7M07104 Көлік, көліктік техника және технологиялар в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті, автокөлік кәсіпорындарындағы жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша теориялық білімдері және тәжірибелік дағдылары бар, сонымен қоса сәйкесті бағытта ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық жұмыстар бойынша өзіндік дағдысы бар мамандарды дайындау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M104 Көлік, көліктік техника және технология
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Білім алушылардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады. Сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Ғылымға және ғалымдарға қажеттілік күшейіп отырған қазіргі заманда бұл пәнді зерттеу қоғам үшін де, жас ізденуші үшін де аса маңызды. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылымның білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білім қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көлік және көлік техникасын болжау мен эксперементтік бағалау
Пән көлік жүйелерін талдау мен болжаудың мазмұны мен құрылымын; көлік жүйелері мен технологияларын талдауға қойылатын талаптарын; талдаудың мәнн; жүйелік талдауды қолдану ерекшеліктерін; көлік және көлік техника механизмдері мен машиналарын (автомобильдердің, пневмодөңгелекті тартқыштардың, локомотивтердің, вагондардың) болжаудың әдістемелік негіздерін ашады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Курс педагогикалық ғылымды және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орнын, білім берудің қазіргі парадигмасы, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, маман тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру, білім берудегі менеджмент қарастырады. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы, оқытудың әдістері мен түрлері туралы түсінік беріледі. Оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін ашуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық көліктері жұмысының теориясы
Пән ауыл шаруашылығы жүктерін автомобильмен, тракторлық және аттық көліктермен, сондай-ақ олардың негізінде құрастырылған пойыздармен тасымалдау сипаттамаларына, ауыл шаруашылығы көлігінің техникалық, пайдалану және техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне байланысты мәселелерді зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тасымалдау процестері мен жүйелерінің теориясы
Пән көлік процесі және жүйе теориясының негізгі мәліметтерін, көлік жүйесінің негізгі түрлерінің сипаттамасын, олардың құрылымы мен жұмысының ерекшеліктерін, көлік жүйелерін зерттеудің және тану әдістерін, со-нымен қоса тәжірибелік үлгілерді оқып-білуге бағытталған,
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көлік техникасының қозғалыс теориясы
«Көлік техникасының қозғалыс теориясы» пәні автокөлік құралдарының пайдалану жағдайларын талдауды, оның қозғалысы мен қауіпсіздігіне байланысты автомобильдің қасиеттеріне құрылымдық параметрлердің әсерін, әртүрлі жол жағдайларында көлік құралдарының түзу және қисық сызықты қозғалысының моделін қарастырады. Көлік техникасының жекелеген тораптары мен агрегаттарының өзара іс - қимылының кинематикасы мен динамикасы, сондай-ақ соңғысының ортамен өзара іс-қимылы көрсетілген процестердің және олардың сипаттамаларының көлік машинасының функционалдық (пайдалану) қасиеттеріне-технологиялық, техникалық-экономикалық және жалпы техникалық қасиеттеріне әсері туралы білім беру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Трактордың негізгі тораптары мен агрегаттарын есептеу теориясы
Пән трактордың негізгі тораптары мен агрегаттарын даму кезеңдерін, негізгі тораптары мен агрегаттарын жетілдіру бағыттарын, экономикалық және экологиялық талаптарды ескере отырып, трактордың негізгі тораптары мен агрегаттарын есептеуді қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Автомобиль құрылысына қойылатын халықаралық талаптар
Пән автомобиль конструкциясына қойылатын халықаралық талаптарын, әлемнің автомобиль конструкциясының қазіргі жағдайы мен дамуын, өндірістік, пайдалану, тұтыну талаптары мен әлем автомобильдерінің конструкцияларына қойылатын қауіпсіздік пен экологиялық талаптарын; автомобиль конструкциясына қойылатын халықаралық келісімдер мен заңдарын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың бойында ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Автотрактор көліктерін сынау
Пән ауыл шаруашылығы техникасын жасау, өндіру және жаңғырту кезінде автотрактор көліктерін сынаудың негізгі ережелері мен принциптерін, бағалау түрлерінің, функционалдық көрсеткіштердің мазмұнын және мәнін анықтау әдістерін, алынған деректерді өңдеу тәсілдерін және оларды талдауды оқып-білуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Автомобиль көлігі кәсіпорындарын жобалау
«Автомобиль көлігі кәсіпорындарын жобалау» пәні студенттердің автомобиль көлігі кәсіпорындарының өндірістік-техникалық базасының жай-күйі мен даму перспективаларын зерделеуден, автокөлік кәсіпорындарын технологиялық жобалау әдістемесі бойынша білім алудан тұрады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Көлік және көлік техникасын болжау және сараптамалық бағалау әдістемесі
Пән көлік жүйелерін талдау мен болжаудың мазмұны мен құрылымын; көлік жүйелерін, техникалары мен технологияларын талдауға қойылатын талаптарын; талдаудың мәнін; жүйелік талдауды қолдану ерекшеліктерін; көлік және көлік техника механизмдері мен машиналарын (автомобильдердің, пневмодөңгелекті тартқыштардың, локомотивтердің, вагондардың) болжаудың әдістемелік негіздерін ашады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
"Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару" курсы магистранттарды агроөнеркәсіптік кешен саласында нарықтық жағдайда оқытуға арналған. Ол жобаны басқару әдістерінің даму тарихын, жоба тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешім қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін, сондай-ақ жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі жоба менеджерінің рөлі мен қызметін игеруді қамтиды. Магистранттар агроөнеркәсіптік кешен саласында өз бизнесін табысты жүргізу үшін қажетті дағдыларды игере отырып, жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандарын және оларды әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін зерделейді. Курс сонымен қатар білім алушылардың экономикалық ойлауы мен кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыруға, оларға нарықта өз орнын табуға, өз ісін ашуға, өз кәсіпорнын ұйымдастыруға және тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құбыр көлігі мен ауыл шаруашылығында термопластикалық полимерлі материалдарды монтаждау және жалғау
Пән болашақ мамандардың заманауи тәсілдермен полимерлік материалдарды монтаждау мен жалғау үшін теориялық білімді меңгеруге және де оларды заманауи техникалық жабдықтарды пайдалана отырып полимерлік құбырлар мен жазық полимерлерді жалғауға және жалғанған тігістеріне (жоғарғы температурамен және жоғарғы температурасыз) бақылау жүргізуге тәжірибелік машықтандыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Конфликтология
Пән конфликтологияның негізгі категорияларын, жанжалдардың типологиясын, жанжалдарды басқару технологиясын қарастырады. Тұлғаның қақтығыстағы мінез-құлық теориясын, тиімді қарым-қатынас технологиясын және қақтығыстағы ұтымды мінез-құлықты зерттейді. Жанжалды шешу бойынша келіссөз процесінің психологиясы, дауды реттеу технологиясы ретінде Медиация туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бизнес шешімдерді модельдеу
Пән шешім қабылдау процестерін зерттейді, бастапқы мәселені формализациялаудан бастап, компьютерде математикалық модель құру және шешу арқылы шешімді талдауға және басқару шешімін қалыптастыруға дейін. Басқарушылық шешімдерді таңдау үшін міндеттердің өндірістік, көлік және қаржылық модельдерін қарастырады. Математикалық модельдерді құру және шешу және осы шешімдерді компьютерде талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Автомобильдер мен тракторлардың электр жабдықтарын пайдалану және жөндеу
Пән қозғалыс қауіпсіздігіне жауап беретін бұйымдар мен электр жабдықтары жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету әдістері мен пайдалану шарттары бойынша материалдарды қарастырады, сондай-ақ жөндеу процесінде бұйымдардың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтірудің заңды шараларын, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұйымдарға техникалық қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру мәселелерін, төтенше жағдайларда бұйымдарды пайдалану ерекшеліктерін, техникалық қызмет көрсету түрлерін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Автомобильдің негізгі тораптары мен агрегаттарын есептеу теориясы
Пән автомобильдің негізгі тораптары мен агрегаттарын дамыту кезеңдерін, жетілдіру бағыттарын, экономикалық және экологиялық талаптарды есепке ала отырып автомобильдің негізгі тораптары мен агрегаттарын есептеуді зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Автотракторлық құралдарын диагностикалаудыңі заманауи әдістері
Пән болашақ мамандардың автотракторлық агрегаттарын диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістері бойынша теориялық білімдерді, сондай-ақ диагностиканы бақылау өткізу үшін және заманауи техникалық құралдарды қолдану арқылы энергетикалық шаруашылықтар мен кәсіпорындарда жұмыс пен құрылымдарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ауылшаруашылық көлігін пайдалану және техникалық қызмет көрсету
Пән ауыл шаруашылығында көлік техникасына ТҚК және ағымдағы жөндеу технологиясын; көлік техникасына ТҚК және ағымдағы жөндеу бойынша инженерлік-техникалық қызметті ұйымдастыру әдістерін; ерекше табиғи-климаттық, өндірістік және жол жағдайларында көлік техникасын техникалық пайдалану ерекшеліктерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көлік техникасын пайдалану және қамтамасыз ету
Пән көлік техникасына ТҚК және ағымдағы жөндеу технологиясын зерделейтін пән; көлік техникасына ТҚК және ағымдағы жөндеу бойынша инженерлік-техникалық қызметті ұйымдастыру әдістері; ерекше табиғи-климаттық, өндірістік және жол жағдайларында көлік техникасын техникалық пайдалану ерекшеліктерін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылым философиясының, психологиясының және педагогикасының мәселелері бойынша көрегендікті көрсете алу, көлік, көліктік техника және технологиялармен байланысты пәндермен сабақ берудің заманауи әдістерін пайдалану, әртүрлі психологиялық жағдайларда оңтайлы нұсқаларын табу және басқару шешімдерін көрсете білу.
- Интернационалды ортада ағылшын тілінде кәсіби әңгімені жүргізе білу, ғылыми-техникалық және педагогикалық сұрақтарды кең шеңберде қолдай алу.
- Көлік техникасы саласында зерттеулерді жүргізу жоспарларын, бағдарламаларын және әдістемелерін жүзеге асыру; автотрактор техникасын сынау және сертификаттау сапасына талдау жасау, синтез және оңтайландыру үрдістерін қамтамасыз ету; көлік құралдары типтерінің өкілдерін, жабдық заттарын сынау үшін үлгілерді іріктеуді жүргізу; өнімдер мен олардың құрамдас бөліктерінің ресурстарын қалпына келтіру бойынша операциялар кешенін әзірлеу және енгізу арқылы зерттеу нәтижелерін талдау.
- Автомобильдің қозғалысты қамтамасыз ететін пайдаланушылық қасиеттерін: тарту-жылдамдық және тежеу, отын үнемділігін, басқарымдылығын, тұрақтылығын, маневрлілігін, жүріс жұмсақтығын және өткізушілігін кең пәнаралық контексте барынша талдай және жүйелей алу.
- Жүк автомобильдерімен тасымалдау теориясының ережелерін және автомобильдердің өндірімділігін есептеудің математикалық моделін, әртүрлі ауылшаруашылық жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру ерекшеліктерін, қызметтердің өзіндік құнын, тарифтерді және көлік құралдарын пайдалана білу, сонымен қатар сызықтық бағдарламалау негіздерін, көпөлшемді есептерді кәсіби деңгейде шығара алу.
- Сәйкестікті бағалау бойынша жұмыстардың ұлғаюын және жүргізілуін болжау отынды үнемдеудің қазіргі заманғы талаптары мен міндеттеріне толық жауап беретін автомобильдерді шығару құрылымын жақсарту үшін, сондай-ақ әлеуметтік және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, ол үшін арналған өндірістік функцияларды ең жақсы түрде орындау үшін автомобильдің қандай қасиеттер жиынтығына ие болуы тиіс екенін білу.
- Ғылыми ойларды ескере отырып тарту-жылдамдық қасиеттеріне қойылатын талаптарын ескеретін қозғалтқыштың және трансмиссияның негізгі параметрлерін есептеу әдістемесін нақтылау.
- Тракторлардың тарту сипаттамасын жинауды және тартуды есептеуді жүзеге асыру, шынжыртабанды тракторлардың бұрылу теориясының негіздерін, тракторларды сынауды білу, автотрактор электр жабдығының техникалық күйінің өзгеру заңдылықтарын, яғни жұмыс істемеу мен бұзылуларды ескерту үшін олардың пайда болуы себептерін, механизмдерін айту.
- Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты автокөлік құралдарының және олардың құрама бөліктеріінің техникалық күйіне қойылатын халықаралық талаптарды регламенттейтін негізгі басқарушылық құжатты кәсіби деңгейде пайдалану білу.
- Кәсіби деңгейде автокөлік кәсіпорындарын технологиялық жобалау әдістемесінің негізгі кезеңдерін: өндірістік бағдарламаны есептеуді, техникалық қызмет, жөндеу және диагностау аймақтарының орындаушылары санын есептеуді; аймақтардың өндірістік бөлімдерін технологиялық есептеуді; жоспарлау шешімдерін жасақтауды; жобалау нәтижелерін талдауды, сонымен қатар жобалау алдындағы кезеңнің құжаттамасын және жете тексеру нәтижелерін талдауды.
- Техникалық диагностикалаудың жалпы үрдісін: нысанға тесттік әсер етуді, диагностикалау параметрлерінің мәндерін көрсететін сезгіш дабылдардың көмегімен қабылдауды және түрлендіруді, оларды өлшеуді, алынған ағымдық ақпаратты нормативтік құжаттармен, оның ішінде көлік техникасын, оның жүйелерін, агрегаттары мен тораптарын жөндеу технологиялары бойынша салыстыру арқылы алынған ақпаратты логикалық өңдеу негізінде диагностика қоюды білу.
- Құбырлық көлікте термопласттан (полиэтиленнен) жасалған құбырларды жалғау және монтаждау саласындағы технологияларды көрсете білу.
Ұқсас БББ
7M07104 Көлік, көліктік техника және технологиялар
Торайгыров университеті
7M07104 Көлік, көліктік техника және технологиялар (2)
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)
7M07104 Көлік, көліктік техника және технологиялар (1,5)
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)