Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M11201 Өндірістегі гигиена және еңбек қорғау в Satbayev University
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 7M11201 - «Гигиена және өндірістегі еңбек қорғау» білім беру бағдарламасының мақсаты - гигиена және өндірістегі еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, төтенше жағдайда қорғау саласында іргелі, ғылыми білімдері бар, алған білімдерін жобалық-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару және ғылыми-педагогикалық қызметте пайдалана алатын жоғарғы білікті техника ғылымдарының магистрларын дайындау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M150 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар
-
Білім беру саласы 7M11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 7M112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Техносфералық қауіпсіздікті болжау жүйесінде модельдеу.
Техносферадағы қорғау техникасы мен технологиясы
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің ғылыми-әдістемелік негіздері
Жобалардағы қауіпсіздік мәселелері.
Қауіпсіздік саласындағы халықаралық құқық және серіктестік.
Тіршілік қауіпсіздігінде ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі
Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы қазіргі заман зерттеулері.
Ғылым тарихы мен философиясы
Еңбек шарттарының қауіпсіздігі және қолайлылығы бойынша арнайы бағалау жүргізу.
Техносфералық және экологиялық қауіпсіздікті сараптау
Техносфералық және экологиялық қауіпсіздік саласындағы қазіргі заман ғылыми зерттеулері
Тіршілік қауіпсіздігіндегі кәсіби бағдарламалар
Тіршілік қауіпсіздігін оқытудың әдістемелік негіздері
Зияткерлік меншік және ғылыми зерттеулер
Шет тілі (кәсіби)
Жоғары мектеп педагогикасы
Басқару психологиясы
-
2 Оқу жылы
Төтенше жағдайлардың салдарын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жұмыстары
Тұрақты даму стратегиялары
Өнеркәсіптік мекемелердің қоршаған ортаға техногенді әсерін бағалау және зерттеулер жүргізу.
Еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша сертификацияланған Мемлекеттік курс
Өндірістік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат
Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясат
ТЖ шаруашылық субъектілерінің тұрақты жұмысы
Қауіпсіздікті басқарудың интеграцияланған жүйелері
OHSAS 18001 кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін жаратылыстанудың философиялық тұжырымдамаларын және өндірістегі еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау саласындағы ғылыми-әдістемелік негіздерді пайдалану; теориялық және практикалық сабақтарды жүргізе білу; оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырудың педагогикалық әдістері мен құралдарын пайдалана білу.
- Еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі қауіптерді талдау және қауіптерді бағалау, өндірістік объектілердің сенімділігі мен орнықтылығын арттыру, жүйелі талдауды қолдана отырып, олардың функционалдық мақсатын қолдау әдістерімен қауіпті жағдайлардың іске асырылу ықтималдығын (жиілігін) айқындау қабілеті.
- Объектілердің қауіпсіздік жүйелері мен құрылғыларын, қауіпсіздігін арттыру құралдарын жобалау және есептеу; өндірістегі еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау жағдайларын талдау негізінде олардың жұмысының тиімділігін бағалау; төтенше жағдайларда әртүрлі өндірістік үрдістер өндірісіндегі еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және құқықтық актілермен және ұғымдық-терминологиялық аппаратпен тіршілік ету ортасы үшін негізгі қауіптерді сәйкестендіру қабілеті.
- Жеке, еңбек және қоғамдық өмірдегі талаптар мен шектеулерді сақтау, өз дағдыларын және білім алушыларды әлеуметтендіруді, өмірлік жоспарларды таңдау және іске асыру сияқты табысты дамытуды игеру.
- Өндірістегі еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау мәселелерін анықтау, жоғары техногенді қауіп аймақтарын және жұмыс ортасының жоғары ластану аймақтарын анықтау, еңбекті қорғау және гигиена саласы бойынша салалық спецификацияны ескере отырып білім беру стандарты негізінде оқыту бағдарламаларын дайындау, қауіпсіздік және тұрақты дамуды бағалау және модельдеу әдістерімен қамтамасыз ету, табиғи және техногенді жүйелерде өтетін әртүрлі үрдістердің дамуын болжау бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлей білу.
- OHSAS 18001 Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесін және өндірістегі еңбекті қорғау және гигиена саласындағы сертификатталған мемлекеттік курстарды зерделеу негізінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін шешу қабілеті.
- Персонал мен халықты авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың ықтимал салдарларынан қорғау жөнінде шешімдер қабылдау; еңбек гигиенасы мен еңбек қорғау саласындағы қауіпті үрдістерді модельдеу және құрылатын жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеті.
- Өндірістегі еңбек гигиенасы және еңбекті қорғау бойынша әдістемелік және нормативтік материалдарды, техникалық құжаттаманы әзірлеу, белгіленген ұлттық және халықаралық талаптарды, қолданыстағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру қабілеті.
- Қазақстан Республикасының стандарттары мен халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жаңа техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу және адамға зияндар мен қауіптердің әсерін барынша азайту үшін ұйымда сапа менеджменті, еңбекті қорғауды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйелерін жетілдіруге қатысу қабілеті.
- Әртүрлі еңбек жағдайларында білім мен дағдыларды жетілдіру мақсатында инженерлік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды, ұйымдастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан өнеркәсіптік қауіпсіздікке, технологиялық үрдістерге және жабдықтарға мониторинг жүргізу қабілеті.
- Өндірістегі еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың инженерлік-экономикалық есептеулерін жүргізу, жобалау құжаттамасын оқу және іс-шараларды жобалауға арналған тапсырманы сауатты құрастыра білу; даярлық деңгейін бағалау үшін тыңдаушылардың алдын ала біліктілігін (аттестаттау) сараптау және оқыту мен алдын ала біліктілік нәтижелері бойынша құжаттаманы ресімдеу және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стейкхолдерлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Ұқсас БББ
7M11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
7M11201-1 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінін қауіпсіздігі
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
7M11201 Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік
Қарағанды индустриялық университеті
7M11201 Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау (бейіндік 1,5ж)
Логистика және көлік академиясы (ЛжКА)
7M11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
7M11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Торайгыров университеті
7M11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)
7M11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M11201 Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ)
7M11201 Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
7M11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
7M11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті