Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01515 География в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • психологиялық және педагогикалық зерттеу әдістерін меңгереді, өнімді, болжам жасауда, құбылыстар мен жағдаяттарды жүйелі түсіндіруде, түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдайды, саралайды және шығармашылықпен қайта өңдейді, педагогикалық іс-әрекетте шығармашыл, зерттеушілік тәсілді қолдана алады,
  • кәсібінің жоғары әлеуметтік маңыздылығын, кәсіби этикет ұстанымдарын түсінеді, педагогикалық іс-әрекетінде пәндік білімін, педагогикалық өлшемдерді, білім беру жүйесінің даму тенденцияларын, нормативтік-құқықтық актілерді және электронды құжаттарды енгізу негіздерін пайдаланады.
  • білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің (педагог, білім алушылар және олардың ата-аналарының) іс-әрекетін талдауға қабілетті, мақсатты түрде зияткерлі, дене бітімі және рухани дамыған, сындарлы ойлы, өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын тұлға тәрбиелеуге оқу-тәрбие үдерісін үлгілеу;
  • әртүрлі жастағы балалардың даму диагностикасы әдістерін, түрлі оқыту мен тәрбие теориялары білімін, оқыту мен тәрбиелеуде білім алушылардың субъективтілік, коммуникативтілік, ізгілікті, толеранттық және ынтымақтастық пен сындарлы ойлау қабілеттерін дамытудың әдіснамалық тәсілдерін пайдаланады;
  • психологиялық психофизиологиялық дамуда жалпы, арнайы және дара ерекшеліктерді және инклюзивті білім беру құндылықтарын есепке алу қабілеттерін пайдалану, түрлі жас деңгейлерінде білім алушылардың мінез-құлық және іс-әрекет ерекшеліктерін біледі;
  • этномәдени және конфессионалды ерекшеліктерін, қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылым ерекшеліктерін, ұлттық тәрбиенің заңдылықтар мен ұстанымдарын ескере отырып, көпмәдениетті ортада кәсіби іс-әрекетті ұйымдастыру қабілеттерін меңгереді
  • пәнаралық және ведомствоаралық кәсіби міндеттерді шешуге қатысу қабілеттері, білім алушылардың өзгермелі еңбек нарығына бейімдеуге қажетті оқыту және мобилділік құзыреттерін дамытуға қабілетті.
  • балалардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру қабылеттерін меңгереді, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зерттеу және жобалық іс-әрекеттерімен байланысты сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін, білім беру үрдісінде қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (SMART және STEM технологиялары) қолданады;
Top