Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01515 География (IP) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • әлеуметтік, этикалық және ғылыми пікірлерді ескере отырып, білім қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру, өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық ұстанымдары мен оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау, өзінің педагогикалық дамуы үшін жаңа мақсаттар қою;
  • табиғаттан адамның органикалық бірлігі табиғатының бірлігі мен тұтастығы идеясын түсіндіру үшін географиялық ортада болатын құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды жалпылау және талдау;
  • қазіргі қоғамның географиялық дүниетанымын кеңейту және демонстрациялық эксперимент пен практикалық жұмыстарды әзірлеу үшін IT қолдану, аналитикалық және сыни ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу үшін студенттердің мәдениетаралық білімін кеңейте отырып, табиғи пәндерді пәндік-тілдік оқытудың CLIL технологияларын пайдалану;
  • – география ғылымын түсініп, игеру үшін әдіснамалық және теориялық маңызға ие іргелі ғылыми ұғымдарды танып, түсіну және қоршаған ортаның ғаламдық және жергілікті мәселелерін шешу үшін басқа ғылым салаларынан алған білімін кіріктіре отырып, өзінің көзқарасын дәлелдеу;
  • әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен алдыңғы қатарлы географиялық тұжырыидарға негізделген теориялық білімді сыни тұрғыда іріктеу және географияны оқыту мен өзінің кәсіби өсуін жетілдіру үшін алған білімін пайдалану;
  • географиялық карталардың ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіну және картографиялық бейнелеу тәсілдерін ажырату және табиғат объектілерінің кеңістіктік-уақыттық моделін түсіну үшін геоақпараттық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әртүрлі кеңістіктік деректерді іс жүзінде қолдану;
  • оқу үдерісінде зерттеу жүргізуде физикалық-географиялық, экономикалық-географиялық әдістерді пайдалану және далалық, геоақпараттық, статистикалық әдістерді практикалық тапсырмаларды орындау үшін қолдану;
  • мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттерді меңгеру, оқуды одан әрі өзбетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қолдану және педагогикалық, сондай-ақ қоғамдық қызметте өзара кәсіби қарым-қатынастарын құру; кәсіби қызметте денсаулықты сақтауды, нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты пайдалану
  • инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық проблемаларын түсінуі, оқыту үдерісіндегі білім алушылардың әртүрлі қабілеттерін ескеру, өмірлік және оқыту тұрғысынан олардың психологиялық жағдайына этикалық қолдау көрсету;
  • географиялық, экологиялық процестер мен құбылыстардың салдарын болжау үшін географиядан алған білімді жинақтап, қорытындылау, географиялық насынадарға, процестер мен құбылыстарға зерттеу, тәжірибе және болжам жасау үшін түрлі географиялық процестердің үлгісін жасау.
  • географияны оқытуда қолдану үшін ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазылымды білу, академиялық адалдық ұстанымдары мен мәдениетітің маңызын түсіну;
  • географиялық білім беру саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып, географияны оқытудың белгіленген мақсаттарына сәйкес оқу іс-әрекетінің жағдайларын құру;
Top