Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04112 Бизнес менеджменті в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Персоналды басқару; көшбасшылық мінез-құлық және іскерлік коммуникациялар саласында тиімді басқару қызметін жүзеге асыру дағдыларын меңгеру; ұйымдағы жеке және топтық мінез-құлыққа әсер етудің заманауи технологияларын қолдану; басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асыру.
  • Басқарушылық қызмет, маркетингтік зерттеу жүргізу, проблемаларды шешу және логикалық пайымдау дағдыларын қолдана білу; кәсіпорындағы брендтерді басқару бойынша жұмысты жүзеге асыру; экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарын пайдалану.
  • Кәсіпорындар мен мемлекеттің қаржылық саясаты мен қызметінің механизмін түсіну. Қаржылық көрсеткіштерді, жеке және заңды тұлғалардан салық есептеу, салық салу саласындағы заңдылықтарға сәйкес салықтық есеп беруді қалыптастыру
  • АКТ құралдарын пайдалана білу; қазіргі заманғы зерттеу әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру. Басқаруда және коммерция міндеттерін шешуде заманауи ақпараттық технологияларды; бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша қолданбалы бағдарламаларды қолдану.
  • Экономиканың басқару және қызмет ету саласындағы теориялық негіздерді, заңдылықтарды білу. Нақты жағдайларды талдауда экономикалық сипаттағы мәселелерді анықтай білу. Экономикалық және басқарушылық ойлау тәсілін қалыптастыру үшін теориялық ережелерді қолдану әдістерін меңгеру.
  • Жоспарлардың орындалуын және көрсеткіштер динамикасын бағалау; бизнестің әртүрлі стратегияларын талдау; салалық нарықтардың даму тиімділігін бағалау. Бизнес-жоспарларды әзірлеу, маркетинг тиімділігін бағалау, кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жүргізу дағдыларын қолдану.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Бизнес үдерістерін басқара білу; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын бағалау; мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының қолданыстағы стратегияларына талдау жүргізу; халықаралық бизнесті ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологияларын практикада қолдану, клиенттік базамен жұмыс істей білу.
  • Инновациялық жобаларға талдау және бағалау жүргізе білу; технологиялық кәсіпкерлікті жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асыру; бизнесті цифрлық трансформациялаудың мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтау; цифрлық маркетингтің тиімді стратегияларын құру, жарнамада шығармашылық технологияны қолдану.
  • Статистика негіздерін, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және шаруашылық қызметті талдауды білу. Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың есептілігіндегі қаржылық, бухгалтерлік және өзге де ақпаратты талдай білу және түсіндіре білу.
  • Тәуекелдер көріністерінің әртүрлі салаларын талдай білу, ұйымда өзгерістер жүргізу әдістерін қолдану. Ұйымда сапа менеджменті әдістерін қолдану; бизнес-зерттеулер мен бизнес-талдау жүргізу; жобаларды басқару саласында жоспарлау және бақылау дағдыларын меңгеру.
Top