Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05301 Қолданбалы химия в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімдіқолдана білу
  • Кәсіби қызметте алынған білімді жүйелеу, жинақтау, талдау және пайдалану мүмкіндігі, химиялық реакциялар мен процестердің заңдылықтарын және үлгілерін алу, өңдеу және зерттеу әдістерін қолдана білу
  • Бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидты, экологиялық химия, химиялық технология саласында химиялық тәжірибе жасауда негізгі білімдер және практикалық дағдыларды игеру.
  • жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • химиялық материалдарды физикалық және химиялық қасиеттерін ескере отырып қауіпсіз қолдану әдістерін меңгеру
  • Алынған білімдерін және әртүрлі қосылыстарды синтездеу, сәйкестендіру және синтездеу бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізу әдістерін қолдана білу, тапсырмалардың орындалуын қадағалау, кәсіби қызметті оңтайландыру бойынша шешім қабылдау және түзету жұмыстарын жүргізу.
  • Шикізатты дайындауды жүзеге асыру, жабдықтарды пайдалану негіздерін меңгеру
  • Қазақстанның химия ғылымы мен білімінің дамуын талдау, шетелдік тәжірибені ескеру, химиялық үдерістер мен технологиялардың қолданбалы және инженерлік мәселелерін шешу; қоршаған ортадағы экологиялық нысандарды зерттеу.
  • қойылған химиялық міндеттерді шешу әдістері мен құралдарын таңдау, қолданыстағы технологиялық процестерді басқару, кәсіби қызмет бағыттары бойынша жаңа технологияларды меңгеру
  • әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
  • құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • Алынған білімдерін және әртүрлі қосылыстарды синтездеу, сәйкестендіру және синтездеу бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізу әдістерін қолдана білу, тапсырмалардың орындалуын қадағалау, кәсіби қызметті оңтайландыру бойынша шешім қабылдау және түзету жұмыстарын жүргізу./
  • дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.
Top