Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01407 Дене шынықтыру және спорт (IP) в Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіруге, Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарын талдауға, табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми түсінуді, қоғамдық сана мен өнеркәсіптік өндірісті экологияландыруды, табиғатты ұтымды пайдалануды және мемлекеттің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мәнмәтінінде қауіпсіз өмір салтын қамтамасыз ететін дүниетанымдық ұстанымдар мен философия білімі негізінде қоршаған болмысты бағалауға қабілетті.
  • Әлеуметтік-саяси, экономикалық, құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен кәсіпкерлік дағдылар негізінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және әдеп нормаларына сәйкес өзінің ақылақтық және азаматтық ұстанымын дамытуға, сондай-ақ жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге қабілетті.
  • Зерттеу әдіснамасын таңдауды жүзеге асыруға, жаңа білім алу үшін әртүрлі ғылыми әдіс пен тәсілді қолдануға және өз қызметінде әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияның түрін: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуға арналған бұлтты және мобильді қызметтерді қолдануға қабілетті.
  • Тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіптік қатысымдылықтың әртүрлі саласында қазақ, орыс және шетел тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда қарым-қатынас жасауға және сындарлы қарым-қатынас құра отырып және жаһандық кәсіптік білім беру қоғамдастығына қатыса отырып, түрлі кәсіптік желілік қауымдастықтарда офлайн және онлайн жұмыс істеуге қабілетті.
  • Білім алушылардың әртүрлілігін ескеріп, олардың психологиялық игілігін қамтамасыз ете отырып және оқытуды қолдау үшін әртүрлі цифрлық ресурсты пайдаланып, базалық психологиялық-педагогикалық, жаратылыстану-ғылыми және пәндік-әдістемелік білім негізінде оқыту процесін білім беру ортасының әртүрлі типінде педагогикалық маңызды түрде әзірлеуге, енгізуге, бағалауға және дамытуға қабілетті.
  • Адамның физикалық, психикалық, психомоторлық дамуының өзара байланысын, физикалық дайындықтың шаршау мен эмоционалдық күйзеліске орнықтылығына әсерін білу негізінде тұлғаның спорттық іс-әрекеті мен физикалық белсенділігін психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыруға; сабақ барысында және жарысқа дайындық кезінде шұғылданушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеруге; арнайы жаттығу және жарыстық үрдістер кезінде қалжырау, психологиялық зорығу, күйзеліс, эмоционалдық күйіп кету белгілерін анықтауға; психикалық жағдайларды оңтайландыру үшін өзін-өзі реттеудің психотехникасын үйретуге қабілетті.
  • Адам ағзасының жұмыс істеуінің анатомиялық, физиологиялық, биомеханикалық негіздерін, жарақаттар мен аурудан кейінгі алдын алу мен оңалтуды білу негізінде олардың тиімді тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін әртүрлі жыныстағы және жастағы адамдардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың игілігін дене шынықтыру және спорт құралдарымен қолдауға қабілетті.
  • Спортпен шұғылданатындар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар контингентінің жыныстық-жас және жеке айырмашылықтарын ескере отырып, оқу, сауықтыру және оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін және сабақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін білім беру және спорттық-жаттығу ортасы мен жағдайларын құруға қабілетті.
  • Шұғылданушылардың жыныстық-жас, жеке айырмашылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, спорт түрлері бойынша жарыстарды, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық іс-шараларды және басқа да қозғалыс рекреациясының түрін жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті.
  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың оқыту, дайындық және жаттығу нәтижелерін жыныстық-жас, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, сондай-ақ спорттық біліктілік деңгейіне сәйкес бағалауға қабілетті.
  • Пәнаралық деңгейді қоса алғанда, дене шынықтыру және спорт саласында қолданбалы зерттеулерді өздігінен бастауға және жүргізуге, зерттеу әдіснамасы мен ғылыми әдеп негізінде зерттеулердің дизайнын құрастыруға, спортшылардың дене шынықтыру, техникалық, тактикалық, теориялық және басқа да даярлық түрлерінің көрсеткіштерін өлшеу мен бақылаудың метрологиялық негізделген құралдары мен әдістерін қолдануға, зерттеу нәтижесін жұртшылыққа көрнекілендіруге және ұсынуға қабілетті.
  • Өзінің физикалық денсаулығы мен қозғалыс белсенділігіне, нутрициологияға қамқорлық жасаумен байланысты тәжірибеде мақұлданатын және іске асырылатын мінез-құлық нормаларын, дене шынықтыру мен спортқа оң мотивациялық-құндылық қатынасын қалыптастыруға; салауатты өмір салты және дене шынықтырумен өз бетінше айналысу арқылы өзінің толыққанды кәсіби және әлеуметтік қызметін қолдауға және қамтамасыз етуге қабілетті.
Top