Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04114 Іскерлік әкімшілендіру (Еxecutive МВА) в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Оқыту нәтижелері

  • Бизнес-жоспарды құрастыру және тұрақты өзгерістер жағдайында құндылықты құру үшін бизнес-шешімдерді қабылдау кезінде стратегиялық, кешенді және инновациялық әдістемелерді қолдану.
  • Сандық және сапалық әдістерді қолдана отырып, халықаралық бизнес трендтерін талдау, жаһандану жағдайында әлеуетті мүмкіндіктерді анықтау және стратегиялық шешімдер қабылдау.
  • Халықаралық құқықтық нормалар мен жауапкершілікті негізге ала отырып, жаңа компанияның стратегиясын немесе қолданыстағы бизнестегі жаңа бағытты қалыптастыру.
  • Даму стратегиясына сәйкес фирманың бюджетін қалыптастыру және орындау, басқарушылық және инвестициялық шешімдер қабылдау.
  • Компанияны басқару және стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл мәселелерін шешу үшін маркетингтік және қаржылық құралдарды пайдалану.
  • Тиімділіктің дербес әдістемесін қолдану және тұлғалық өсу түсінігі мен табысын көрсету.
  • Мультимәдени бизнес-ортаға бейімделе білу және халықаралық нарықтарда адамдармен тиімді жұмыс істей білу.
  • Әлемнің кез келген елінде мансапты іске асыру үшін этикалық көшбасшылық көзқарасы мен коммуникация тиімді дағдыларын дамыту.
  • Экономикадағы, адам өміріндегі жаңа технологиялар мен дизруптивті түрлендірілуге бағдарланған тұрақты даму бағдарламаларын әзірлеу.
  • Идеялар мен нәтижелерді таныстыра білу, аудитория алдында сөз сөйлеу, бизнес, басқару мен жеке өсу саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін осы дағдыларды пайдалану.

Ұқсас БББ

Top