өзара әсерлерін анықтайды. Электр және магнит өрістерінің кернеуліктерін сипаттайды. Өрістегі өткізгіштердің, диэлектриктердің, зарядтардың өзара әсерлерін сараптайды. Өрістердің энергиясын, электромагниттік индукция құбылысын қарастырады. Эрстед пен Фарадей тәжірибесін, Максвелл гипотезасын, Ампер тәжірибесін, электромагниттік құбылыстарды және эксперименталдық зерттеу әдістерін бағалайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Білім алушыны тәрбие процесінің ізгілік және гуманитарлық қағидаларын, кешенді педагогикалық және психологиялық әдістерді пайдаланып, ұжымдағы тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға бейімдейді. Мектеп ұжымындағы сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстар жүйесін жоспарлайды. Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің түрлі формалары мен әдістерін пайдаланады. Мұғалімдер, ата-аналар, бала тәрбиесіндегі қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерін бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жасанды интеллект
Жасанды интеллект пәні жүйелерінің тарихы мен негізгі тұжырымдамаларын модельдеу мәселелерін, сараптамалық жүйелерді әзірлеу әдістемесін, білімді ұсыну тәсілдерін, нейрондық желілерді терең оқуды үйренеді. Жасанды интеллект арнайы логикалық жүйелер арқылы компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллектің жеке аспектісін ұдайы өндіретін техникалық жүйелерді меңгеріп, жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салаларын роботтехниканы дамытуды үйренеді. Жасанды интеллект деректерді интеллектуалды өңдеуді және талдаудың заманауи технологиялары мен әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Электр тізбектерінің теориясы
Электр тізбектерінің негізгі заңдарын, олардың қолдануын сипаттайды. Фундаментальді физикалық тәжірибелерді, есептерді шешеді. Электр тізбектерін эксплуатациялау, проектілеу заңдылықтарын түсіндіреді. Электромагнит өрісін және осы өрістің нәтижесінде автоматтандыру және басқару жүйелерінде қолданылатын электрондық және электрік кондырғылар мен аспаптарда пайда болатын кұбылыстарды теориялық тұрғыдан түсіндіреді. Электротехника есептерін шешіп, электр кұралдармен тәжірибе жасауды практикада дағдылайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Деректердің негізгі ұғымдары мен түрлерін анықтайды. Деректер базасын құру, деректер базасымен жұмыс істеу, деректер базасын құрудың тиімді жолдарын жобалайды. Деректер базасы, деректер базасын басқару жүйесі, деректер базасы түсінігі, деректер базасын жіктеу, реляциялық деректер базасының құрылымы, өрістер типтері туралы білімдерін қалыптастыру ерекшеліктерін саралайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім берудің қағидалары, философиялық және әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру, инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отыратын кедергілерін жою, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи модельдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірбие аймағында ұйымдастыру мен басқару құзіреттіліктеріне ие болу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Кәсіби бағытталған шет тілі
Кәсіби және ғылыми мақсаттарға қажетті және болашақта тиісті салада жұмыс істеуге жеткілікті ағылшын тілінің білімі мен дағдыларын қалыптастырады. Кәсіби шет тіліндегі әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретеді. Кәсіби ортада қолданылатын ағылшын тілін меңгереді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тіл лексикасы мен терминологиясын қолданады, тілдік материалды ауызша және жазбаша түрде қолданады. Шетелдік көздерден ақпарат алу үшін шет тілін қолдануды және өз көзқарасын дәлелді баяндауды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Информатика пәнінің мазмұны мен құрылымын, оқыту әдістемесін қарастырады. Информатика пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Білімгерлердің компьютерлік сауаттылығын және ақпараттық мәдениетін қалыптастырады. Информатикадағы теория ұғымдарын сараптайды. Информатиканы оқытудағы практика және бақылауды ұйымдастырады. Оқыту әдістеріне шолу жасап, зерделейді. Информатика пәнін оқыту әдістерін, информатиканы оқыту формаларының әртүрлілігін меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Қаржылық сауаттылықты арттырудың тұжырымдамасын халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласындағы басымдықтарды, мақсаттар мен міндеттерді, мақсаттарға тиімді қол жеткізу және міндеттерді шешу тәсілдерін меңгереді. Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын жоспарлы түрде арттыру үшін пайдаланылатын құралдарды айқындайды. Экономикалық ойлау тәсілін дамытады, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеуде, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдануда тәжірибесін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Деректер қорлары және жүйелері
Бағдарламалау жүйесінде деректер базасы қосымшаларын құру принциптерін анықтайды. Ақпараттық жүйелер, ақпараттық жүйелерді құрудың итерациялық процедуралары, деректер қорының концепцияларын сипаттайды. Деректер қорының құрылымын жобалауды, деректер қорын алғашқы жүктеуді және жүргізуді, деректерді қорғау ерекшеліктерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпарат теориясы
Ақпарат түрлерін, жүйе және оның қасиеттерін, жүйелік талдауды сипаттайды. Ақпараттық үдерістер, ақпарат теориясын, ақпараттық жүйелердің негізін сараптайды. Цифрлық ақпараттарды сығу әдістерін, тиімді кодтауды практикада қолдануға дағдыландырады. Ақпараттық каналдардың жұмысын жоспарлайды. Сигналдың және каналдың ақпараттық сипаттамалары, деректер беру желісінің және байланыс желісінің өткізу қабілеттілігінің сипаттамаларын, статикалық маршруттау мәселесін шешу әдістерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Атомдық физика
Резерфорд және Бор ұсынған атом моделін, бір электронды және көп электронды атомдарды, сілтілік металл және сутегі атомын қарастырады. Электрондардың дифракциясын, Франк және Герц тәжірибелерін, сыртқы фотоэффектіні зерттейді. Атомдық спектрлерді заттың химиялық құрамын анықтау үшін қолданады. Атомның магниттік қасиеттерін, магнит өрісінің атомға әсерін, магниттік резонанс және Зееман эффектін түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Астрофизика
Аспан денелерінде болып жатқан құбылыстарды түсіндіреді. Аспан денелерінің физикалық табиғаты жөніндегі білімдерін сипаттайды. Алған білімдерін тәжірибеде жүзінде талдайды. Күндегі процестердің Жер бетіндегі құбылыстарға тигізетін әсерін сараптайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында пайда болатын мәселелерді қарастырады. Астрофизикалық заңдылықтарды оқып, аспан денелерінде болып жатқан құбылыстарды, процестерді түсіндіреді. Аспан денелерінің физикалық табиғаты жөніндегі білімдерін кеңейтеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өлшеуіш техниканың негіздері
Өлшеу құралдарының анықтамасы мен классификациясын, сипаттамасын, құрылымдық схемасын, өлшеу қателіктері мен өлшеу нәтижелерін өңдеуді анықтайды. Электр өлшеуіш құралдары мен өлшеу әдістерін, электр өлшеуіш құралдардың негізгі жүйелерін, электромагниттік жүйе құралдарын, магниттік электрлік жүйе құралдарын, индукциялық жүйе құралдарын, электронды өлшеуіш құралдарын сипаттайды. Электрлік шамаларды өлшеу әдістерін, токты өлшеуді, кернеуді өлшеуді, электрлік тізбектегі қуат пен энергияны өлшеуді, айнымалы ток тізбегіндегі энергияны өлшеуді түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Өрістер теориясы
Электромагнетизмдегі құбылыстарды жан-жақты терең анықтайды. Математикалық əдістерді жүйелі түрде сипаттайды. Электродинамиканың физикалық заңдылықтарын жақсы ұғынулары үшін теориялық тұрғыдан саралайды. Өріс теориясында скалярлық өріс градиент деп аталатын скалярлық өрістің максимальды өзгерісі бағытын бағалайды. Гаусс теоремасының вакуумдағы өрістерді есептеуін және екі диэлектрлік орталардың шекарасындағы шарттарды сыни талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Статистикалық физика және термодинамика
Статистикалық физиканың негізгі принциптерін, статистикалық заңдылықтарды, термодинамиканың негізгі заңдарын түсіндіреді. Термодинамикалық функцияларды және олардың түрлі процесте қолданылуын, термодинамикалық функцияларды канондық үлестіру көмегімен шығару және қолданылуын қарастырады. Кванттық айныған газдардың статистикасын, идеал емес газдардың термодинамикалық функцияларын, флуктуация теориясын, фазалар тепе-теңдігін, фазалық ауысуларды сипаттайды. Тепе-теңсіздік процестердің термодинамикасы мен статистикалық физикасын талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Информатиканың теориялық негіздері
Информатиканың теориялық тараулары туралы түсінікті қалыптастырады. Ақпараттар теориясы, цифрлы автоматтар, ақпараттық процестер, ақпаратты беру формалары, кодтау, ақпаратты өлшеу, санау жүйесі сияқты фундаментальды ұғымдарын түсіндіреді. Алгоритмдердің күрделілігі және тиімділігін бағалау әдістерін қолданады. Ақпаратты байланыс каналдары арқылы жөнелтуді, ақпараттық процесс ұғымын және оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырады. Ақпараттарды түрлендіруді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Оптоэлектроника негіздері
Оптоэлектрондық қондырғыларды негізге ала отырып, сигналдарды өндіру және тасымалдауға байланысты физикалық заңдылықтарды талдайды. Курста меншікті және қосымша зарядтарды бақылау материалдарын, меншікті және қоспалы жартылай өткізгіштерді, оптоэлектронды қондырғылар мен қабылдағыштарды пайдалануды, оптоэлектронды қабылдау таңбаларының қолданылуын қарастырады. Фотоқабылдағыш элементтердің, сәуле шығаратын диодтар мен лазерлердің, қуат кристалды аспаптардың, оптоэлектронды құрылғылардың физикалық жұмыс істеуін сипаттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физиканы оқыту әдістемесі
Физиканы оқыту әдістемесінің теориялық және жалпы дидактикалық негіздерін сипаттайды. Физиканы оқытудың әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздерін, оның мақсаттары мен зерттейтін мәселелерін қарастырады. Оқушылардың дүние танымын қалыптастырады. Оқушылардың физикалық ойлау мен шығармашылық кабілеттерін дамытады. Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгертеді. Физиканы оқыту құралдарын анықтайды. Оқыту әдістерінің классификациясын талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Теориялық физика әдістері
Табиғатты тану үшін ондағы болып жатқан құбылыстардың математикалық моделін жасауды, оны шындықпен салыстыру әдісін анықтайды. Зерделеу аумағы жасалған тәжірибелер мен табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіндіреді. Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып сипаттайды. Математикалық модельдерді математиканың қатал деңгейіне байланысты талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Электродинамика
Электромагниттік өрісті және оның электр зарядына ие денелермен өзара әрекеттерін анықтайды. Электрлі және магниттік құбылыстардың, электромагнитті жарқыраудың, электр тогы мен оның электромагниттік өріспен әрекеттесуі арасындағы байланыстарды сипаттайды. Заманауи физикада зарядталған денелер арасындағы кез келген электрліә және магниттік өзара әрекеттесулер электромагниттік өріс аясын сыни талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математикалық физика теңдеулері
Математикалық физиканың негізгі теңдеулерін, гиперболалық теңдеулерді, Даламбер теңдеуін қорытуды, толқындық теңдеу үшін Даламбердің сипаттауыш әдісі мен Коши есебін сипаттайды. Параболалық типті теңдеулерді, жылудың таралу туралы есебін, жылуөткізгіштік теңдеуі үшін Коши есебін меңгереді. Эллиптикалық типті теңдеулерді, Лаплас және Пуассон теңдеулерін, Грин функциясының көмегімен шектік есептерді шығаруға дағдыланады. Айнымалыларды ажыратуда Фурье әдісін қолдануға, интегралдық түрлендірулер әдісін есептер шығаруда қолдануға бағыттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Оптика
Жарықтың тегі мен түзу сызықты таралу заңдарын, шағылу және сыну заңдарын, затпен әсерлесуінде байқалатын негізгі құбылыстар мен заңдылықтарды анықтайды. Жарықтың жұтылуы, сәуле шығаруы, шашырауы мен шағылуына әдістерін сипаттайды. Линзалар мен оптикалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін, құрылымын талдайды. Ғылым мен техникада қолдануға машықтандырады. Оптикалық параметрлерді, тұрақтыларды өлшеу нәтижесін бағалайды. Эксперименттердің техникасын меңгеруін түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдерін сипаттайды. Қауіпсіздік стандарттарын, криптографиялық модельдерді, операциялық жүйелердің қауіпсіздігін анықтайды. Компьютерлік жүйе мен желілерде ақпаратты қорғаудың қазіргі кездегі құралдары мен принциптерін түсіндіреді. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғау жүйелерін қолданудың теориялық негіздерін қалыптастырады. Деректерді қорғау үрдістерін, әдістерін және құралдарын жүйелі көрсетілуін, ақпаратты қорғаудың әдіс-тәсілдерін қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Компьютерлік графика
Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Adobe PhotoShop программасында бейнелерді өңдеу, графика жүйелерін ұйымдастыру әрекеттерін сипаттайды. Corel Draw векторлы программасының басты құралдарын, графикалық бейнелерді анықтайды. Үшөлшемді модельдеудің күрделі вариантын, физикалық дененің қозғалыстағы кескіндерін құрастыру мәселесін саралайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Объектіге бағытталған бағдарламалау
Объектіге бағытталған программалаудың негізгі ұғымдарын меңгереді. Delphi программалау тілін қалыптастырады. Объектіге негізделген программалаудың негізгі тәсілдерін сипаттайды. Обьектіге бағытталған программалаудың ортасында бағдарлама құрып, бағдарламаға эксперимент жүргізуге бағыт береді. Объектіге бағдарланған тілдерде программаларды жазуды, өңдеуді, тестілеуді, толықтыруды, талдауды, қауіпсіздікті және программалардың сенімділігін қамтамасыз етуді жобалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Компьютерлік желілер
Қазіргі заманғы желілік технологиялардың ерекшеліктерін, компьютерлік желілердің классификациясын, желілердің аппараттық және программалық қамтамаларын талқылайды. Локальды желілерді жобалау, ақпаратты жеткізу, сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үрдістерімен байланысты қазіргі кездегі желілік технологиялардың дамуы мен деңгейлерін саралайды. Қазіргі кездегі операциялық жүйелерде желілік, аппаратық жабдықтарды орнатуды және олардың күйлерін өзгерту әдістерін қолдануды меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Программалау есептерін шығару практикумы
Программалау тілдерінің, Турбо Паскаль, С++ және Дельфи тілдерінің есептерін, шығару жолдарын сипаттайды. Программалау тілдерінің есептерін іс-тәжірибеде қолданады. Қарапайым компьютерлік бағдарламаларды жобалау, жазу және жөндеу дағдыларын дамытады. Программалау тілінде алгоритмдер мен модельдердің сауатты құрылысын қалыптастырады. Программалау есептерін шығару дағдыларын меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Компьютерлік сызба
Пән графикалық редактордың негізгі командаларын, жүйенің графикалық примитивтерін, сызба элементтерін түрлендіруді, жүйеде сызбалар жасау әдістемесін, қатты денелі модельдерді жасауды үйренеді., сонымен қатар сызбаларды сызуды және сақтауды, қолданылып жүрген сызбаларды редакциялауды, сызбаларды плоттерге немесе принтерге шығаруды, қатты денелі кеңістіктік модельдеу әдістемесін зерделеуді жасай алады. Мультимедиалық қосымшаларды жасауда қазіргі технологияларды қолдануды, түрлі фигуралардың бейнелену әдістерін қарастырады. Растрлық, векторлық және фракталдық графиканың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын, компьютерлік сызбада қолданылатын түс модельдерін, графикалық файлдардың түрлерін талдайды. Қазіргі компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері, бейнелерді өңдеу пакеттері туралы түсініктерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Техникалық оқыту құралдары және жүйелері
Техникалық оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктерін, кәсіптік мектеп үрдісіндегі оқыту құралдарын, оқыту құралдарының жіктелуін түсіндіреді. Оқу құралдарының экрандық және экрандық-дыбыстық құралдарын, өндірістік оқыту құралдарын сипаттайды. Мектептік білім беру жүйесіндегі компьютерлік телекоммуникациялардың, мультимедиа аппаратураларының жұмысын қарастырады. Телекоммуникациялық жобалардың үлгісін түсіндіреді. Сыныптан тыс жұмыстардың техникалық құралдарын қолдануға дағдыландырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Робототехника негіздері
Робототехника роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерияны түсіндіреді. Курс барысында білім алушылар шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO, MINDSTORMS, EV3 оқу конструкторлары мен Arduino контроллерін пайдаланып тәжірибе жұмыстарын жүргізе алады. Тыңдаушылар алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырып, түрлі роботтар мен Arduino-ға негізделген құрылғыларды құрастырып, бағдарлама түзіп үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Кванттық механика
Кванттық теорияның бастауларын, классикалық теориялық физиканы, жарықтың кванттық теориясын, атомдық жүйелердегі квантталуын түсіндіреді. Кванттық механиканың негізгі қағидаларын, кванттық механиканың математикалық аппаратын, Шредингер теңдеуін, кванттық механиканың қарапайым есептерін меңгереді. Көріністер теориясын, кванттық механиканың матрицалық тұжырымдамасын, бұрыштық моменттің кванттық теориясын қарастырады. Кванттық механиканың жуықтап есептеу әдістерін, тепе-тең бөлшектер жүйесінің кванттық теориясын сипаттайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мобильді қосымшаларды құрастыру негіздері
Заманауи мобильді платформалар, мобильді қосымшаларды жобалау және жетілдіру, мобильді қосымшаларды құрастыру негіздерін сипаттайды. Авторлық құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын анықтайды. Мобильді қосымшаларға программалық қамтамасыз етуді сынақтан өткізу және сапасын қамтамасыз ету, сараптамалық жүйелер мен деректер базасын жетілдіру, клиенттік оңтайландыру алгоритмдерін талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми және философиялық таным әдістері арқылы табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда түсіну мен зерттеуді, мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұнын көрсетеді.
- Нақты өмірдегі болжамдар, айғақтар және түсіндірмелер ұсыну үшін ғылыми жаңалықтарды ескере отырып, ғылыми модельдер мен дәлелдемелерді, эксперимент пен зерттеу нәтижелерін жинақтайды.
- Пән бойынша жоспарланған оқу нәтижесіне қол жеткізу үшін ғылыми-зерттеу әдістері мен академиялық хатты меңгереді.
- Ғылыми зерттеулердің әдістерін және оларды оқытылатын салада қолдана біледі. Физика және информатика саласы бойынша білімін өз бетінше жалғастыратын оқыту дағдыларын игере отырып, критериалды бағалаудың, диагностикалаудың, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың технологияларын пайдаланады.
- Физика және информатика саласында одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын шыңдайды.
- Академиялық адалдық принциптерін, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын, ақпараттық мәдениетін көрсетеді.
- Физика және информатиканың теориялық және практикалық білімдерінің өзара байланысын ұйымдастырады, оларды заманауи технологиялар мен есептеуде, зерттеу әдістерінде, ғылыми және өндірістік мәселелерді шешуде, жаратылыстану ғылымдары аясында өзіндік жетілуде, физика мен информатиканы оқытудың жаңа технологияларына сәйкес оқыту әдістерінде қолдана біледі.
- Инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне, оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
- Физикалық процестерді модельдеуде, эксперимент нәтижелерін өңдеуде, талдауда, пәнді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім ресурстарын қолдана алады.
- Білімдерін кәсіби деңгейде қолданады, дәлелдерді қалыптастырады және физика және информатика саладағы мәселелерді шешеді.
- Физика және информатика саласындағы озық білімдерін, зерттелетін саладағы түсініктерін, табиғат пен техникадағы құбылыстарды, процестерді түсіндіруде, есептер шығаруда, эксперимент жүргізуде көрсетеді.
- Физика және информатика саласында оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді, оқыту әдістерін қолданады. Талдаудың әдіснамасын таңдайды және практикада қолданады.