Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01504 Информатика в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан тарихының және философияның, ұлттық және жеке қорларының, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің теориялық негіздерімен әдіснамалық тәсілдерін біледі, негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени даму үдерістерін талдайды, ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді, тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдай алады. Қаржыны тиімді басқару дағдыларын меңгереді.
  • Білім берудің қазіргі деңгейіне сәйкес информатика пәнін оқытудың принциптері мен ұйымдастыру түрлерін жасай алады. Информатиканы оқу барысында оның мазмұнын, әдістері мен формаларын игереді.
  • Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайнын қалыптастырады. Қазіргі заманғы электр жабдықтарының негізгі тораптарының қызметі мен орындалатын функцияларын игереді. Математикалық талдаудың негізгі ұғымдарын, заңдарын, теорияларын меңгере отырып, есептердің шешу әдістері мен қаржылық сауаттылықтарын арттырады.
  • Білім беру саласында педагогикалық қызметті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыты мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім беру педагогикасы мен психологиясының категорияларын игереді. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика, дикретті математика және математикалық логика есептерін шешуді, сандық әдістерді қолдану біліктігін меңгереді.
  • Бағдарламалау тілдерінің классификациясын қолданып, бағдарлама құрастырады. Мультимедиалық оқыту технологиясының мүмкіндіктерін пайдаланып, оқу процесінде қолданады. Оқу және педагогикалық практика барысында студент білімі мен іскерлігін шыңдайды және оқу-тәрбиелік міндеттерді өз бетінше шешуге машықтанады.
  • Информатиканы оқыту деңгейін бағалауды, сандық білім беру ресурстарын жобалауды және есептерді шешудің жаңа тәсілдерін игереді. Компьютерлік графиканың негізгі бөлімдерімен жұмыс жасап, графикалық бейнені өңдеу әдістерін қолданады. Жасанды интеллект жүйесінің негізін меңгере отырып, сараптамалық жүйелерді қолдану мен құру тәсілдерін үйренеді.
  • IT құралдарын пайдаланып, оқу процесін ұйымдастыру формалары мен ережелерін меңгереді. Олимпиада есептерінің шешу жолдарын, сондай-ақ объектіні идентификациялау механизмдері мен желілік жүйелердің қауіпсіздігін оқып меңгереді.
  • Информатиканы оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, информатика курсының және оқушыларды компьютерлік технологиялардың оқыту мүмкіндіктерін игереді. Компьютерлік бағдарламаларды тиімді қолдана алады және оқушылармен жұмыс жасауда олардың әдістемелік тиімділігін бағалай алады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі негізінде деректерді өңдеу, қорғау және талдау алгоритмдерін үйренеді.
Top