Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01108 Эндокринология (ересектер, балалар) в Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамдық денсаулық: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық саласы шеңберінде "Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы" мамандығы бойынша әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби аралық командалар құрамында жұмыс істеуге қабілетті
  • Оқу және даму: өз бетінше оқуға және кәсіби топтың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және эндокринология саласындағы үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне белсенді қатысуға қабілетті.
  • Коммуникация және коллаборация: эндокринді патологиясы бар пациентпен, оның қоршаған ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен пациент үшін, үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті.
  • Қауіпсіздік және сапа: қауіптерді бағалауға және медициналық эндокринологиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тиімді әдістерді қолдануға қабілетті.
  • Науқасты тексеру: эндокриндік жүйе аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді тәжірибе негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті.
  • Зерттеу: адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдай алады, кәсіби әдебиетті сыни бағалай алады, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалана алады, зерттеу тобының жұмысына қатыса алады
Top