6B01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагог-тәрбиешісін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Пәндер
-
Ерте жас педагогикасы
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылыми негіздері, үш жасқа дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, ерте жастағы педагогика және психология негіздерін интерграциялау, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мәні, мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық процесс туралы түсініктері кеңейеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектепке дейінгі білім берудегі ұлттық мәдени құндылықтар
Ұлттық мәдениетке деген құндылықтық қатынасты, балаларды ұлттық мәдениет пен өнер арқылы көркемдік және эстетикалық тәрбиелеу мен дамытудың маңыздылығын сипаттайды.Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, өнер түрлері (фольклор, ұлттық мерекелер, ұлттық киім, ас үй), өмір салты, ұлттық білім беру дәстүрлері,отбасының ролі, тұлғааралық, мәдениетаралық ортаға ұлттық мәдени құндылықтардыинтерграциялау дағдысын дамытуды көздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Қоршаған ортамен таныстыру
МЖМБС талаптарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру жағдайында әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыруды оқыту әрекетін жүргізудің инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға білім алушылардың дайындығын қалыптастырады. Өзін-өзі тану, экология негіздері, қоршаған ортамен таныстыру бойынша негізгі ережелердің тұжырымдамалық ерекшеліктерін (Отанға деген махаббат, үлкенге құрмет, позитивті мінез-құлық) туралы түсініктері кеңейеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыруды іске асырудағы баланың әлеуметтік дамуының негізгі заңдылықтары, механизмдері мен детерминанттары; баланың әлеуметтік даму кезеңдері, әлеуметтік факторлары, балабақшада әлеуметтік дағдыларды дамыту, балалардың әлеуметтік-эмоционалды бейімделуі және бейімделе алмауы, әлеуметтік тәрбие және оның құралдары мен технологиялары туралы түсініктерін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Баланың сөйлеу тілі
Балалар тілін зерттеудің құрылымдық, функционалдық және когнитивті бағыттарын; балалардың лексиканы, грамматиканы, фонетиканы, байланыстырып сөйлеуді меңгеруінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін; балалардың тілдік даму бағдарламаларын әзірлеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін; тілді дамытудың мазмұнын, ғылыми әдістері мен құралдарын; бала қарым-қатынасын және тілдік ортасын; әлеуметтік тәжірибені және ана тілін меңгерудің негізгі құралы ретінде сөйлеу қарым-қатынасын меңгереді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық ерекшеліктері; онтогенездің әр түрлі жас кезеңдерінде бала ағзасының морфофункционалды дамуы мен заңдылықтары (денсаулығын сақтау, дене дайындығы, әлеуметтік, тіл дамыту, интеллектуалды дамыту, көру, есту, қабылдау, қозғалыстардың дамуы, жеке дамуы) туралы түсініктерін пәнаралық интеграциялау арқылы дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Педагогтің сөйлеу мәдениеті
Мектепке дейінгі балалардың жеке дамуындағы педагог-тәрбиешінің сөйлеу тіліне қойылатын мәдени және әдістемелік талаптарды, мәдени сөйлеу дағдыларын (дұрыстығы, дәлдігі, қисындылығы, тазалығы, мәнерлілігі, байлығы, орындылығы; педагогтің тілдік емес қарым-қатынас құралдарын дұрыс пайдалануы, мәнерлеп көркем оқу және айту дағдылары) дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балабақша мен отбасының өзара әрекет етуінің инновациялық формалары
Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың инновациялық формалары мен технологияларын, педагог-тәрбиешілердің мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің отбасымен өзара әрекеттесуінің маңыздылығы туралы білімдерін, отбасымен жұмыс істеу үшін материалдарды дұрыс таңдау және қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектепке дейінгі педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Тәрбие процесінің мазмұны, бала құқығы мәселесі, мектепке дейінгі білім берудің қалыптасу, даму кезеңдері, тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Мектепке дейінгі мекеменің МЖМБС сай білім беру процесі, мектепке дейінгі және ерте жастағы балалармен жұмысты жоспарлау, іске асыру және талдау, педагог пен тәрбиеленушілердің ойын, танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік әрекет кеңістігі; тәрбиенің заманауи парадигмасы туралы түсініктері кеңейеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттік білім беру
Мектеп жасына дейінгі балаларға әдеби білім берудің теориялық-әдістемелік идеялар жүйесін құрайтын әдебиеттанудың педагогикалық негіздерін, өнер туындысын түсінуін; балабақшадағы балалар әдебиетін оқыту процесін және балалар әрекетінің түрлі нысандарын; кітаппен жұмыс істеу формаларын, балалардың жас ерекшілігіне сай оқуға үйрету әдеби білім берудің әдістері мен технологияларын пайлалана алу дағдысын дамытуды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Балалар психологиясы
Пәнді оқыту барысында балалардың психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін, психикалық дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда болуы және жетілуі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін ашады. Білім алушыларда балаларды қозғалу іс-қимылдарына үйрету, гимнастика, жалпы дамыту жаттығулары, қозғалыс ойындар, мектепке дейінгі мекемедегі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мәнерлеп оқу практикумы
Мектепке дейінгі балаларды көркемсөз оқу өнері ретінде мәнерлеп оқуды қалыптастыруға бағытталған. Білім алушыларға мәнерлеу құралдары, орфоэпия және оның мәнерлеп оқудағы маңызы, фониканың мәнерлі мүмкіндіктері, сөйлеу техникасы, сөйлеу логикасы, интонация және оның құрамдастары, лирикалық, прозалық шығарманы, ертегілерді, мысалдарды мәнерлеп оқу, педагогтың тәрбиелік-білім беру процесіндегі мәнерлеп оқу мен сөйлеуінің рөлі қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мектепке дейінгі мекемедегі әдістемелік жұмыс
Мектепке дейінгі мекемедегі әдіскердің және әдістемелік кабинеттің жұмысын, құжаттаманы жүргізу әдістерін, есепке алу және есеп беруді; пәндік-дамытушылық ортаны құру, педагогтермен жұмыс жүргізу және олардың жұмысын бақылау, мектепке дейінгі мекемеде оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын мониторингтеу, қызметін жоспарлау және жаңартылған мазмұнды білім берудің нормативтік, озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу тұрғысында құжаттаманы әзірлеу туралы білімдерін дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, пәнаралық білімді интеграциялай білу, инклюзивті білім беру жағдайында, оқу-тәрбие процесінде баланы әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, диагностикалау, коррекциялаудың әдістері қарастырылады, инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалай білу сипатталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математика негіздері
МЖМБС талаптарына сәйкес танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытуда балалардың әрекет кеңістігін ұйымдастырудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға дайындығын; мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық білім беруде басшылыққа алынатын негізгі бағдарламаларды, математикалық білімді жүзеге асыруда, сан мен мөлшер, уақыт пен кеңістік, пішін мен көлем туралы білімдерін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Логопедиялық технологиялар
Логопедиялық технология» түсінігі, педагогикалық технологияның негізгі талаптары (өлшемдері); қазіргі заманғы білім берудегі логопедиялық технологиялардың түрлері (диагоностикалау, балалар тілін түзету жолдары, дыбыстарды дұрыс айту әрекеті); денсаулық сақтау, жобалау, зерттеу, АКТ, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, мектепке дейінгі тәрбиеленуші мен тәрбиеші портфолиосы технологиясы, ойын технологиялары т.б білім беру технологияларының құрылымы қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалаудың заманауи технологиялары
Пән бағалау саласында қолданылатын соңғы әдістер мен тәсілдерді зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ білім беру, психология, әлеуметтік педагогика сияқты әртүрлі салалардағы бағалауға қатысты аспектілерді қамтиды. Бағалау қағидалары мен теорияларын, бағалау әдістері мен құралдарын, бағалау деректерін талдауды және әділдікті қамтамасыз ету, біржақтылыққа жол бермеу, тест тапсырушының құпиялығын қорғау және бағалау әдістерінде адалдықты сақтау сияқты бағалауға қатысты этикалық мәселелер мен нұсқауларды зерттеуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сауат ашу
Сауат ашу технологиясының мектепке дейінгі кезеңдегі оқу-тәрбие жүйесіндегі маңыздылығы жөнінде білімді тереңдетуге бағытталған. Пәнаралық білімді интеграциялай отырып, дыбыстарды дұрыс айту, әріптерді таңбалау, жазу, сөздің дыбыс, буын құрамын меңгерту, сөздік қорын байыту, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастыру, балалардың біліктері мен жетістіктерін диагностикалау дағдыларын дамыту көзделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі мекемедегі мәдени шараларды ұйымдастыру мен жүргізу
Мәдени шараларды ұйымдастыру мазмұны, әдістері (ойын, сахналау, сайыс, тақпақ оқу және жаттау, импровизация), тиімді формалар (концерттер, музыкалық-әдеби композиция, музыкалық ойындар мен сауықтар, қойылымдар, драматизациялау ойындары, қуыршақ театрлары, хореографиялық миниатюралар) және мәдени шараларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар, әдістері, түрлері (демалыс, ойын-сауық, мерекелер, шығармашылық), балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуды іске асырутуралы білімдерін тереңдетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің әдістері
Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері бойынша білім алуға мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі білім беруде компьютерлік технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім берудегі компьютерлік технологияларды пайдалану мақсаттарын, міндеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Мектепке дейінгі білім беруде тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін кеңейтуге мүмкіндік беретін компьютерлік технологияларды таңдап (сөйлейтін әліппе, сөйлейтін қалам, белсенді тақта), қолданады. Мектепке дейінгі балаларда ақпараттық технологиялармен жұмыс жүргізу негіздерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар
Пән педагогикалық технологиялардың дамуының тарихи аспектісін, педагогикалық технологиялардың жіктелуін, білім беру үрдісінің бала тұлғасын зерттеуге бағытталған. Білім беру технологияларын меңгерудің дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Пәнде ойын технологиясы, еркін дамудың білім беру технологиялары, дамыту, зерттеу және проблемалық оқыту технологиялары, балаларды ерте дамыту технологиясы. ТРИЗ технологиясы, денсаулық сақтау технологиялары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтердің мектеп жасына дейінгі балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі іс-әрекетін әдістемелік сүйемелдеу
Қосымша білім беру әдістемесінің ерекшеліктері, құрылымы мен мазмұны, мәні, негізгі ұғымдары, білім беру қызметін ұйымдастыру модельдері туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырудың инновациялық әдістері мен технологияларын; сабақ ерекшеліктерін, дидактикалық мәдениетті, бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді және қосымша білім беру саласындағы педагогтің тьюторлық позициясытуралы түсініктерін кеңейтеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектеп дейінгі балаларға қосымша білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу
Қосымша білім беру ұйымдарында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру және іске асыру, дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеудегі үйлесімді эмоционалдық және әлеуметтік дамуына әсер ететін психологиялық-педагогикалық және нақты-кеңістіктік даму ортасын қалыптастыру, ата-аналары мен педагогтеріне оқу-тәрбиелік көмек көрсете алу дағдысын дамытуды көздейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектепалды даярлықтың нормативтік және әдістемелік қамтамасыз етілуі
Мектепалды даярлықты ұйымдастырудың нормативтік-әдістемелік жағдайдарда педагог-тәрбиешінің кәсіби қызметінің сапасын қамтамасыз ету, мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелік-білім беру қызметінің дағдыларын меңгерген жаңа формацияның мамандарын даярлайды, балалардың дамуына педагогикалық диагностикалаудың түрлі әдістерін қолданады, мектепке дейінгі әртүрлі ұйымдардағы қызметке бағдарланған ғылыми ақпаратпен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектепке әлеуметтік-тұлғалық дайындық
Баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру, жаңа міндеттерін түсіну және қабылдауға, жаңа мектептегі өмір салтынан өз орнын табуға көмектесу, еркіндік пен жауапкершіліктің жаңа деңгейін табуға уйрету, өзін-өзі бағалау қабілетіне дағдыландыру, мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық, сөйлеу, интеллектуалдық даму ерекшеліктерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Балалар шығармашылығы
Балалар шығармашылығының мазмұны; білім алушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай, балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытудағы оқыту процесін интеграциялау; қоршаған ортаны эстетикалық қабылдауды қамтамасыз ететін факторлар; балалар шығармашылығының ерекшеліктері мен түрлері (сурет салу, жапсыру, жапсыру, музыка); шығармашыл дарынды балалармен жұмыс істеу бағыттары туралы білімді қалыптастырады (робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау).
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке психологиялық-физиологиялық дайындық
Баланың мектепке психологиялық дайындығы баланың мектеп жағдайына бейімделуіне және жүйелі оқуды бастауға көмектесетін оқу жүйесінің қажетті психологиялық алғышарттарының қалыптасуын көмектесетін, функционалды дайындық, зияткерлік дайындық, физиологиялық дайындық балалар үшін өте маңызды кезең, мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық, сөйлеу, интеллектуалдық даму ерекшеліктерін ажыратады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жүйесінде қосымша білім беруді ұйымдастыру
Қосымша білім беруді жалпы білім берудің вариативті құрамдас бөлігі ретінде балалардың шығармашылық потенциалын дамыту, социумға бейімделу дағдыларын дамытады. Қосымша білім беру түрлері, ББМДҰ жағдайында қосымша білім беру қызметтерін көрсету, түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларының сипаттамасы (ғылыми-техникалық, көркем, жаратылыстану т.б.), репетиторлық, пәндерді тереңдетіп оқыту мәселелері туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығына саналы түрде қарау дағдыларын, балалардың өмірін қорғау және қауіпсіздік мәдениеті негіздерін қолданады
- Балалардың жеке және командада тілдік, қимыл-қозғалыс, эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивті қарым-қатынас жасау қабілетін анықтайды
- Кәсіби міндеттерді шешуде білім беру ортасын зерттеудің ғылыми негіздерін, әдістері мен тәсілдерін жобалайды
- Мектепке дейінгі педагогика, психология, физиология және балаларды әлеуметтік-эмоционалдық қолдау жүйесінің нормативтік-құқықтық негіздерін, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсетеді
- Ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау барысында ұлттық-мәдени құндылықтарды қолдана отырып салыстырмалы талдау жүргізеді
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, зияткерлік және тұлғалық дамуына бағытталған іс-әрекеттерді интеграциялай отырып,оқу-әдістемелік құжаттамалар әзірлейді
- Заттық-кеңістік дамытушы ортаны балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай ұйымдастыруда кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді бағалайды
- Біліктері мен дағдыларының дамуын мониторингтеуде балалар әрекетін ұйымдастырудың инновациялық технологияларын таңдайды