Жаңа білім беру бағдарламасы

6B06103 Ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау в Esil University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Компьютерлік ақпаратты қорғау әдістерін, құралдары мен технологияларын біледі және қолдана алады, жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс - шараларды жоспарлайды
  • Әртүрлі пәндік салаларда жобалау кезінде компьютерлік ақпаратты қорғау әдістерін қолдана алады. Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін болжау, шығындар мен тәуекелдерді бағалау, ұйымның даму стратегиясына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін құру стратегиясын қалыптастыру дағдыларын меңгерген
  • Кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми пәндер саласында базалық білімі бар
  • Ақпаратты жинау және өңдеу үшін бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалана алады, дерекқордағы деректерді қалпына келтіреді және дерекқорды бақылауды, құжаттауды және қорғауды жүзеге асырады
  • Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолданады. Деректерді қорғауды қамтамасыз ететін зияткерлік аппараттық-бағдарламалық құралдарды, ақпараттық жүйелердің осалдықтарын мониторингілеу жүйелерін және ақпараттың жылыстауын болдырмау жүйелерін құру және қолдану дағдыларын меңгерген
  • жоғары деңгейдегі тілдерде және машина-тәуелді бағдарламалау тілдерінде бағдарламалау негіздерін біледі, оның ішінде есеп қоюды, есептерді шешу әдістерін таңдай алады, алгоритмдерді құрады немесе таңдай алады, бағдарламалау тілінде алгоритмдерді жүзеге асырады, бағдарламаларды түзету және тестілеу жүргізе алады
  • Операциялық жүйелерді, компьютерлік пен телекоммуникациялық желілерді әкімшілендіру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын көрсете алады, олардың құқықтық негізділігін, әкімшілік-басқарушылық және техникалық іске асырылуы мен экономикалық орындылығын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздік бойынша шаралар кешенін қалыптастыруға қабілетті
  • Сандық схемалардың әртүрлі компоненттерін анықтай алады, сигналдарды сандық өңдеу және сигналдарды беру теориясының принциптерін біледі және оларды алгоритмдік есептерді шешуде қолданады, ақпаратты қорғау үшін стандартты криптографиялық алгоритмдер мен хаттамаларды қолдана алады
  • Дискретті математиканың, ықтималдық теориясының және математикалық статистиканың тиісті математикалық аппаратын кәсіби есептерді шешуде дұрыс қолдану дағдыларын меңгерген. Кодтау, криптография және криптоанализ теориясының математикалық негіздерін меңгерген және оларды деректерді қорғау есептерінде қолданады
  • Жеке тұлғаның жауапкершілігін арттыруға әкелетін әлеуметтік ортада тұтас тұлғаны қалыптастыру үшін тілдерді білуін көрсетеді, сондай-ақ экономика саласында құзыреттілікті қалыптастырады. Қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін біледі, әртүрлі әлеуметтік жағдайларды дұрыс бағдарлай алады, кәсіпкерлік қызметтің негіздерін біледі
  • Веб қосымшалардың пайдаланушылық интерфейсін жобалай алады, криптографиялық алгоритмдерді бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыру дағдыларын меңгерген
Top