Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B08102 Green fields технологиялары в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Ауыл шаруашылық дақылдарының даму фазаларын, метеожағдайларды, факторлардың өнімділікке әсерін болжау және оларды ауыл шаруашылығында дұрыс пайдалану; өсімдік мүшелерінің морфологиялық белгілерін сипаттау; өсімдік жасушасында өтетін физиологиялық процестерді және олардың биологиялық ерекшеліктерін бағалау.
  • Топырақтың негізгі түрлері мен түрлешелерін тану, оларды егіншілікте пайдалану бағыттарын және құнарлылықты қалпына келтіру тәсілдерін негіздеу; топырақ өңдеу агрегаттарын жинақтау, ауыл шаруашылығы машиналарын технологиялық реттеуді жүргізу.
  • Далалық ғылыми-зерттеу эксперименттерін жүргізу, зерттеу нәтижелерін дәлелдеу, ғылыми жұмыстардың барлық түрлерін дайындау.
  • Өсімдіктердің топырақ-климаттық жағдайлары мен биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің жаңа тәсілдерін қолдану; ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, өсімдік шаруашылығы өнімдерін бастапқы өңдеу және оларды сақтау тәсілін негіздеу.
  • Егіншіліктің ұтымды және ресурс үнемдейтін жүйелерін әзірлеуді жүзеге асыру; топырақты эрозиядан және дефляциядан қорғау бойынша агротехникалық іс-шараларды жүргізу; мелиорациялық жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу, суару әдістері мен техникасын пайдалану.
  • Өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына ауыл шаруашылығы алқаптарын зерттеу, зиянкестер мен аурулардың негізгі түрлерін анықтау, өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс-шаралардың интеграцияланған жүйелерін әзірлеу.
  • Жемшөп алқаптарын жақсарту, жемшөп дайындау технологиясы бойынша жұмыстарды орындау; жайылым шаруашылығы жөніндегі іс-шаралардың заманауи әдістері мен қағидаттарын айқындау.
  • Ашық және жабық жерлерде көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи технологиясын қолдану; жылыжайлар мен булыжайларда жұмысты жоспарлау.
  • Өсімдіктердің генетикасы мен биотехнологиясының негізгі заңдарын ескере отырып, селекциялық жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу; тұқымдардың сорттық және себу қасиеттерін анықтау.
Top