Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01405 Кәсіптік оқыту в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми білімнің әдіснамалық принциптері, парадигмалары мен құндылық қатынастарын, ғылым мен философия арасындағы байланысты ескере отырып, қазіргі заманғы жоғары білім мен педагогика ғылымдарының өзекті мәселелері туралы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете отырып, шет тілін білуді кәсіби деңгейде пайдалана отырып, кәсіби қызметтегі басқару процесінің әдістерін, заңдылықтарын және негізгі элементтерін түсіну және қабілеттері зерттелетін бағыт бойынша айырмашылықтарды табу.
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ғылыми зерттеулерді қолдау технологияларын пайдалана отырып, ғылыми ақпарат жинауды, талдауды және түсінік беруді жүзеге асыра отырып, кәсіби білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің қазіргі заманғы жетістіктерін дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу.
  • Ақпараттық, компьютерлік және желілік технологияларды қолдана отырып, әртүрлі көздерден және мәліметтер базасынан ақпаратты нақты және тиянақты түрде хабарлау, кәсіби білім беру ұйымдарының стратегиялық дамуын барынша кең пәнаралық контексте жобалау және зерделеніп отырған салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Іскерлік шешімдерді модельдеуде іскерлік қасиеттерді кәсіби деңгейде қолдана отырып, кәсіпкерлік қызметтің теориялық негіздерін іскерлік белсенділіктің заманауи формасы ретінде дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсету білу.
  • Теориялық білімі мен практикалық іскерліктері, зерделеніп отырған салада ғылыми зерттеу әдістері туралы оқу дағдыларының, кәсіби деңгейде болашақ кәсіби қызметтегі жанжалды жағдайлардағы мінез-құлық үлгілері болуы тиіс.
  • Экологиялық өндіріс саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, соның ішінде ең озық экологиялық білім элементтерін, барынша кең пәнаралық контексте педагогикалық зерттеудің әдіснамалық сипаттамаларын көрсете білу
  • Электрондық білім беру ресурстарын зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде педагогикалық жүйелерді жобалау және бағалау, зерделеніп отырған салада озық білімге негізделген ауылшаруашылық техникалары мен технологиялық жабдықтардың жоғары өнімді пайдалануы мен сенімді жұмысын ұйымдастыру қабілеттерін көрсету.
  • Тұлғааралық өзара әрекеттесу жүйесіндегі проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана отырып, қазіргі білім берудегі инновациялық процестерді жандандырудың негізгі бағыттары мен факторларын ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру.
  • Ақпараттық-білім беру ортасында магистранттардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары туралы пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру, зерттелетін кәсіптік білім берудегі зерделеніп отырған саладағы қызметті ескере отырып, нормативтік-құқықтық құжаттаманы талдау.
Top