Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01512 География және тарих мұғалімдерін даярлау в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • ОН6 Географиялық ақпаратты өңдеудің картографиялық әдістерін түсіну және қолдану, Жалпы жертану мен геологияның негізгі ұғымдары мен әдістерін тұжырымдау, картографиялық материал бойынша геологиялық жағдайды теориялық талдау дағдыларын көрсету және топонимдердің мағынасын және шығу тегін білу. Оқытылатын пәніндегі оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану.
  • ОН9 Азия мен Африка, сондай-ақ Еуропа мен Америка елдері тарихының дамуының негізгі тарихи деректері мен фактілерін білу және түсіну. Азия мен Африка, сондай-ақ Еуропа мен Америка елдерінің жаңа тарихының даму заңдылықтары мен бағыттарын талдау қабілетін көрсету. Тарихи дереккөздерді талдау әдістерін; тарихи ақпаратты кешенді талдау тәсілдерін меңгеру.
  • ОН1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • ОН4 Жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ коммерцияландыру саласында теориялық білім, практикалық дағдылар мен дағдыларды меңгеру. Жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың және ҒЗЖ коммерцияландырудың негізгі ережелерін білу, академиялық мәтіндерді құру мен жұмыс жасаудың негізгі принциптерін меңгеру.
  • ОН7 Мұражайтану және мұрағаттану саласындағы теориялық және практикалық білімді түсіну және қолдану. Әлем музейлерінің тарихы мен терминологиясын білу және түсіну. ҚР ведомстволық мұрағаттарында мәліметтерді жүйелеу және жұмыс істеу дағдыларын көрсету.
  • ОН3 Түрлі қызмет үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылуын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • ОН8 Ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстан аумағындағы қоғамдық – саяси, экономикалық, этникалық және мәдени үдерістер саласындағы білімдерін көрсету. Қазақ халқының шығу тегі мен қазақ мемлекеттілігінің пайда болу мәселелерін білу және түсіну. Археология және археологиялық зерттеу әдістері саласындағы базалық білімді меңгеру. Тарихи дерек көздермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, салыстырмалы талдау негізінде тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіну.
  • ОН12 Жаңартылған мазмұны жағдайында білім беру мекемелерінде оқу процесін ұйымдастыру мен өткізудің дидактикалық әдістері мен тәсілдерін қолдану. Базалық кәсіби-педагогикалық пәндерді оқу кезінде алған біліктері мен дағдылары негізінде педагогикалық процесті ұйымдастыру саласындағы жаңа білімді синтездеу. Жаңартылған мазмұны бойынша орта мектепте оқыту әдістемесін оқытудағы озық технолгогияға негізделген оқытылатын салада білімі.
  • ОН2 Лексиканы, грамматикалық білім жүйесін түсіну негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын пайдалануды көрсету; мәтіндердегі оқиғалардың себептері мен салдарын сипаттау және талдау тәсілдерін меңгеру.
  • ОН10 Физикалық географияны, оның құрылымын, географиялық қабық пен оның құрылымдық бөліктерінің – табиғи-аумақтық кешендер мен олардың компоненттерінің динамикасы мен жұмыс істеуін, соның ішінде ТМД және Қазақстан мысалында континенттердің, мұхиттардың, жекелеген елдердің физикалық географиясын зерттеу дағдыларын меңгеру.
  • ОН5 Педагогикалық іс-әрекет туралы жалпы түсінік білімін көрсету, олардың заманауи педагогикалық ғылым мен психологияның теориялық негіздерін игеруі, инклюзивті процестерді басқару әдістері мен мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оларды жүргізу технологияларын меңгерту.
  • ОН11 Әлем елдерінің негізгі географиялық сипаттамалары мен көрсеткіштерін түсіндіру, жекелеген этностар мен мемлекеттердің демографиялық деректерін жүйелеу және жалпылау, жекелеген мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық географиясы туралы білімдерін түсіну және қолдану қабілетін көрсету.
Top