Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B03111 Әлеуметтік саладағы психология в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Когнитивтік, әлеуметтік, ұйымдастырушылық Психология және консультативтік психология саласында маманданған психологтарды даярлау. Әр түрлі білім беру мекемелерінің, әлеуметтік саланың табысты психологиялық - педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық, кәсіби қызметі үшін үздіксіз білім алуға және өзін-өзі дамытуға бағытталған жаңа буын педагог-психологтарын қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 243
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B041 Психология
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Психологияның әдіснамалық негіздері
Тұлға психологиясы
«Жалпы психология: Психологияға кіріспе»
Психоанализге кіріспе
Жас ерекшелік психологиясы
Әлеуметтік –психологиялық зерттеу әдістері
Психологиядағы ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
Жалпы психологиядағы танымдық процестер мен тұлғаның дамуы
-
2 Оқу жылы
Әлеуметтік психология
ҚР психологиялық ғылымының дамуы
Бұқаралық психология
Психологиялық қыметті ұйымдастыру
Қыздарды тәрбиелеудің дәстүрлі әдістері
Медициналық психология
Қарым-қатынас психологиясы
Тұлғаның психодиагностикасы
Дифференциалды психология
Психология бойынша практикум
Тұлғаның психодиагностикасы
Тренингтік технологиялар мен топтық терапия (практикум)
-
3 Оқу жылы
Саяси психология
Психологиялық кеңес беру негіздері
Онлайн кеңес беру
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері және Коррупцияға қарсы мәдениет
Заң психологиясы
Инклюзивті білім берудің психологиялық негіздері
Мәдениетаралық кеңістікте тұлғаны психологиялық сүйемелдеу
Конфликтология
Практикалық психология
Қоғамға қызмет
Девиантты мінез-құлық психологиясы
Әскери психология
Коррекциялық психология
Кәсіби іс-әрекеттегі психология
Еңбек және инженерлік психология
Мамандықтың кәсіби-қолданбалы бағдарламалары
Тұлғаның әлеуметтенуі
-
4 Оқу жылы
Интернет психологиясы
Өмірлік жағдаят аясында тұлғаны зерттеу әдістері
Денсаулық және спорт саласындағы әлеуметтік - психологиялық технологиялар
Психологиядағы математикалық әдістер
Экстремалдық психология
Неке және отбасы психологиясы
Отбасылық қарым-қатынас психологиясы
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Психологиядағы Арт әдістері
Әлеуметтік саладағы медиация
Әлеуметтік жұмыс психологиясы
Оқыту нәтижелері
- Психологиялық көмек көрсету; психодиагностиканы, психокоррекцияны, психотерапияны және психопрофилактиканы жүзеге асыру. Өзара әрекеттесудің әлеуметтік психологиясының негізгі эмпирикалық әдістерін қолдану. Әлеуметтік қақтығыстарды салыстырмалы талдау, оны шешу жолдарын анықтау.
- Даму психологиясы саласында эксперименттік зерттеулер жүргізу, жеке тұлғаның, оның табыстық проблемасымен өзара байланыстағы әлеуметтік–психологиялық параметрлерін диагностикалау және кәсіби жетістіктің психотехникасын қолдану. Болашақ кәсіби қызметтің сипатына сәйкес практикалық тапсырмаларды орындау
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
- Психологияның негізгі тұжырымдамалық идеяларын практикада қолдану, психологияның негізгі категориялары мен тұжырымдамаларын қолдана отырып, адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын, санасын талдау, тұлғаның шығармашылық мінез-құлқын модельдеу. Психологияның маңызды мәселелеріне тарихи-психологиялық талдау жүргізу.
- Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге психологиялық көмек, сүйемелдеу көрсету. Денсаулық және спорт саласындағы әлеуметтік-психологиялық әсер ету мақсаттарына сәйкес әлеуметтік-психологиялық технологияларды қолдану. Соматикалық ауруларды түзету және алдын-алу.
- Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
- Нейропсихологиялық зерттеудің міндеттеріне байланысты психикалық функциялардың бұзылуын түсіндіру. Әумесерлік мінез-құлықтың алдын алу әдістерін, қылмыстық тұлғаны психологиялық зерттеу тәжірибесінде заманауи инновациялық психотехнологияларды, қазіргі саяси психология тұжырымдамасын қолдану.
- Психологиялық құзіреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес тұлғалық дамудағы маңызды өзгерістерді диагностикалау; психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін, мәдениетаралық диалогты конструктивті жүргізудің техникалары мен әдістерін, балалар мен ата-ана қатынастарына психологиялық көмек көрсету тәсілдерін қолдану.
- Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдерін ұйымдастыру. Онлайн кеңес беруді іс жүзінде жүргізу. Психотехнологияның көмегімен топтық жұмысты жүзеге асыру, отбасындағы психологиялық проблеманы диагностикалау. Қыздарды тәрбиелеуде ұлттық педагогикалық материалдарды қолдану.
- Ықтималдылықты қосу және көбейту теоремаларын, дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолдана отырып, кездейсоқ эксперименттің ықтималдығын есептеу. Қашықтықтан оқыту әдістерін қолдана отырып, психологиялық көмек көрсету. Кәсіби деформацияның себептерін анықтау.
- Дағдыларды меңгеру жеке тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау қабілетін қалыптастыру.
- Әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламасын құру. Арт-терапиялық техникаларды қолдануды, арт-терапияда денеге бағытталған әдістерді таңдауды көрсету. Медиация процесін ұйымдастыру, дауларды баламалы шешу тәсілдерін пайдалану, адамдардың өкілеттіктерін белгілеу, тараптарға пайданы талдауда жәрдемдесу.
- Жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың және ҒЗЖ коммерцияландырудың негізгі ережелерін; академиялық мәтіндерді құру мен жұмыс істеудің негізгі принциптерін; басқарудағы Soft Skills дамыту әдістерін, ұйымдық мәдениетті диагностикалау принциптерін, оны ұйымның тиімділігімен өзара байланыста бағалауды; жоғары білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында білім беру мекемелері мен олардың бөлімшелерін басқарудың теориясы мен практикасын; процестің мәнін көрсету әлеуметтену және әлеуметтенудің әлеуметтік – психологиялық механизмдері; тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін негізгі факторлар.